Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы. -

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3122 | Размер: | Автор: гость
. 8-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§41,42. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы.
Сабақ мақсаты:
1. Электр тізбектері туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, токтың жұмысы, қуаты олардың бірліктері, Джоуль-Ленц заңы туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, ток көзі, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, электр шамдары, кілт.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткәізгіш тұйық электр тізбегін жасайды.
Электр құрылғыларын тізбектей қосу.
г ь

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
U=U1+U2+U3+…
I1=I2=I3=…
R=R1+R2+R3+…

Электр құрылғыларын параллель қосу.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
I=I1+I2+I3+…
U1=U2=U3=…
1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…



А-электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс,
q – заряд;
U –кернеу.

Электр тогының жұмысы –ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
ХБЖ-де электр тогының жұмысы 1Дж=1Аּ1Вּ1с.

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.



ХБЖ-же қуат бірлігі 1Вт.
1Вт=1Аּ1В.

Өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады; өткізгіштің кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.
Джоуль-Ленц заңы:
Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадартына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады:

IV. Есептер шығару. 20-ж. №1, №3, №
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §§41,42. №2, №4, №6.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.