Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» -

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 302 | Просмотров: 2798 | Размер: 26.2 Kb | Автор: munira
. «ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 9 және 11 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.Орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мамырханова А.В ;
2. Мектеп психологі: Курманбаева Г.Х;
3.Технология пәнінің мұғалімі: Сейтхалиева А.А.
Жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
1– ойыншы Айбек – АҚШ президенті болғысы келеді.
2 – ойыншы Армангуль– болашақта мұғалім болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
3 – ойыншы Өтеген— өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
4 – ойыншы Данис— президент боламын деген ойы бар.
5 – ойыншы Дастан— фармацевт болып, жаңа преператтар ойлап табуға өз үлесін қосқысы келеді.
6 – ойыншы Гульмия— әлемге әйгілі суретші болғысы келеді
7– ойыншы Улбикеш - педиатр болсам дейді.
8– ойыншы Алия – хирург болуды армандайды.
9– ойыншы Сабина - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді.
Таныстыру – әр сайыскер өзін таныстырып кетеді.
Жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз
4 турдан тұрады:
1. Бәйге
2.Бейне сұрақтар
3. «Жорға»
4. «Тапқырлық»

Жүргізуші: I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Шарты:
Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 20 сұрақ беріледі. Әр ойыншының қолыңда карточка. Қай
ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр жауап 5
ұпай. Аз ұпай жинаған 3 оқушы сайыстан шығады.
1) Адамдағы хромосома саны (46);
2)Қазақ халқының ең алғаш академигі (Қ.И. Сәтбаев);
3) Еуропа мен Африканың ортасындағы бұғаз (Гибралтар)
4) Нейрон дегеніміз не? ( жүйке жасушасы);
5) Қанның қысымын өлшейтін құрал ( тонометр);
6) Темекінің құрамындағы улы зат (никотин);
7) 1442 жылы глобусты жасаған неміс ғалымы (М. Бехайм);
8) Ауаның горизонталь қозғалысы қалай аталады? ( жел);
9) Тұздылығы 42 % болатын теңіз? (Қызыл теңіз);
10) Дүниежүзіндегі ең ірі сарқырама ( Анхель);
11) Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал);
12) Көңіл күй гормоны. (Адреналин);
13) Сұйық дәнекер ұлпа.(Қан);
14) « Миллионер» атанған элемент (көміртек);
15) Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат (тұздар);
16) Сүйектің құрамындағы басты элемент ( кальций);
17) Фотосинтез процесінде өсімдіктер бөлетін газ ( оттек);
18) Маңғыстау облысының орталығы ( Ақтау);
19) Қандай металдар электр тогын жақсы өткізеді ( алюминий, мыс);
20) Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
IІ – тур «Бейне сұрақтар».Аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығады





IІІ – тур «Жорға».
Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі. 4 жауап нұсқасы бар .Ұпайды ең көп жинаған оқушы бастайды.егер жауабы болмаса, келесі сайыскер жауап бере алады. Әр жауап 5 ұпай.

1. Қазақстан аумағының батыстан шығысқа
дейінгі ұзындығы?
а) 5000 км;
в) 3000 км;
с) 1600 км;
д) 3000 км.

2. Қарақия ойысы орналасқан жер?
а) Арал маңында;
в) Маңғыстау түбегінде;
с) Батыс Сібірде ;
д) Алтайда.

3. Қазақстан аумағының 10% жерін алып
жатқан жер бедері ?
а) жазықтар;
в) үстірттер;
с ) биік таулар;
д) ойпаттар.

4. Тірі ағзалардың ең кіші бірліг
А) жасуша
в) мүше
с) организм;
д) ағза

5. Хлор атомы металдармен түзетін
байланыс
А) сутектік
в) металдық
с) ионды
д) ковалентті полюссіз

6) Алматы обл. Орталығы
А) Алматы
в) Талдықорған
с) Тараз
д) Талғар

7) Жай зат
А) темір сульфиді
в) су
с) күкірт
д) сутек

8) Жетісу Алатауының ең биік нүктесі
А) Бесбақан
в) Мұзтау
с) Ақсораң
д) Оқжетпес

9) Тірі табиғат дүниесі неше бөлімнен
тұрады
А) 3
в) 5
с) 2
д) 1

10) Жүйке жүйесінің қысқа өсіндісі
А) дендрит
в) нейрон
с) аксон
д) деннесі

IV – тур «Қызықты төрттік».

Климат Химия Медицина Спорт

Климат (20): Қазақстан аумағындағы ең ыстық ай?( шілде + 19С);
Климат (30): Қазақстан климатына қандай ауа массалары әсер етеді?(арктикалық, тропиктік, қоңыржай);
Климат (40): Қазақстанның оңтүстігінде қар жамылғысының қалыңдығы қанша? (10-15см);
Климат (50): Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері
1600 мм жауатын жер?( Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысы , Батыс Алтай)

Химия (20): Азот қышқылының тұздары қалай аталады? (нитраттар);
Химия (30): Химия өнеркәсібінің «наны» аталған қышқыл:(Н2SO4, күкірт қышқылы);
Химия (40):Қандай арақты ішуге болмайды ( тұз қышқылы мен азот қышқылының қосындысы);
Химия (50): Ас содасының формуласы (NaHCO3)

Спорт( 20 ):2014ж. Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы?( Германия);
Спорт( 30 ): 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген.( Майя Манеза);
Спорт( 40 ): Астана қаласының кәсіпқой хоккей клубы. Құрлықтық Хоккей Лигасында (ҚХЛ) Чернышев дивизиясындағы мүшесі. (Барыс)
Спорт( 50 ): Американдық суда жүзуші,олимпиада ойындарының 18 дүркін чемпионы және 26 дүркін әлем чемпионы?(Майкл Фелпс)
Әділқазылар есептеп жеңімпаз ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.