Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері. -

Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3653 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Келісілген» «Бекітемін»
Маңғыстау облыстық Маңғыстау облыстық медицина
ТжКББ оқу-әдістемелік колледжі МКҚК директоры
Кабинетінің директоры _________ Т.Тұрарбекұлы
____________Камашева Р.Г. «_____»__________2014ж
«_______»____________2014ж

Әдістемелік күнге арналған
ашық сабақ жоспары

Пән: Физика
Тақырыбы: «Жарықтың қасиеті. Жарықтың биологиялық әсері»
Оқытушы: Берсиева М.Е.

Жаңаөзен-2014ж.
Сабақтын жоспары №
Тақырыбы: Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері.
Сабақтың мақсаты: Жарықтың толқындық, корпускулалы қасиеттерін, яғни интерференция, дифракция құбылыстарын, жарықтың биологиялық әсерін, қолданылуын меңгерту
Сабақтын тәрбиелік мақсаты: отансүйгіштік, ұқыптылық пен нақтылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтын дамытушылық мақсаты: физикалық құбылыстарды пайымдау қабілетін, оптикаға деген қызуғышылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың әдісі: Симпсон, Блум домендерінің элементтері: интерактивті, түсіндірмелі-иллюстративтік, салыстыру, талдау, фронтальды сұрау, оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс.
Сабақтың ұзақтығы: 45 мин
Сабақтың көрнектілігі: презентация, үлестірмелі материал, бейнематериал, компьютер
Пән аралық байланыс: математика, информатика, балалар аурулары, физиология, биология

Сабақтың хронокартасы
Ұйымдастыру кезеңі /3 мин/
Қайталау кезеңі /13 мин/
Ауызша, тақтада жауап: схема, есеп/ 7мин/
«Раіпt», «Power Point», «Word» редакторында тапсырма /10/
«Физикалық карта» /3 мин/
Жаңа тақырыпты түсіндіру /12 мин/
IV. Сабақтың пысықтау кезеңі /12 мин/
Үлгі есеп /2 мин/
Фронтальды сұрақтар /7 мин/ ,
Шығармашылық жұмыс: дифракциялық тор жасау,
«Жарық қасиеттері» сатысы /3/
V. Сабақты қорытындылау кезеңі: / 5мин/
Бағалау. / 3 мин/
Үйге тапсырма /2 мин/
Сабақтың құрылымы
/Анатомиялық кластер әдісі/
Әр кезеңде адам мүшелерін реттілігіне қарай жинақтап оқушылар кезеңдерден өткен кезде осы мүшелер суреті беріледі, олар оны өз кластерлеріне жапсырып отырады.





Сабақтың барысы

І . Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Студент қатысы мен аудитория тазалығын тексеру тақтаға көрнекіліктерді іліп дайындау.
Студент бүгінгі сабағымызда Жарықтың қасиеттерімен танысып, биологиялық әсерін анықтаймыз. Сабақ барысында біз «Адам анатомиясы» кластер әдісі бойынша әр кезеңнен өткен сайын адам мүшелерін жинақтаймыз. Студенттерге Кластерлік парақ таратылады. Егер мақсат түсінікті болса, алдымен көру мүшелерін алып, параққа жапсырамыз. Алдымен дайындығымызды тексеріп алайық, яғни өткен тақырып бойынша білімдерімізді ортаға саламыз.
II. Қайталау кезеңі.
«Жарықтың таралуы, сыну, шағылу заңы. Толық шағылу құбылысы. Дисперсия» тақырыбы бойынша ауызша тақтада сұрау – 5 студент: 1 студент ауызша, 2 студент тақтада тірек-сызба сызу, 2 студент есеп шығару арқылы. 10 студент компьтерде: 5 студент «Раіпt», «Power Point» «Word» редакторларында шығармашылық тапсырма орындайды, 5 студент физикалық карта толтырады. Студенттерге «өкпе» беріледі.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Презентациядан жаңа тақырыпты түсіндіру, бейне материал арқылы меңгерту.
Презентация бойынша түсіндіру
Бейнематериал тамашалау
Конспектілеу
Студенттерге «жүрек» беріледі
IV Сабақтың пысықтау кезеңі Үлгі есеп бойынша шығару жолдарын түсіндіру. Фронтальды бақылау сұрақтары арқылы пысықтау, шығармашылық жұмыс арқылы (3 студент дисперсия, дифракция, интерференция) бекіту.
Үлгі есепті оқытушы тақтада көрсетіп, талдайды
Фронтальды сұрақтар жауаптары айтылады,
Шығармашылық жұмыс: дифракциялық тор жасайды,
«Жарық қасиеттері» сатысын орындайды.
Студенттерге «бауыр» беріледі.
V Сабақты қорытындылау кезеңі: Қайталау, пысықтау кезеңі бойынша жеке оқушылардың бағасын бағалау парағы бойынша қорытындылап, «Рефлексия» көңіл күй белгілерімен (смайликтер) бағалау: «ұнады, барлығын түсіндім», «ұнады, қызықтырған сұрақтар бар?» « ұнаған, жоқ, түсінбедім». Рефлексиядан соң студенттерге «бүйрек» беріледі. Және кластер парағында мүшелердің толық болуы – 5, егер бір мүше жетпесе – 4, 2 және одан көп мүше жетпеген жағдайда – 3 деп бағаланады.
Бағалау.
Үйге тапсырма «Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері.» тақырыбы, 1046, 1047, 1048 есептер /Рымкеевич/
Венн диграммасы бойынша талдау
«Жарықтың медицинада қолданылуы» тақырыбында ақпарат жинау.
Әдебиеттер:
Оқулық:
Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б … Өңд., толыкт. 2-бас. /Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009 ж
Физика есептерінің жинағы. /А.П.Рымкевич, Алматы «Мектеп», 2007 ж
Қосымша әдебиеттер:
Полатбеков П., Оптика, А., 1981.
В.Фриш «Физика курсы» ІІ-бөлім 1984

Үй тапсырмасы
Есептер, шығарылуы

1014, Рымкевич.

Күннің көкжиектен биіктігі 250 болса, оның судағы кескіні жағаға 80 см жақындау үшін адам қанша еңкеюі (көз деңгеін төмендетуі) тиіс екендігін анықтаңдар.

Берілгені: ∆l=80 см =0,8 м Шешуі: ∆h=∆l∙tgα
α=〖25〗^0 ∆h=0,8 ∙tg 〖25〗^0=0,8∙0,46=0,368м=37 см
Табу керек:∆h-?

Жауабы: ∆h=37 см

1017, Рымкевич

Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жврық жылдамдығын есептеп шығарыңдар.
Берілгені: с=3∙〖10〗^8 м/с Шешуі: v=c/n
n=2,42 v=( 3∙〖10〗^8)/2,42=1,24∙〖10〗^8 м/с
Табу керек:v-?

Жауабы: v=1,24∙〖10〗^8 м/с

1018, Рымкевич

Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдығын есептеңдер.
Берілгені: n_1=1,36 Шешуі: v_1/v_2 =n_2/n_1
n_2=1,63 n_2/n_1 =1,63/1,36=1,2
Табу керек:v-?

Жауабы: спиртте 1,2 есе көп

Тірек-сызба № 1, №2, №3

Қайталау кезеңі: Үй тапсырмасына берілген тақырып
Тірек-конспектісі




sinα/( sinγ)=n_2/n_1 =n

sin⁡〖α=sinβ〗







«Раіпt», «Power Point», «Word» редакторларында тапсырма
Ескерту: презентация екі слайдтан тұрады
«Power Point» редакторында түскен сәуле, шағылған сәулені кескінде. Түскен сәуле анықтамасын жаз.
«Раіпt» редакторында түскен, сынған сәулені кескінде. Сыну көрсеткіші дегеніміз не? Анықтамасы.(ауызша)
«Power Point» редакторында Ньютон тәжірибесінің схемасын сыз. Дисперсия дегеніміз не? Анықтама
«Раіпt» редакторында кемпірқосақтың суретін сал. Физикасын түсіндір (ауызша)
«Раіпt» редакторында «Тоқта» жол белгісін сал. Неліктен қызыл түсті екендігін түсіндір
«Раіпt» редакторында аспанның суретін сал. Неліктен көгілдір түсті екенін, бұлттар неге ақ екенін түсіндір.
«Раіпt» редакторында «Дөңес», «Дөңес-дөңес», линзаларды кескінде. Линза дегеніміз не?
«Раіпt» редакторында «Ойыс» «Дөңес-ойыс», «Ойыс-ойыс» линзаларды сал. Физикалық сипаттама бер.
Word редакторында сыну заңын жаз.
Word редакторында шағылу заңын жаз.

Физикалық карта
Толтырылуы керек терминдер:
дисперсия,
оптика,
фотометрия,
линза,
диоптрия
№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы
2 Мағынасы
3 Ашылған жылы
4 Кім ашты, енгізді
5 Қолданылуы

Физикалық карта жауаптары:

№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы дисперсия
2 Мағынасы шашырау
3 Ашылған жылы 1672
4 Кім ашты, енгізді Исаак Ньютон
5 Қолданылуы Заттық электрондық құрылымын анықтауда, сурет өнерінде

№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы оптика
2 Мағынасы көру
3 Ашылған жылы 17 ғасыр
4 Кім ашты, енгізді Негізін қалаушылар Ньютон, Гюйгенс
5 Қолданылуы Медицинада, техникада

№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы фотометрия
2 Мағынасы Жарық энергиясын өлшеу
3 Ашылған жылы 1936
4 Кім ашты, енгізді А.Гершун
5 Қолданылуы зерттеулерде

№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы Линза
2 Мағынасы Жасымық (чечевица)
3 Ашылған жылы б.з.д. 424 ж
4 Кім ашты, енгізді Аристофан
5 Қолданылуы Көзілдірік, микроскоп, телескоп, оптикалық құралдар

№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы Диоптрия
2 Мағынасы Линзаның оптикалық күші
3 Ашылған жылы б.з.д.1200 ж
4 Кім ашты, енгізді -
5 Қолданылуы оптикада

Жаңа тақырыпты меңгерту:
Тірек-конспект

,




Дәріс
Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері, қолданылуы
Жарық интерференциясы. Жұқа қабыршықтағы жарық интерференциясы.

Жарық бiр мезгiлде бiр емес бiрнеше көзден тарауы мүмкiн. Осылай әртүрлi жарық көзiнен шыққан толқындар бiр-бiрiмен қабаттасқан кезде қандай құбылыс байқалатынын қарастыралық. Кеңiстiктiң берiлген нүктесiне бiр мезгiлде екi жарық көзiнен шыққан толқындар келiп жетсiн делiк. Толқын теңдеулерi :
E1y=Emcos (ω - k1 r1 + φ1)
E2y=Emcos (ω - k2 r2 + φ2)
Мұндағы k1 = 2πn1/ λ және k2 = 2πn2/λ сәйкес толқындық сандар, ал n1 және n2 жарық тарап жатқан орталардың сыну көрсеткiштерi.
Қортқы тербелiстiң амплитудасы, ал

бастапқы фазасы. Амплитуданың өрнегiндегi Δ=n2r2 - n1r1 шамасын оптикалық жол айырымы деп атайды. Егер екi толқын да бiр оптикалық ортада тараса, онда n1=n2, ал одан Δ=|r2 - r1|, яғни оптикалық жол айырымы геометриялық жол айырымына тең.
Ендi екi жарық көзiнен шыққан толқындардың фазалар айырымы тұрақты болып қалсын делiк, яғни δ=φ1-φ2=const. Мұндай фазалар айырымы уақытқа қатысты өзгермейтiн жарық көздерiн когеренттi жарық көздерi деп атайды.
Ал бұл шарттардан жол айырымына қатысты мына шарттар шығады : Δ=mλ болғанда интенсивтiлiк максимальдi, ал Δ=(2m+1)•λ/2 болғанда интенсивтiлiк минимальдi. Және де ең маңыздысы бұл интенсивтiлiктiң мәндерi уақытпен байланысты өзгермейдi, яғни тұрақты интерференциялық сурет аламыз.
Мiне осылай когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн орнықты бейнесiн алу жарық интерференциясы деп аталады.

4.4 - сурет
Жоғарыда анықтағанымыздай орнықты интерференциялық суреттi алудың негiзгi шарты жарық көздерiнiң когеренттi болуы. Алайда, жарықтың шығуы жекелеген атомдарда өтетiн процесстермен байланысты болғандықтан, табиғи жарық көздерi бiр-бiрiне ешқашанда когеренттi болмайды. Сондықтан, әдетте интерференциялық суреттi бiр жарық көзiнен шыққан толқындарды екiге жiктеп, қайтадан қабаттастыра отырып алады.

4.5 - сурет
Оның мысалдары Френельдiң қос призмасы (4.4 - сурет), Ньютон сақиналары (4.5 - сурет) және жұқа қабыршықтағы интерференция (4.6 - сурет). Жұқа қабыршықтағы интерференцияны бiз сабын көпiршiктерiнiң немесе асфальттағы шалшық бетiне тамған майда түрлi-түстi болып құбылып тұратын дақ түрiнде байқаймыз. Мұның себебi қабыршыққа түскен жарық оның жоғарғы және төменгi беттерiнен шағыла отырып, бiр-бiрiмен қабаттасып интерференцияланады.

4.6 - сурет
Интерференция құбылысы әртүрлi зерттеу жұмыстарында өте дәл өлшеулер жүргiзуге мүмкiндiктер бередi. Себебi, мұндай өлшеулер кезiнде жарықтың толқын ұзындығымен шамалас болатын өте аз өзгерiстiң өзi интерференциялық суретте өлшеуге болатын елеулi ығысуларға алып келедi. Интерференция құбылысын пайдалана отырып өлшеулер жүргiзуге арналған құралдарды интерферометрлер деп атайды. Алғашқы жасалған мұндай құралдардың бiрi Майкельсон интерферометрi. 1887 жылы А.Майкельсон және Э.Морли осы құралдың көмегiмен "жарықтың жылдамдығына Жер қозғалысының әсерi бола ма?" деген сұраққа жауап iздеген әйгiлi тәжiрибесiн жасады. Эйнштейннiң салыстырмалы теориясын жасауда бұл тәжiрибенiң шешушi роль атқарғаны ғылым тарихынан белгiлi.

Жарық дифракциясы. Дифракциялық тор
Жарық дифракциясы деп жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен кедергiлердi орап өту қабiлетiн айтады. Дифракция құбылысы жарықтың толқындық қасиетiнiң айқын дәлелi болып табылады. Бұл құбылыс геометриялық оптика заңдылықтарының қай кезде бұзылатындығына нұсқайды.
Дифракцияның сандық теориясы, яғни бұл құбылыстың әсерiнен экрандағы жарық интенсивтiлiгiнiң өзгерiп таралуын түсiндiру Гюйгенс-Френель принципiне негiзделген. Бұл принцип былай дейдi :
1. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi өз кезегiнде жаңа толқын көздерi болып табылады
2. Бұл жаңа толқын көздерi бiр-бiрiне когеренттi. Ал кеңiстiктiң кез-келген нүктесiндегi жарықтың интенсивтiлiгi осы когеренттi жаңа көздерден тараған толқындардың интерференциясының салдары болып табылады.

4.7 - сурет
Гюйгенс-Френель принципi дифракциялық бейнелермен қатар жарықтың түзу сызық бойымен таралу себебiн де түсiндiредi.
Жарық дифракциясының бiр жарқын мысалы оның тар жолақ саңлау арқылы өткен кездегi дифракциясы. Бiрақ, бұл жағдайдағы дифракциялық суреттiң солғындау болуы оны нақтылы мақсаттарда қолдануда қиындықтар туғызады. Мұндай кемшiлiктер дифракциялық тор деп аталатын қондырғыда жоқ.
Дифракциялық тор деп бiр-бiрiне жақын, әрi параллель орналасқан тар жолақ саңлаулар жүйесiнен тұратын спектральдық құралды айтады (4.7 – сурет ). Мұндағы a - күңгiрт жолақтың енi, b – саңлаудың енi, ал d=a+b – дифракциялық тордың тұрақтысы деп аталады.

4.8 - сурет
Қазiргi кезде қолданылатын дифракциялық торлардың бiр миллиметрiне 2000–ға дейiн саңлаулар салынады. Гюйгенс-Френель принципiне сәйкес мұндай әрбiр саңлау өз кезегiнде жаңа когеренттi толқын көздерi болып табылады да бұл көзден туындылаған толқындар бiр-бiрiмен интерференцияланады. Егер дифракциялық торға перпендикуляр бағытта параллель жарық сәулелерi түсетiн болса, онда линзаның фокальдық жазықтығында орналасқан экранда қандай да бiр φ бұрышымен дифракциялық максимумдар байқалады. 4.8-суреттен көрiнiп тұрғанындай бұл максимумдар мынадай шарттарды қанағаттандырады
d sinφ = n λ (4.6)

4.9 - сурет
мұндағы n=0, 1, 2, … - бас максимумдар ретi деп аталады.
Дифракциялық торлар жарықты спектрлерге жiктеу үшiн, сонымен қатар жарықтың белгiсiз толқын ұзындығын анықтау үшiн де қолдаылады. Нақтылы зерттеулерде бiр өлшемдi торлармен қатар екi өлшемдi торлар да жиi қолданылады. Екi өлшемдi торлар деп жолақтарын бiр-бiрiне перпендикуляр орналастырып, беттестiрген екi жәй тордан тұратын жүйенi айтады. Мұндай жүйеден өткен жарық 4.9 – суреттегiдей болып дифракцияланады.

Жарықтың биологиялық әсері, қолданылуы

Фотобиологиялық процесстерге биологиялық маңызды қосылымдардың жарықты жұтуынан басталатын және физиологиялық реакциямен аяқталатын процесстер жатады.
Жарықтын әсерінен қозған молекуланың реакциялық қабілеттігіне бірқатар факторлар әсерлерін тигізеді. Реакцияға түсу қабілеті қозған электронның энергетикалық деңгейінің қалпына тәуелді. Бұл деңгей энергетикалық тосқауылдан өтуді қамтамасыз етеді. Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. Бірақ тек қана фотосинтез кезінде жарық сәулелердің энергиясы өнімдердің (глюкоза) химиялық байланыстарының энергиясы түрінде жинақталады, өйткені бастапқы заттармен (СО2 және Н2О) салыстырғанда олардың еркін энергиясының қоры молдау болады.
Барлық белгілі фотобиологиялық процесстер екі топқа бөлінеді: негативті (деструктивтік) және позитивтік (реттеуші) фотобиологиялық процесстер.
Негативті фотобиологиялық процесстердің ағзадағы екі түрі болады: фототоксикалық және фотоаллергиялық.
Фототоксикалық эффекттерге аллергиялық реакциялармен қатар жүрмейтін, терінің не көздің зақымданулары жатады.
Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті, фотопериодизм (тәулік және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми.
Позитивті фотобиологиялық процесстердің ағзадағы болатын түрлері:
Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті жатады.
Фотопериодизм – (тәулік және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми.
Тағы бір позитивті механизм – ультракүлгін әсерінен провитаминдерден Д витаминнің құрылуы.
Меланоциттер (меланоциты); (melanocyte, грек, melanos — қара, kytos - жасуша) — тері эпидермисінің негіздік (базальды) қабатында орналасқан өсінділі торшалар. Меланоциттер бояғыш зат — меланин пигментін бөліп шығарады. Ол адам терісінде қорғаныш қабатын түзеді.
Әр түрлі толқынды жарық сәулелерінің әсер ету сипаттамалары ерекше. Адамға көбінесе жарық аймағының үлкен жиынтығы өз әсерін тигізеді
Жарықтың интерференция құбылысы сонымен қатар әртүрлi беттердiң өңделу сапасын тексеруге, оптикалық құралдарда жарықтың әртүрлi линзалардың бетiнен шағылып, бейненiң сапасының төмендеуiн болдырмауға т.с.с. қолданылады
Дифракция құбылысына негізделген дифракциялық томография әдісі медицинада қолданылады.

Фронтальді (сілтемелі) сұрақтар:
Жарық деген не?
Қандай құбылыс интерференция деп аталады?
Когерентті жарық көзі дегеніміз не?
Қандай оптикалық құбылыс жарық дифракциясы деп аталады?
Фотосинтез дегеніміз не?
Негативті фотобиологиялық процестерді ата.
Позитивті фотобиологиялық процестерге қандай процестер жатады?

Фронтальді (сілтемелі) сұрақтардың жауаптары:

Жарық –
тар мағынада – көрінетін сәуле, яғни жиілігі 7,5 •1014 – 4,0 • 1014Гц аралығындағы адам көзі қабылдайтын электрмагниттік толқын;
кең мағынасында — қабылданатын сәулемен бірге спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл аймағындағы сәулелерді де қамтитын оптикалық сәуленің синонимі.
Когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн орнықты бейнесiн алу жарық интерференциясы деп аталады
Фазалар айырымы уақытқа қатысты өзгермейтiн жарық көздерiн когеренттi жарық көздерi деп атайды
Жарық дифракциясы деп жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен кедергiлердi орап өту қабiлетiн айтады
Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі.
Терінің не көздің зақымданулары, фотоаллергия жатады
Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті, фотопериодизм (тәулік және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми.

«Жарық қасиеті» сатысы

«Жарық қасиеті» сатысы жауабы:

Жарық

Қызыл – 5, жасыл – 4 , басқа жолдар - 3 деңгейіне сәйкес келеді.

«Рефлексия» көңіл күй белгілерімен (смайликтер) бағалау: «ұнады, барлығын түсіндім», «ұнады, қызықтырған сұрақтар бар?» « ұнаған, жоқ, түсінбедім».
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.