Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері. -

Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 396 | Просмотров: 4646 | Размер: 74.3 Kb | Автор: munira
. «№ 2 орта мектебі»
КММ

«Пән бойынша сабақ жоспары» номинациясы
Сабақтың тақырыбы:
«Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері»


География. 8 сынып
Өткізген: география пәні мұғалімі Камирова Д.Х.

Сәтбаев қаласы 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Пәндік мақсаттар: Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысының типтері туралы білім беру. Қазақстанның топырақ жамылғысы және олардың таралу ерекшеліктері туралы білім кеңестігін кеңейтуге жол ашу. Топырақ жамылғысының қалыптасуының климаттық жағдайларға тәуелділігін түсіндіру. Өз өлкемізде таралған топырақ типтерін туралы білімдерін толықтыру.
Даму стратегиясы шегіндегі мақсаттар: Оқытылатын пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету, елтанымдық білімін кеңейту, білім беруді тұлғаның дамуына бағыттай отырып, оқушылардың интеллектілік мәдениетін, зерттей білу мәдениетін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, өткенді қайталау арқылы ой жаңғырту, іздестіру әдісі, картамен жұмыс, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері.
Оқыту құрал-жабдықтары: Қазақстанның физикалық картасы, топырақ картасы, атлас, кескін карталар, сызбалар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын бақылау. Сынып оқушыларын түгендеу.

! Үй тапсырмасының орындалысын тексеру:
• Топырақ дегеніміз не?
• Топырақ құрушы факторларды атаңдар.
• Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?
• Топырақтың механикалық құрамына нелер жетеді?
• Құрылымды топырақ деген қандай топырақ?
• Өз өлкеміздің топырағы туралы не білеміз?

Жаңа оқу материалын үй тапсырмасымен байланыстыра отырып, келесі бір топырақ туралы білімдерін кеңейте түсу.

Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86 %-ын алып жатыр.








Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін қамтиды. Қара топырақты зона еліміздің аумағының 25,5 млн га жерін (9,5 %-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона 3 зона аралығына бөлінеді:



Қара қоңыр топырақты зонасы қара топырақты зонаның оңтүстігінде таралған.




Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақты алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым болып келеді. Топырақтың бұл типі 120 млн га жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,2 %).
Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың апаты – топырақ эрозиясы.

Топырақтану институттарының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер 80 млн гектардан астам немесе республика аумағының 26 %-ы. Оның 52 млн гектары жел эрозиясына, 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.




Қорытындылау: Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты қорытындылау.
Сабақтың түйін сөзін анықтау.
Бағалау: «Бір-бірімізді бағалаймыз» әдісімен бағалау, сараптау.
Үйге тапсырма: § 36 оқу, картамен жұмыс, кескін картаға түсіру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.