Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі. Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті. -

Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі. Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 11145 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақ тақырыбы: §72.Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі. §73.Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.
1. Оқушыларға көлбеу жазықтық, механиканың алтын ережесі, толық жұмыс, пайдалы жұмыс, ПӘК-і туралы түсінік беру .
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білу дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?
2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?
3. Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ма?
4. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс ісьей ала ма?
5. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?
6. Жай механизмдер дегеніміз не?
7. Жай механизмдердің түрлері қандай?
8. Жай механизмдер жұмыстан ұтыс бере ме?
9. Иіндікті не үшін қолданады?
10. Блок деген не?
11. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Күштен ұтыс беретін қарапйым механизмге көлбеу жазықтық жатады.


яғни
немесе

Көлбеу жазықтықтың бойымен денеге әрекет ететін тарту күші оның ауырлық күшінен неше есе кем болса, көлбеу жазықтықтың ұзындығы оның биіктігінен сонша есе артық болады.
Механиканың алтын ережесі: күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.
Механиканың алтын ереесінің иіндіктер үшін орындалатынын көрсетейік.

Иіндік бұрылған кездегі күштердің істейтін жұмыстары: және
Иіндіктің сол жақ ұшінің потенциалдық энергиясы белгілі бір шамаға өссе, оң жағының потенциалдқ энергиясы сондай шамаға кемиді. Сондықтан
Ендеше


Механизмдердің өздерін қозғалысқа келтіретін жұмыс жалпы немесе толық жұмыс делінеді.
Механизмдердің басқа денелерді қозғалысқа келтіретін жұмысы пайдалы жұмыс деп аталады.
Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициенті деп пайдалы жұмыстың толық жұмысына қатынасын айтады:


IV. Пысықтау.
1. Көлбеу жазықтықтың формуласы қалай жазылады?
2. «Механиканың алтын ережесі» қалай оқылады?
3. «Механиканың алтын ережесі» барлық механизмдер үшін орындала ма? Мысал келтіріңдер.
4.Жалпы жұмыс пен пайдалы жұмыстың айырмашылығы анықталады?
5. Мәңгі қозғалтқыштар жасау мүмкін бе?
V. Есептер шығару. В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы,№554, №555, №556.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: §72. §73. 19-тапсырма.

7-сынып.
Есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
• Оқушылардың «Жұмыс.Қуат.Энергия» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
• Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
• Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы, Р.Башарұлы, Ж.Бақынов. Дидактикалық материалдар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару.
№439. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтерген күштің жұмысын анықтаңдар.
№440. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?
№453. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?
№475. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?
№476. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.
№481. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамды тартып келе жатыр. Осы құраммен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?
№490. Жүк көтеруші машинаның қуаты 4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке 2 минут ішінде көтере алады?
№504. Иіндіктің ұштарына 40 Н және 240 Н күштер әсер етеді. Кіші күш ілінгенге дейінгі тірек нүктесінің қашықтығы 6см. Егер иіндік теңгерілген қалыпта болса, иіндіктің ұзындығын табыңдар.
№513. Тепе-теңдік күйдегі иіндіктің иіндері сәйкес 15 және 90 см-ге тең. Иіндікке түсетін күш 1,2Н. Үлкен күштің мәнін табыңдар.
№8. Қатаңдығы 1,5∙105 Н/м серіппені серпімділік күшінің әсерінен 2 см-ге ұзартса, серіппенің потенциалдық энергиясы қандай болады?
№10. Массасы 50 тонна реактивті ұшақ Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен қозғалса, оның кинетикалық энергиясы қандай болады?
IV.Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың жұмысын тексеру.
VI. Қорытындылау.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: №7 зертханалық жұмысқа дайындық.

7-сынып
Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н анықтау.
Жұмыстың мақсаты: денені h биіктікке көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.
Құрал-жабдықтар: тақтай, динамометр, өлшеуіш таспа, ағаш білеуше, штатив.
1-тапсырма. Денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.
Жұмыстың барысы: денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді: А1=F1h.
Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F дененің ауырлық күшіне тең: F1=P.
Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:
1. білеуді көтеретін h биіктігін таңдап алыңдар;
2. білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;
3. білеуді h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.
2-тапсырма. Денені көлбеу жазықтық бойымен h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы ℓ көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1< F2), оның есесіне жлдан ұтыламыз (ℓ >h). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2=F2. ℓ
«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір-біріне тең: А2= А1немесе F1h=F2. ℓ
Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А1< А2.
1) тақтайды 175-суреттегідей көлбеу орналастырыңдар;
2) көлбеу жазықтықтың ℓ ұзындығын өлшеңдер;
3) білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар да, F2 тарту күшін өлшеңдер;
4) білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.
3-тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін анықтау.
Жұмыстың барысы.
Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-і пайдалы А1 жұмысты толық А2 жұмысқа бөлгенге тең:
η= А1/ А2 немесе пайызбен есептесек: η= А1/ А2•100%
ПӘК-ін табу үшін:
1. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н есептеңдер;
2. Механиканың «алтын ережесін» пайдаланып, үйкеліс есепке алынбаған жағдайда, көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелген F2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген F2 мәнін салыстырыңдар,
3. Көлбеу жазықтықтың h биіктігін өзгертіңдер де, істелген жұмыстарды(пайдалы және толық) және көлбеу жазықтық ПӘК-н анықтаңдар;
4. Зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер:

реті Көлбеу жазықтықтың бойымен тарту күші, F2(Н) Ауырлық күші, F1(Н) Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс А2=Ғ2 (Дж) Көлбеу жазықтық
тың ұзындығы, ℓ(м) Көлбеу жазықтықтың биіктігі,h
(м) Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс,
А1=F1h.
ПӘК
(%)


5. Қорытындылау.
6. Бағалау.

7-сынып.
Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: иіндіктің тепе-теңдік шарттарынын анықтау
Мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.
1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
1. Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталау;
2. Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;
3. Иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе –теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ℓ2 ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:

Масса, m1(г) Иін, ℓ1(см) Күш,
F1 (Н) Күш моменті,
М1 (Н•м) Масса,
m 2 (г) Иін, ℓ2(см) Күш,
F2 (Н) Күш моменті,
М2 (Н•м)


4. М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М1-М2) олардың орташа мәніне бөлу керек:
Ауытқу= (М1-М2): (М1+М2)/2•100%
2-тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
1. Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңдер;
2. Иіндікті сағат тілінің бағытында айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын табыңдар:
Моң= М1+М2+...+Мn;
3. Иіндікті сағат тіліне кері бағытта айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын анықтаңдар;
Мсол= М1+М2+...+Мк;
4. Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте
алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.
5. Қорытындылау.
6. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.