Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аласа таулы өлкелер -

Аласа таулы өлкелер

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 456 | Просмотров: 4592 | Размер: 26.4 Kb | Автор:
. Тақырыбы: Аласа таулы өлкелер
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен
таныстыру.
2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын
қалыптастыру арқылы шығармашылық пен картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту,. Отанына, жеріне деген
сүйіспеншілігін ояту, табиғатты сүюге, аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап,СТО.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:
Слайдтар,интерактивті тақта, ҚР физикалық картасы, атыластар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен амандасу,
-оқушыларды түгендеу.
- оқушыларды алдын-ала Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау болып 3 топқа бөлінеді.
-оқушылар зейінін сабаққа аударту
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту стратегиясы:
Жұмбақ сұрақ- жауап беру.
Картадан географиялық нысандарды көрсету.
1. Еліміздегі теңіз атымен аталған ойпат
2. Тамақ атымен аталатын құм
4. Құс атымен аталатын үстірт
5. Көл атымен аталатын жазық
6. Ұлт атымен аталатын жазықтар
7. Дене мүшесінің атымен аталатын құм
8. Бояу атымен аталатын құм
9. Ғалым атымен аталатын төбешік

II. Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Тау дегеніміз не?
2. Биіктігіне қарай таулар нешеге бөлінеді?
3. Қандай тауларды білеміз?

Мәтінмен жұмыс жасау: Әр топ жеке бөліп береге таулар бойынша сол таудың географиялық орнын, жер бедерін, табиғатын, пайдалы қазбаларына, климатына анықтап береді.
Сарыарқа
Қазақтың усақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі жәнө Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұланғайыр аумақты құрайды.
Батыстан шығысқа карай 1200 км-ге созылған. Батысында ені 900 км-ден астам, ал
шығысында — 350 км-ге жуық. Сарыарқа — Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке. Абсолюттік орташа биіктігі 500-600 м. Оған миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстык пен аяз, қар менағын су күшті әсер еткен. Бір кездегі биік таулар сырткы күштердің әсерінен мүжіліп, алуантүрлі жер бедерлері қалыптасқан. Аласа таулар, қырқалар, ұсак шоқылар, жазықтар пайдаболды. Сарыарқа орталығы мен шығысында биіктеп келіп, солтүстігінде, оңтүстікке жәнебатысқа қарай бірте-бірте аласарады. Ол Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ішкі тұйықалаптардың арасындағы суайрық болып саналады. Қазақтың қатпарлы өлкесі архей мен
протерозойдыңгранит, порфирит, кварцит, құмтас және тақтатасы басым болып келетін
ежелгі жыныстарынан түзілген.Сарыарқаның ең биік таулары катарына шығыс бөлігінде
Ақсораң (1565 м), Қарқаралы (1403 м), Шыңғыстау (1305 м) таулары, батыс бөлігіне Ұлытау
(1133 м) жатады. Сарыарқаның Қарқаралы, Баянауыл және Көкшетау таулары өте көрікті.
Жел мен жаңбырдан мүжілген жартастар өзінің ғажайып пішіндерімен таң қалдырады.
Мұнда әдемі «мұнаралар», «корған», «жеке батыр», «салт аттыны» және көл түбінен
көтеріліп тұрған әдемі «жұмбақ тасты» кездес- тіруге болады. Тау аралыктарында көгілдір
мөлдір көлдер жарқырайды. Сыңсыған карағай мен қайың, әйгілі «Жұмбақтас», «Көкшенің шоқылары» ерекше сұлу болғандықтан, жұрт оны «Қазақстан Швейцариясы» деп атайды. Сарыарканың көп жерінде түрлі үңгірлер де баршылық.
Мұғалжар Орал тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылады. Мұғалжартауының Орал тауынан айырмасы — оның шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып келеді. Мұғалжар солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 км-ге созылған.Бір-біріне параллель жатқан Батыс және Шығыс жоталары арасында ені 15-20 км-лік толқынды жазық орналасқан.
Оның кейбір жерлерінде ұсақ шоқылар да бар. Мұғалжар оңтүстікте төбелері тегіс аласа
кырқаларға және жеке дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады.Сарыарқа сияқты Мүғалжар да шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке. Ең биік жері - Үлкен Боқтыбай (657 м).
Маңқыстау таулары
Каспий теңізінің Маңқыстау түбегінде жатыр. Бұған Қаратаудың батыс және шығыс
жоталары мен оңтүстік және солтүстікАқтау тау тізбектері кіреді. Қаратаудың ұзындығы 117 км, ал Ақтау 70 км-ге созылған. Олар сай, жыра, шатқалдармен тілімделген. Маңқыстау таулары Сарыарқаға қарағанда жас, бірақ кұрылысы мен жер бедерінің жалпы сипаты жағынан көп ұқсастығы бар.Маңқыстау тауларының биік бөлігі Қаратау жотасындағы Бесшоқы (556 м).Бұл таулар құм, кристалды тақтатастардан, қара - әк тастан (Қаратау) және ақ әк-тастан (Ақтау) түзілген.Маңқыстау тауларының оңтүстігінде Қарақия немесе Батыр ойысы орналаскан. Ол - Қазақстанның, бүкіл ТМД елдерінің теңіз деңгейінен ең төмен (-132 м) жаткан жері. Дүние жүзінде ИзраильдегіӨлітеңіз (-395 м), ҚытайдағыТурфан (-154 м), Джибутидегі (Африка) Ассалы көлі (-150 м) мен Египеттегі Каттардан (-133 м) кейін бесінші орында.[1]

2 тапсырма. Геодиктант
1. Сарыарқа - Қазақстан жеріндегі ең... тау.
2. Мұғалжар... тауының оңтүстігіндегі Қазақстан жеріндегі жалғасы.
3. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде... ойысы орналасқан.
4. Мұғалжардың ең биік нүктесі...
Сарыарқа Қазақстанның.... орналасқан.

3 тапсырма. Сандар сөйлейді:
1565 м -
657м -
556м -
- 132м -
1936 ж -
1992ж 2 наурыз -
4 - 5 белдеу -
2724, 9 -
3000км -
1394 км -
12 балл –
4 тапсырма.Оқулықты және картаны пайдалана отырып кестені толтыру:
Таулы өлке Оған кіретін тау жоталары Ең биік нүктесінің аты,биіктігі
Сарыарқа
Мұғалжар
Маңғыстау



IV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Сарыарқа батысында шектеседі:
А) Торғай үстірті, Тұран ойпаты
Б) Сауыр Тарбағатай
Б) Тянь - Шань
2. Абсолют Сарыарқаның биіктігі:
А) 500 - 600 б) 700 - 800 в) 900 - 1000
3. Мұнара, Қорған, Жеке Батыр, Салт атты, Жұмбақ тас қай таулы өлкеде:
А) Мұғалжар ә) Сарыарқа б) Маңғыстау
4. Мұғалжар солт - тен оңт - ке қанша км?
А) 450 б) 900 в) 1000
5. Маңғыстау тауларының жоталары
А) Баянауыл, Қарқаралы б) Қаратау, Ақтау
В) Ақтау, Баянауыл
6. Қарақия ТМД да тереңдігі жөнінен нешінші орында
А) 1
ә) 4
б) 5
7. Аласа тауларды көрсет:
А) Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау
Б) Сарыарқа, Тянь - Шань, Мұғалжар
В) Маңғыстау, Алтай, Сауыр - Тарбағатай
8. Сарыарқаның солтүстігінде:
А) Батыс Сібір жазығы
Б) Жалпы сырт қыраты
В) Каспий маңы ойпаты

Мәтінді оқып түсінгендері бойынша тақырыптарын қорғау, класстер
құру :
-Кескін картаға аласа тауларды белгілеу.
V.Бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма: §16 оқып келу, тест құрастыру, кескін картамен жұмыс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.