Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Еуразия материгінің климаты. -

Еуразия материгінің климаты.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 446 | Просмотров: 3325 | Размер: 22.8 Kb | Автор: munira
. Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы
№ 44 орта мектептің география пәнінің мұғалімі
Адамбаева Айгуль Омирсериковна
Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгінің климаты.

Сабақтың оқыту мақсаты: Материктің климаты туралы оқушылардың зерттеушілік шығармашылық қабілетін арттыру

Міндеттері: - Оқыған мәтіннен алған мәліметтерін өмірмен байланыстыра алу дағдыларын қалыптастыру;
- Пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болуын қамтамасыз ету
- Топтық жұмыста оқушы белсенділігін жетілдіру.
Қолданылатын модулдер: Оқытуды басқару және көшбасшылық. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Бағалау, АКТ
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ –жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау.
Стратегиялар: “Топтастыру”, «Блум таксономиясы”, “Диалогтық оқыту”, “Венн диаграммасы”, «Ментальді карта»
“Рефлексия”
Бөлімдері Эпизод Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс -әрекеті Ресурстар

Кіріспе 5
Амандасу
Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау
«Көпір»
Үй тапсырмасын пысықтау
Топтастыру
15 баланы 3-топқа бөлемін. 1. Еуразия жер бедерінің негізі белгілерін ата?
2. Ең биік және ең төмен жатқан нүктесі?
3. Магмалық пайдалы қазбаларды ата?
4. Шөгінді пайдалы қазбалар қай аймақта кең таралған?
Оқушылар топқа бөлінеді.

Суреттер
Тұсаукесер
5 Теория бойынша « Білу»
(тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
1. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады.
2. Материктің географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.
3. Жер шарындағы жауын –шашынның ең көп түсетін жер Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік – шығыс беткейі.
4. Солтүстік –Шығыс Сібірдегі -710 С температура тіркелген Оймякон елді мекені солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі болып табылады.
5. Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +530 С температура байқалады. Қолдан жасалған материал
Атлас
Оқулық
Негізгі бөлім 5 Теория бойынша « Түсіну»
(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады) 1.Неліктен материк бойынша жауын –шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі?
2. Неліктен Еуразия материгінде солтүстік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер кездеседі?
3. Неліктен биік таулы аймақтарда климаттық жағдайлар өзгереді? Таратпа материал
оқулық
10

Теория бойынша « Талдау»
1. Салыстыр
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
Венн диаграммасы арқылы қамту Оқулық мәтіні мен климаттық картаны пайдаланып Венн диаграммасы арқылы қоңыржай және субтропиктік белдеулер бойынша климат сипатының өзгерістерін анықтаңдар.
Қоңыржай Ұқсастығы Субтропиктік

Атлас
Ватман
10 Теория бойынша « Жинақтау»
(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны құрастыру тапсырмалары оқушының басты идеясына жазған жауабына қойылады) Климаттық картаны пайдалана отырып, 50 с.е. бойынша қоңыржай белдеудің теңіздік және континенттік климаттарының салыстырмалы кестесін толтыр.
Ватман
флипчарт
Қорытынды 5 Практика бойынша: «Қолдану»
Берілген климаттық диаграммаларды жоспар бойынша талдау жасап, олардың қандай белдеу мен климат сипатына сәйкес келетінін анықтау.
А) ең суық және ең ыстық айдың орташа температурасын анықтау.
Ә) жылдық температураның айырмашылығын анықтау
Б) Жылдық жауын –шашын мөлшерін және түсу мерзімін анықтау
В) Берілген диаграммаға сәйкес келетін климаттық белдеу мен клиат сипатын анықтау.
Лиссабон
А) ең ыстық 220С тамыз айында, ең суық 100 С қаңтар айында түседі.
Ә) 120 С
Б) Ең көп жауын – шашын 120 мм қараша айында, ал ең аз жауын – шашын 10 мм шілде, тамыз айларында түседі.
В) Субтропиктік климат белдеуі тән.
Улан-Батор
А) ең ыстық 190С шілде айында, ең суық 190 С ақпан айында түседі.
Ә) 380 С
Б) Ең көп жауын – шашын 90 мм шілде айында, ал ең аз жауын – шашын 0 мм қаңтар, ақпан, наурыз айларында түседі.
В) Қоңыржай климат белдеуі тән.
Джакарта
А) ең ыстық 260С мамыр айында, ең суық 240 С сәуір айында түседі.
Ә) 20 С
Б) Ең көп жауын – шашын 300 мм қаңтар, ақпан айында, ал ең аз жауын – шашын 40 мм, тамыз айларында түседі.
В) Экваторлық климат белдеуі тән. Оқулық
Атлас
Диаграмма

5 Рефлексия.
Эссе жазу Оқушылар сабақ барысында не ұнағанын, ұсыныстарын, пікірлерін жазады . стикерлер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.