Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
АФРИКА  құрлығы -

АФРИКА құрлығы

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2224 | Размер: | Автор: munira
. АФРИКА құрлығы
(деңгейлік тапсырмалар 7-сынып бойынша )

Қ.І. Шаяхметова, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын
мамандандырылған дарынды балаларға арналған
мектептің география пәні мұғалімі Семей қаласы

Бүгінгі таңда ұстаздар алдында тұрған жауапты міндет – жан-жақты дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу және сапалы білім беру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артттырып, ой-өрісін дамыту үшін және меңгерген білімдерін байқап, білім деңгейлерін көтеру үшін оқушылардан деңгейлік тапсырмалар алынады. Мұнда берілген кейбір күрделі сұрақтар оқушыларды олимпиада сынақтарына алдын-ала дайындық ретінде қызмет жасайды.

1 деңгей
1. Мына сөйлемдерге анықтама беріңдер:
1) Африкадағы кеуіп қалған арналар.
2) Өзен арнасының су жылдам әрі құлап ағатын бөлігі, әдетте тау
жыныстары жуылып-шайылмайтын жерлерде пайда болады.
3) Ұзындығы мыңдаған шақырымға созылған ал, ені ондаған
шақырымнан жүздеген шақырымға жететін терең тектоникалық
жарықтар жүйесі.
4) экваторлық ормандардың қызыл-сары топырағы.
5) Африканың ең үлкен табиғат зонасы.
2. Тікұшақпен онтүстіктен солтүстікке дейін бүкіл Африка арқылы жол қанша уақыт алу мүмкін ( жылдамдық шамамен 200км/сағ)?.
3. Пайдалы қазбаларға ең бай (мұнайдан басқа) Африкалық мемлекетте қандай халықтар тұрады? Осы мемлекеттегі, Африкадағы барлық аңдардың түрлері жиналған ұлттық парк қалай аталады?

2 деңгей
1. Біріншісі алғашқыда солтүстік-шығысқа қарай ағып, содан кейін онтүстік-шығысқа, ал екіншісі алғашқыда солтүстік-батысқа қарай ағып, сонан соң онтүстік-батысқа қарай ағатын Африка өзендері қашан тасиды?
2. Жыл бойы ыстық және ылғалды табиғат зонадағы аңдарды атап шығындар
3. Артығын сызып таста және неге екенін түсіндір: малайлықтар, суахилдықтар, курдтар, масайлар, кхмерлер, туарегтер, нубийлықтар.

3 деңгей
1. Африканы алғашкы ашушылары болып Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы ежелгі елдердің теңізшілері саналады.
Олар өздеріның ашуларын б.э.д. 600 жылдарда жасаған, бірақ ол туралы көп уақыт ұмытылып кету себебі, б.э.д. 480-425 жж. дейін өмір сүрген ұлы грек ғалымы «тарихтың атасы» және сол замандағы белгілі жерлерге географикалық суреттеу бергенде олардың жаңалықтарын шындыққа жанаспайды деп санаған.
Бұл теңізшілер кімдер, оларға кім және неліктен сенбеген?
2. Ең үлкен Африка көлі туралы былай деп жазылған, онда өте көп жануарлар бар және оларды су жылқылары деп атаған, олар таңертең көлге түскенде су өз арнасынан тасып шығып кетеді екен. Ал кешке олар шомылып болып, жағаға шыққандарында су қайта өз арнасына түседі. Бұл қай көл, қандай жануарлар (аң) және бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады.
3. Африканың шеткі батыс және шеткі шығыс нүктелерінде жергілікті (астрономиялық) уақыттың қаншалықты айырмашылығы бар?

Жауаптары

1 деңгей
1. 1) уәдтер,вадилер 2) шоңғалдар, 3. рифт және жарықтар (Африкада Ұлы Шығыс Африка жарығы), 4)ферралитті, 5) саванналар (40%)
2. 7000км : 200км/сағ=35 сағ
3. ОАР. Халық саны 48,7 млн (2000), яғни африкандықтар (76%; байырғы тұрғындары банту тілдері семьясына жататын зулу, коса, басуто, бечуандар және т.б), метистер (9%), европалықтар (13%), негізінен голланд отаршыларының африканерлер (бурлар), ағылшындар, Азиядан келген келімсектер құрайды. Крюгер Ұлттық паркі.

2 деңгей
1. Нигер – жазда (шілде), Конго – жылына екі рет (жазда және қыста).
2. Ылғалды экваторлық ормандар: мартышкалар, шимпанзелер, гориллалар,
окаптар, жіңішке саусақты құлақты шошқалар, бұғылар, леопард,
құмырсқалар, термиттер.
4. Артық: Азия халықтары – малайлықтар , курдтар, кхемерлер, қалғандары
– африка халықтары.

3 деңгей
1. Император Нехоның сұрауы бойынша бейтаныс финикиялық теңізшілер
Африка құрлығын сағат тілі жүретін бағытта айналып шыққан.Олар
бірінші болып экваторды кесіп өтіп, Күннің жартылай бейнесін көрген.
Жерорта теңізінің шығыс жағалауында б.з.д. 600 жылдарда мекендеген
ежелгі елдің теңізшілері негізі бірінші ашқан адамдар делінеді. Олар
экваторды кесіп өткенде, солтүстіктен күннің жартылай түсіп тұрғанын
айтқан. Алайда, б.з.д. 485-425жылдарда өмір сүрген «тарихтың атасы» -
Геродот сол кезде белгілі болған жерлерге географиялық суреттеу
бергенде, олардың жаңалықтарын шындыққа жанаспайды деп баға берген.
2. Виктория көлінде шынында бегемоттар өте көп.
Судың көлемінің өзгеруі толысу құбылысымен сәйкес келеді.
3. Шеткі нүктелер 68-ші градустар аралығында. Егер 15° болса, онда 1
сағатқа тең. (Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген, яғни толық
шеңбер 360° -ты 24-ке бөлгенде 15° шығады) уақыт айырмашылығы
4,5 сағатқа тең.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. В.А.Низовцев, Н.А. Марченко, Школьные олимпиады. География. Методическое пособие. М.: Айрис-Пресс, 2007.
2. Н.П.Смирнова, А.А. Шибанова, Материктер мен елдерде. Материктер географиясы бойынша оқу кітабы. М.: «Просвещение»,1988.
3. В.Б. Бойко и т.д. Большая энциклопедия животного мира.
М.: «РОСМЭН», 2004.
4. В.И.Сиротин, И.В.Сиротин, Школьная География в вопросах, ответах и заданиях. Методическое пособие. М.: МИРОС, 1993.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.