Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы. -

Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4536 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.
Сабақ жоспары.
Кажгалиева Набира Талгатовна
Зеленов ауданы, Озерный ауылы
Киров негізгі мектебі
Физика пәні мұғалімі
7- сынып


Сабақ тақырыбы: Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.
1. Оқушыларға энергия, жұмыс пен энергия арасындағы байланыс, энергия түрлері, бірліктері туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа жүйелі білім алуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақ әдісі: СТО технологиясы
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайд, тақырыпқа байланысты видеоролик
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, табиғат ғылым салалары

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Сәлемдесу.
• Оқушыларды түгендеу,сыныптың гигиеналық тазалығын қадағалау, оқу құралдарын тексеру;

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
• Істелген нақты жұмысты қандай формуламен есептейді? Формула қалай оқылады?
• Қандай жағдайда жұмыс істеледі деп айтуға болады? Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, онда механикалық жұмыс атқарыла ма?
• Дене қозғалыста болып, оған күш әсер етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме?
• Қуат ұғымы неліктен енгізілген?
• Қуатты қалай есептеуге болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.
• Венн диаграммасы
• Кубизм
• Бес жол өлең

І. Қызығушылықты ояту
Өткен тақырып, яғни үй тапсырмасы бойынша топтама жасау арқылы жаңа сабақтың тақырыбына көшу.

Күштің атқарған ісі дене әрекеті Джоуль (Дж)

Энергия

Физикалық шама

Механикалық жұмыс күш, Қуат

ІІ. Мағыныны тану.
Жаңа сабақты хабарлау.
Физикада «энергия» ұғымы дене қозғалысымен тікелей байланысты. Энергия жер бетіндегі тіршілік көзі. Энергия өте күрделі физикалық ұғымдар қатарына жатады.
Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін механикалық энергия деп атаймыз.

Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.
Яғни, дене жұмыс істеуге қабілетті болса, онда оның энергиясы бар деп айтады. Энергияның белгіленуі Е.

Потенциалдық энергия (латынша потенция – мүмкіншілік) деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.

Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия(грекше кинетикос – қозғалыс) деп аталады.
Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.

Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:
Яғни осы потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы механикалық энергия деп аталады.
W= Ek+ Ep

Жоғарыда аталып өткен ережелер мен формулаларға қарай отырып есептер шығарамыз.
ІІІ. Венн диаграммасы.

Ұқсастығы

IV.Бес жол өлең.

1. Зат есім. Не?
2. Сан есім. Неше?қанша?
3. Сын есім. Қандай?
4. Етістік. Не қылды, не істеді?
5. Тақырыптың синонимі немесе зат есімнің синонимі.
Қысқашаа жауап мына түрде болады.
Механикалық энергия. Екі түрі бар. Потнециалдық жіне кинетикалық. Дененің жұмыс істеу қабілетін анықтайды. Механикалық энергия немесе жұмыс, қозғалыс.
Яғни оқушылар міне осы бес жол өлең сртатегиясы бойынша білген, түсінген білімімізді қорытындылаймыз.

Қолданылуы.
Энергия жалпы тіршілік көзі. Яғни энергияны қазіргі заманда барлық өндіріс саласында пайдаланып келеді. Тұрмыста органикалық отын (тас, көмір, мұнай, газ, ағаш т.б) туралы мәселе көп кездеседі. Осы энергия көздері арқылы адамзат күнкөрісі жақсаруда. Бірде бір техника энергиясыз қозғғалысқа келіп жұмыс істей алмайды.

VІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.
Толтырып келу.

Бұрыннан білемін! Мен үшін жаңалық. Білгім келеді.
• .

Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.