Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Географиялық белдеулер және зоналар. -

Географиялық белдеулер және зоналар.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 446 | Просмотров: 3595 | Размер: 196.0 Kb | Автор: munira
. Күннің жады ______ Сыныбы 10 Пәні География
Сабақтың тақырыбы Географиялық белдеулер және зоналар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік беру міндеті:
- оқушыларға жердегі тіршілік түрлері, географиялық қабық, географиялық қабықтағы зоналық заңдылық туралы мағлұматтар беріп, жер шарының табиғат зоналарының орналасуы, құрылымы мен заңдылықтары және биосфераны қорғау шаралары, проблемаларына тоқталу
Дамытушылық міндеті: - оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша, өз бетінше кесте толтырту, тірек-конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға, интерактивтік тақтамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: - саяси-идеялылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, экономикалық және экологиялық көзқарасқа, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге, дүниетанымдылыққа, т.б. баулу
Сабақтың түрі: интерактивтік сабақ,
Сабақтың тегі: үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақ, жаңа сабақты бекіту,
Сабақтың әдісі - проблемалық, тірек-конспектілік,
Сабақтың тәсілі: жалпы сыныппен, жеке оқушымен,
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивтік тақта: тірек-сызбалар, суреттер; оқулық бағалау парағы, үлестірмелі тапсырмалар, т.б.
Пәнаралық байланыс тарих, химия, биология, әдебиет,
Қолданылған әдебиеттер:
«География және табиғат» журналы, «45 минут» журналы, Электронды оқулықтар, интернет материалдары
Сабақтың жоспары
1. Ұйымдастыру
- амандасу
- тиімді орналастыру
- сабақ барысын түсіндіру
- қызығушылықты ояту
2. І бөлім
- ой қозғау
- тірек-сызбалармен жұмыс
- Мәнжазбаны қорғау
- Графикалық бақылау
- ғажайып шаршылар
3. ІІ бөлім
- ой қозғау
- жаңа сабақ
- сергіту минуты (аннаграмма)
- бекіту (тапсырмалар)
- ҰБТ-де кездесетін сұрақтар
4. ІІІ бөлім
- бағалау
- үйге тапсырма беру
- қорытындылау

Сабақтың барысы
1. «Ұйымдастыру»
Мақсаты: Оқу үрдісінде оқушылардың іс әрекетін тиімді ұйымдастыру, сабаққа қызығушылығын ояту, оқу үрдісіне өзіндік іс әрекетпен қатысуға бағыттау
Түрі: бүкілсыныптық Әдісі ауызшы әңгімелесу, жұмбақ шешу Уақыты 4минут
- Оқушылармен амандасып, сабаққа қатынаспаған оқушыларды белгілеу.
- бағалау парақтарын таратып, түсіндіру (1 партада отырған оқушылар бірін-бірі бағалайды)
- Интерактивтік тақтадан сабақ жоспарымен таныстыру.
- Интерактивтік тақтада жұмбақтар берілген, оқушылар солардың жауабын табулары қажет.
1. Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды
Сақтамасаң егерде
Барша тірлік қурайды (су)
2. Он екі айдың біреуі,
Мына менің атымда
Деп, жар салып жүреді. (көкек)
3. Жүйрік өзі тұлпардан, ұшқыр өзі сұңқардан
Күні түні жүйткиді, кең далада бір тарлан (жел)
4. Үлкен-үлкен түйені,
Тастапты атам шөгеріп.
Өркешті бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп (тау)

2. І бөлім
Мақсаты: кесте, сызба, графикалық бақылау арқылы оқушы білімін тексеру, білімдерін қайталау, білім деңгейін анықтау,
Түрі:өз бетінше Әдісі сызбаларды аяқтау, дидактикалық тапсырмалар Уақыты минут
Сызбаларды қорғау
ТСН-1; ТСН-2; ТСН-3; ТСН-4; ТСН-5; ТСН-6; ТСН-7;
Мәнжазбаны қорғау
Мақсаты: Оқушылардың қосымша ізденіп, дайындап келген жұмыстарын тексеру
Түрі жеке оқушымен жұмыс Әдісі оқушы жауаптарын тыңдау Уақыты минут
Мәнжазба тақырыптары
1. Жергілікті жердің мәдени ландшафты
2. Жергілікті жердің табиғи ландшафты

Графикалық бақылау.
Мақсаты: кесте толтыру арқылы оқушы білімін тиянақтау, тез жауап беру, есте сақтау қабілеттерін арттыру
Түрі: өзіндік жұмыс Әдісі кесте толтыру Уақыты минут
Бос торкөздерге сәйкес жауаптардың реттік номерін белгіле
Тапсырма 1 2 3 4 5
Литосфера 3 5 10 13 20
Атмосфера 1 7 11 17 19
Гидросфера 2 6 12 15 18
Биосфера 4 8 9 14 16
1. изобара 2. гейзер
3. Мұғалжар 4. ноосфера
5. үгілу 6. гидрология
7. муссондар 8. фауна
9. Қызыл кітап 10. химиялық үгілу
11. аномометр 12. саға
13. Гималай 14.тіршілік қабығы
15. Алмаарасан 16. В.И. Вернадский
17. тропопауза 18. бұғаз
19. радиация 20. платформа
Ғажайып шаршылар

30 30 30
40 40 40
50 50 50
1. Оң жақтағы 30 - Биосфера туралы ілім қашан пайда болды ? (1926 ж)
2. Сол жақтағы 30 - Географиялық қабық құрамын атаңдар (ауа, су, тіршілік қ. Литос.)
3. Ортадағы 30 Ең ірі табиғат кешені (гео қабық)
4. Оң жақтағы 40 - Географиялық қабықтың шекарасы
5. Сол жақтағы 40 - Географиялық қабыққа тән басты заңдылықтарды атап беріңдер
6. ортадағы 40 зоналық заңдылықты дәлелдеген ғалым? (В.В. Докучаев)
7. Оң жақтағы 50 - Биологиялық айналым деген не?
8. Сол жақтағы 50 – Ырғақтылық құбылысына мысал келтіріңдер (жердің айналуы т.б.)
9. Ортадағы 50 - Біртұтастық заңдылығын ескермеген жағдайда белгілі бір жерде болатын өзгерістерге мысал келтіріңдер

3. І бөлім
Мақсаты:
Жалпы географиялық заңдылықтар туралы білімдерін дамыта отырып, географиялық белдеулер мен зоналар туралы мағлұмат беру
Түрі: бүкілсыныптық, Әдісі интерактивті тақта арқылы жаңа сабақты түсіндіру Уақыты минут
ТСН-1

Сергіту минуты.
Мақсаты: Оқушылардың бір сәт жеңіл ойын арқылы (сабаққа байланысты) дем алдыру Түрі Бүкілсыныптық Әдісі «Аннаграмма» (сөз құрастыру)
Уақыты 2 мин Берілген әріптерден оқушылар ұйқасын табады.
1 лықаноз Зоналық
2 тікбикі Биіктік
3 дранут Тундра
4 манор Орман
5 лада Дала
6 гатай Тайга
7 тейлөш Шөлейт
8 лалдығы ылғалды
Бекіту
Мақсаты: Оқушылардың жаңа материалды игергендерін анықтау
Түрі Бүкілсыныптық Әдісі сұрақ-жауап Уақыты 7 мин

№ ТАПСЫРМА Ия/жоқ
1 Дүниежүзілік мұхит суларына да зоналық заңдылық тән Ия
2 Антарктикалық мұзды шөлдер қоңыржай белдеуді алып жатыр Жоқ
3 Прерий – Солтүсті Америкадағы орманды дала зонасы Ия
4. Орманды тундра – орман мен тундраның арасындағы өтпелі зона Ия
5 Шөл зонасы – экваторлық белдеуде орналасқан Жоқ
6 Тундра зонасында климат өте қатал, күшті желдер жиі соғады. Ия
7 Тауларда ендік зоналық заңдылығы тән Жоқ
8 Гилея – субтропиктік дала зонасы Жоқ

Картамен жұмыс
1. Суық белдеулаерге тән зоналарды атап, картадан көрсетіңдер
2. Қоңыржай белдеуде қандай табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі?, Оларды картадан көрсетіңдер
3. Сахара шөлі қай белдеуде орналасқан картадан көрсетіңдер
4. Амазания ормандарын картадан көрсетіңдер
5. Гималай тауларын картадан көрсетіңдер
6. Жерорта теңізін картадан көрсетіңдер
7. Экваторлық ормандарды картадан табыңдар
8. Тропиктік белдеудің табиғат зоналарын тауып, картадан көрсетіңдер
9. Қазақстан қандай табиғат зоналарында орналасқан, картадан табыңдар
10. Биіктік белдеулік байқалатын тауларды көрсетіңдер.

ҰБТ-де кездесетін сұрақтар
1. Географиялық қабықтағы негізгі заңдылықтар қандай? (ырғақтылығы, зоналылығы, тұтастығы)
2. Географиялық қабықтың құрамы неше бөліктен тұрады? (4)
3. Географиялық қабықтың біртұтастығы – бұл ... (табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі)
4. Жердегі Күн радиациясының таралуы неге байланысты? (географиялық ендікке)
5. Адамның шаруашылығы әрекетінен жердегі көп өзгерген табиғат кешені (ормандар)
6. Географиялық зоналық дегеніміз не? (экватордан полюске қарайбарлық табиғи компоненттердің географиялық қабықта заңдылықпен өзгеруі)
7. Антропогендік табиғат кешендері? (бөгендер, парктер, т.б.)
8. Дүниежүзілік мұхит табиғат кешеніне жатады ма? (жатады)
9. Ең жақсы игерілген табиғат зонасы? (дала)
10. Географиялық зоналық ілімінің негізін қалаған ғалым? (В.В Докучаев)
11. Ылғалдану коэффиценті төмен аймақ? (шөл)
12. Көлемі жағынан ең ірі табиғат зонасы? (шөл)

4. ІІІ бөлім
Мақсаты: Сабаққа қатынасқан оқушыларды бағалау, Оқушыларға үйге білімдерін арттыратын, іздендіретін тапсырма беру. Түрі Бүкілсыныптық Әдісі ауызша, бағалау, үйге тапсырма беру Уақыты 6 мин
оқушылардың бағалау парақтарымен танысу, «Қорытындылап бағалау»
«Үйге тапсырма беру»
1 Деңгей §16 оқып келу
2 Деңгей Сұрақтар мен тапсырмаларға назар аудару
3-Деңгей Жергілікті жепрдің табиғат зонасына тақырып соңындағ жоспар бойынша сипаттама беру
Қорытындылау
Мақсаты Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, жаңа мағлұматтарын айту
Түрі Бүкілсыныптық Әдісі ауызша Уақыты 1 минут
Жаса,жайна өрле менің кең далам, Жайлауыңды қорғап жүрер әр балаң.
Бүгін әлсіз, ал күштісің сен ертең, Сол үшін де жүре берме арқалан! – осындай шумақтармен мен сабағымды аяқтаймын.

№1 Алға мектеп бақшасы

Ашық сабақ




10-сынып.
ИНТЕРАКТИВТІК САБАҚ

Өткізген география пәнінің мұғалімі:
Аметова Асия Дарханқызы

2012-2013 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.