Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы. -

Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1673 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Физика. 7 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың таным қабілетін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, әдептілікке баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, Паскаль шары, слайдтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
І жарты-жылдық бойынша өтілген тақырыптар бойынша
қайталау сұрақтарына жауап беру:

• Зат құрылысы, зат неден тұрады?
• Диффузия және температураға тәуелділігі
• Заттың күйлері, қасиеттері, молекулалық құрылысы
• Механикалық қозғалыс, оның түрлері.
• Материялық нүкте. Жол және орын ауыстыру.
• Заттың тығыздығы.
• Күш. Күштің түрлері. Күшті өлшейтін аспап.
• Деформация, оның түрлері. Гук заңы
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Кіріспе: Слайдтан суреттер көрсете отырып, қысым ұғымын енгізу

Қысымның анықтамасын, жазылу өрнегін, SI жүйесіндегі өлшем бірлігі/слайд/
Анықтамасы: жазылу өрнегі: өлшем бірлігі:
Белгілі бір бетке
перпендикуляр
түсетін күш
әрекетінің нәтижесін
сипаттайтын шаманы =
қысым деп атайды

Қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің молекулалық құрылысындағы айырмашылықты түсіндіре отырып, заттың үш күйі арқылы қысымның берілуін түсіндіру /слайд/

Қысымның берілуіне мысалдар қарастыра отырып, оқушылардың ойын қорыту.:/слайд/



Молекулалардың еркін қозғалуынан сұйықтар мен газдарға түсірілген
қысым, барлық бағытта бірдей беріледі!
Паскаль шарының жұмысын көрсету./слайд/
15-жаттығудан есептер шығару
Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға арналған логикалық есептер:

IV. Сабақты қорытындылау

V. Оқушыларды бағалау
VI.Үйге тапсырма §33,34 /132-136 бет/ 15-тапсырма

Мұғалім туралы мәлімет:

Орынгалиева Сауле Утаровна
Физика, информатика пәнінің мұғалімі
Санаты: І
Білімі: жоғары
БҚО
Теректі ауданы
Сарыөмір аулы
Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.