Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Термодинамика негіздері тақырыбына есептер шығару -

Термодинамика негіздері тақырыбына есептер шығару

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5032 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пәні: Физика
Сыныбы: 10 «ә»
Уақыты: 10.12.14ж
Сабақтың тақырыбы: Термодинамика негіздері тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
- Жылулық құбылыстар, дененің ішкі энергиясы ұғымын беру және ішкі энергияның өзгеру жағдайларын қарастыру және термодинамикалық жұмыс, термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану тақырыптарына есептер шығаруға үйрету
- Ішкі энергияның өзгерісін анықтауда оқушының байқағыштық, танымдық, қырағылық және есте сақтау қабілеттерін, теориялық білімі мен физикалық тілін дамыту.
- Оқушыларды алғырлыққа, зеректікке баулу және жылу алмасудың адамзат өмірінде физикалық құбылыс ретінде атқаратын ролін ашып беру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: топтық ізденіс
Сабақтың әдіс-тәсілі:топтық жұмыс, сұрақ-жауап, постер қорғау, есептер шығару
Пәнаралық байланыс: химия, география,математика, астрономия
Көрнекіліктер: слайд, суреттер, семантикалық карта, есептер, постер
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Постер қорғау
ІІІ. Есептер шығару
ІV. Семантикалық карта
V. Үйге тапсырма. Бағалау.
VІ. Қорытынды
І. Ұйымдастыру бөлімі
- сынып тазалығы;
- сыныпты түгендеу;
-сыныпты топқа бөлу;
- бағалау парағын үйлестіру
ІІ. Постер қорғау
1-топқа: Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері
2- топқа: Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс
3- топқа: Термодинамиканың І заңын изопрцестерде қолдану
Ішкі энергия:
Ішкі энергия -(2) (1)-бір атомды газдың ішкі энергиясы (2)-екі; (З)-үш Сүйтіп ішкі энергия молекулаларынң еркіндік дәрежесіне байланысты
Ішкі энергиянын өзгеру тәсілдері А*- Сыртқы кұштің атқарған жұмысы А - газдың атқарған жұмысы
Термодинамитканың 1 -Заңы
1. М. Ломоносов үйкелісте қолдың қызатынын байқаған.
2. Б.Румфорд зембірек жасайтын заводта бұрғамен жұмыс істегенде темір қызады.
3. Дэви 1799 екі мұзды бір-біріне үйкелдіріп суға айналдырған.
4. Роберт Майер кеме дәрегері 1840ж арал Явада штормдан кейін су қызығанын байқаған.
Изохоралық процесс.

Изохоралық процесс кезінде газға берілетін энергия:

Тұрақты көлемдегі газдың меншікті жылу сыйымдылығы:

Изохоралық процесс кезіндегі берілген жылу мөлшері:

Бір атомды идеал газ үшін:


Изобаралық процесс.
Изобаралық процесс үшін термодинамиканың бірініш заңы:

Изобаралық процесс кезіндегі берілген жылу мөлшері:

Бір атомды идеал газдың меншікті жылу сыйымдылығы:

Сонда изобаралық процесс кезінде берілген жылу мөлшері:

Екі атомды идеал газбен жұмыс істесек:

Изотермиялық процесс.

Изотермиялық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы:


Газдың осы процестегі жылу сыйымдылығы шексіздікке тең.
Идеал газдың изобаралық және изохоралық процестеріндегі меншікті жылу сыйымдылықтарының арасындағы байланыс:


-тұрақты қысым кезіндегі мольдік жылу сыйымдылық.
-тұрақты көлем кезіндегі мольдік жылу сыйымдылық.
-Майер формуласы.

ІІІ. Есептер шығару

1- Топқа:
№1. 127 0С температурадағы массасы 4г гелийдің ішкі энергиясы неге тең? (М(Не)=4*10-3 кг/моль) U=3mRT/2M= 3*4*10-3*8.31*400/2*4*10-3=4986Дж
№2. Бір атомды идеал газдың 2 молін 50 К-ге қыздырған. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі? (R=8,31 Дж/моль ) U= 3*νRT/2= 3*2*8.31*50/2=1246.5Дж
№3. T=300 K температурадағы массалары m1=20г гелий мен m2=10г неоннан тұратын қоспаның ішкі энергиясын табыңдар U1= 1869.75Дж U2= 18697.5Дж U= U1+ U2= 20567.25= 2.1*104 Дж
2- Топқа:
№1. Циклдік процесс нәтижесінде, газ 100Дж жұмыс атқарып, тоңазытқышқа 400Дж жылу берді. Циклдің пайдалы әрекет коэффициетін анықтаңдар. ή = A/ Q= 100/400= 25 %
№2. 500 г темір кесегін -100С-тан +100С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 780Дж/кг0С) Q= c*m (t2-t1 )= 780*0.5*20=7800Дж
№3. t= 270C температурада бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы U=15кДж. Осы газ молінің мөлшерін анықтаңдар ν= 2*U/3RT= 2*15*103/3*8.31*300=4 моль
3- Топқа:
№1. Газдың 800 молін 500 К-ге изобаралық қыздырған. Газдың жұмысын анықтаңыз? (R=8,31 Дж/моль ) = 5*800*500*8.31/2=831*104 Дж
№2. Массасы 4 кг гелийді 100 К-ге изохоралы қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін және газдың жұмысын анықтаңыз? ( М=4*10-3 кг /моль); A=0. Q= U= 3*4*100*8.31/2*4*10-3= 1246.5кДж
№3. Баллонда T=300К температурадағы m=5кг аргон бар. Газдың ішкі энергиясы неге тең? U= 3mRT/2M=3*5*8.31*300/2*40*10-3= 467кДж
ІV. Семантикалық карта

Сұрақ Идел газдың ішкі энергия Изотер.пр үшін термодинамик І заңы Изохор.пр үшін термодин І заңы Изобар.пр
үшін термодин І заңы Майер формуласы Термодинамиканың І заңы Термодинамикалық
жұмыс Менш
жылу
сыйым

+ +

+


+

+

+
+ +
+

+

Деңгейлік топтардың белгіленуі А – тобы Б – тобы С – тобы
Аталуы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы
Жылу мөлшері Q Дж Q=cm( t2 – t1 )
Дененің массасы m кг m= Q/c( t2 – t1 )
Бастапқы температура t1 ° С t1 =t2 -Q/cm
Ақырғы температура t2 ° С t2 =Q/cm+t1
Меншікті жылу сыйымдылығы c Дж/кг*° С c=Q/m*t2 – t1
Температура өзгерісі t ° С t=Q/cm
Абсолют температура T К T=Q/cm

V. Үйге тапсырма. Бағалау.
- тақырыптарды қайталап оқу;
- есептер жинағынан № 2.335;2.336;2.337
№ Оқушы аты-жөні Постер қорғау Есептер шығару Семантикалық карта Жинаған балл Бағасы





VІ. Қорытынды
1) Термодинамика дегеніміз не?
2) Ішкі энергия дегеніміз не?
3) Термодинамиканың бірінші заңы?
Кері байланыс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.