Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сұйықтар мен газдарың қозғалысы. -

Сұйықтар мен газдарың қозғалысы.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1993 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы,
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп – гимназиясының
жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі
Гүлнар Мәкітайқызы Ашкербекова

Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдарың қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сұйықтар мен газдарың механикалық қасиеттерін, олардың және олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын жан-жақты сипаттау.
Дамытушылық: Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін (тәндік, когнитивті, психо-әлеуметтік) дамыту.
Тәрбиелік: Теориялық білімін практикамен еркін ұштастыруда ұйымшылдықпен жұмыс істей алатын, кәсіби мамандыққа икемді азамат тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды назарда ұстау.
Түрі: Коучинг сабақ.
Типі: Топпен жұмыс
Оқытудың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, схемалармен жұмыс, сәйкестендіру, іздену, талдау, шығармашылық еңбегін қорғау.
Сабақтың ұстанымы: «Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық». М.В.Ломоносов.
Пайдаланған технология: Интерактивті оқыту технологиясы – оқу-танымдық, коммуникативтік-дамытушылық, элеуметтік-бағдарланушылық міндеттерді шеше отырып, оқушы өз еңбегінің табысты болатынын сезетіндей, зияткер болатынына сенетіндей оқытуға жайлы жағдай туғызу.
Көрнекілік:Интерактивті тақта, компьютер, флипчарт, слайдтар, сызбалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Гидроаэромеханика – сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысын және олардың ішіндегі қатты денелер қозғалысын зерттейтін физиканың бөлімі. Әуе және су көлігінің, зымыран техникасының дамуы физиканың осы бөлімімен байланысты.

ІІ. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1-топ. Гидромеханика.
2-топ. Аэромеханика.
3-топ. Гидроаэростатика.
ІІІ. Топтардың өзін-өзі таныстыруы.
1-топ. Гидромеханика.
Армандарға қол созумен келеміз,
Білім – теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
«Гидромеханика» тобына қол соғыңыз.
2-топ. Аэромеханика.
«Аэромеханика» биіктерде шарықтасын,
Жеңісіміз көк аспанда қалықтасын.
Жалын оты кеудемізде алауласын,
Жеңісті бізден ешкім ала алмасын!

3-топ. Гидроаэростатика.
Шығып жүрген жақсы аты,
Жиналған ылғи дарындар.
Жүректе от, көздерінде жалын бар
«Гидроаэростатика» тобын
Қол соғып қарсы алыңдар!

ІҮ. «Алтын ереже» қабылдау:
1. Бірлесе жұмыс жасау;
2. Қысқа және нақты көтеріліп отырған мәселе бойынша сөйлеу;
3. Бірін – бірі сыйлау, сөздерін бөлмеу;
4. Уақытты бағалау;
5. Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарау.

Ү. Бекітілген регламент

Тапсырмалар Әр топқа бөлінген уақыт Жалпы уақыт
Таныстыру 1 минут 3 минут
І-айналым Бағыңды сынап көр»
1. Постерге дайындық
2. Постерді қорғау

3 минут
2 минут

9 минут
6 минут
ІІ-айналым
«Сырлы сауалдар»
2 минут
6 минут
ІІІ-айналым
«Кім жүйрік»
4 минут
12 минут
ІҮ-айналым
«6 ойлау қалпағы»
2 минут
6 минут
Қорытындылау 3 минут

ҮІ. Әр топ белсенділерінің міндетімен таныстыру:
Суретші – сурет салады.
Баяндамашы – постер қорғайды.
Бақылаушы – топ жұмысын бақылайды.
Интервьюер – сұрақ дайындайды.
Таймкипер – уақытты бақылайды.
Инженер – практикалық іс-әрекетті жасаушы.

ҮІІ. І-айналым «Бағыңды сынап көр» Ресурсты тарату. Әр топ өз топ аттарына байланысты тақырыптарын қорғап, постерге түсіріп,тапсырмаларды орындап, практикалық жұмыстарын қорғайды.

ҮІІІ. ІІ-айналым «Сырлы сауалдар» әр топ қарсы топқа қызықты сауалдарын жолдайды.

ІХ. ІІІ-айналым. «Кім жүйрік» Әр топқа есептер:

1. Құбыр бойымен мұнай 0,8 м/с жылдамдықпен ағады. Мұнай шығыны 2•10³т/сағ-ты құрайды. Құбырдың радиусын анықта.

2. Горизонталь құбырдың кең бөлігіндегі су 1,5•10⁵ Па қысым кезінде 0,08 м/с жылдамдықпен ағады. Құбырдың тар жеріндегі қысым 1,4•10⁵Па. Құбырдың тар жеріндегі жылдамдықты табыңдар.

3. Құбырдың кең жеріндегі судың ағыс жылдамдығы 10 м/с. Диаметрі осыдан 4
есе тар жеріндегі судың ағыс жылдамдығы қандай?

Х. ІҮ – айналым. Эдвард де Боно «6 ойлау қалпағы»
Ақ – фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру.
Қызыл – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.
Қара – негативті ойлау.
Сары – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар.
Көк – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді, қорытындылайды.

Х. Әр топтың жұмысы бағаланады.

Топтың аты І-айналым «Бағыңды сынап көр» ІІ-айналым «Сырлы сауалдар» ІІІ-айналым. «Кім жүйрік» Қорытынды
ұпай
Гидромеханика.

Аэромеханика.

Гидроаэростатика.

ХІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты мазмұндау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.