Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұхиттар -

Мұхиттар

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 441 | Просмотров: 2635 | Размер: 28.0 Kb | Автор: munira
. Сабақтың тақырыбы: &21. Мұхиттар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Дүниежүзі мұхиттары туралы түсініктерін қалыптастырып, олардың ерекшеліктері туралы білім беру.
2. Дүниежүзілік мұхиттарды картадан,глобустан көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
3. Қоршаған ортаны таза ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың жаңа технологиясы: 1.Деңгейлеп саралап оқыту
2.Сатылай кешенді талдау
3.Венн диаграммасы
4. Дамыта оқыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, ой толғау
Пәнаралық байланыс: география,экология,биология.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
3. Оқушыларды сабаққа дайындау
Оқушыларға қойылатын сұрақтар
1. Биылғы жылы немен ерекше?
2. Еліміздің мақсаты қандай?
3. Біздің өлкемізде қандай мереке тойланды?
ІІ. Үй тапсырманы сұрау
1. І деңгейлік тапсырма. Ауызша сабақ сұрау
2. ІІ деңгейлік тапсырма. Сұрақ-жауап (үлестірмелі қағаздар беру)
3. ІІІ деңгейлік тапсырма. Топтастыру стратегиясын қоллдану.
№ Сұрақтар Жауаптар
1. Гидросфера-жердің қандай қабығы?
2. Гидросфераға не жатады?
3. 1 литр теңіз суының құрамында неше грамм тұз болады? (1 литр теңіз суының құрамында 35 гр тұз бар, негізінен ас тұзы мен магний тұзының ерітінділері болады)
4. Арасан дегеніміз не? Емдік сулардың шығып жатқан жерін айтамыз.
5. Қазақстанда емдік қасиеті бар қандай жерлерді білеміз? (Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан, Барлық арасан, Жаркент арасан)
6. Грек мифолгиясында су құдайын кім деп атайды? (Посейдон)
7. Римдіктерде су құдайын кім деп атайды? Нептун

8. Табиғатта су қандай күйде кездеседі? (табиғатта су үш күйде кездеседі бу, мұз, қатты).
9. Судың қандай қасиеті бар? (Су түссіз, мөлдір иісі, дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады)
10. Су адам денесінде, өсімдіктерде неше пайыздан тұрады? Адам денесінің 65пайызын, ал өсімдіктерде бұдан да көп күнбағыс бір жазда 40 литр су сіңіреді, ал алма ағашы мұндай суды бір күнде сіңіреді
11. Суда еритін заттарды ата? Суда еритін заттарға мұз, қант, құм жатады.
12. Судың химиялық формуласын ата? (Н2О)

Топтастыру стратегиясы:

Сұрақ:
Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды не деп атаймыз? Жауабы: Мұхит
Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Мұхиттар туралы
Балалар, көздерімізді жұмып көз алдымызға мұхитты елестетейікші. Мұхиттың ішінен не көріп тұрсындар?
ІІІ. Жаңа сабақ
Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды «мұхит»дейміз. Дүниежүзі мұхиттарын материктер төртке бөліп жатыр.
Мұхиттар
Тынық
Атлант
Үнді
Солтүстік мұзды мұхиты
Мұғалім:
Мұхит
Ақылдыны білімге жарастырып,
Табиғаттың сырларын салыстырып,
Оқушыларым мұқият құлақ салса,
Төрт мұхитты берейін таныстырып.
Ендеше бәрі қарасын барлық ұлан,
Мұхит деген сарқылмас мәңгі мұраң
Атап оны берейін ретіменен
Атлант ең жылысы барлығыан.
Құятын теңіздердің тасқындары,
Қандай мұхит кәнеки тапсын бәрі?
Картадан қарасаңдар Үнді мұхит
Үндістан түбегінің астындағы.
Айтайын келесін тоқталмастан,
Бір мұхит бар полюспен қапталдасқан,
Солтүстік мұзды мұхит ең суығы,
Айдының мәңгі бақи ақ қар басқан.
Желі де бар толассыз соғып тұрған
Арнасы да армансыз толып тұрған
Тынық мұхит үлкені бәрінен де
Үш құрлықтың арасын бөліп тұрған.
Ендеше, балалар өлеңімізде айтылғандай, бүгінгі тақырыбымыз мұхиттар болғандықтан оқушыларды 4 топқа бөлеміз.
1-топ: Тынық мұхит
2-топ: Атлант мұхиты
3-топ: Үнді мұхиты
4-топ: Солтүстік мұзды мұхиты.
Жоспар:
1. Дүниежүзілік мұхит және оның түрлері.
2. Мұхит суының температурасы
3. Мұхит суының тұздылығы
4. Мұхиттағы ағыстар
5. Мұхитта кездесетін пайдалы қазбалар
6. Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай?
7. Мұхиттағы құбылыстар.

1. Дүниежүзілік мұхит және оның түрлері.
Тынық мұхиты-ауданы жағынан ең үлкені.
Атлант мұхиты-ең созылыңқы және ең ерте игерілген
Үнді мұхиты ең жылы әрі ең тұзды
Солтүстік мұзды мұхит-ең кішісі,ең суығы
2. Мұхиттардың орташа температурасы.
Тынық мұхиты 19,40 С
Атлант мұхиты 16,50 С
Үнді мұхиты 17,30 С
Солтүстік мұзды мұхиты -10 С
3. Мұхит суының тұздылығы
Мұхиттың суы тұзды және ішуге мүлдем жарамсыз
Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі –промиллемен өлшенеді.
1 литрде 35 грамм тұз болады.
Ең жоғарғы тұздылық Үнді мұхитында 36,5 0/00 . Қызыл теңізде 41 0/00
Ең төменгі тұздылық Солтүстік мұзды мұхитта 32 0/00
Судың тұздылығы-еріген тұздардың 1 литр судағы граммен алынған мөлшері.
4. Мұхиттағы ағыстар.
Жылы ағыстар картада қызыл түспен көрсетіледі.
Суық ағыстар картада көк түспен көрсетіледі.
5. Мұхиттағы пайдалы қазбалар
Табиғи газ: Маңғыстау түбегінде
Мұнай-парафин,бензин,гудрон,керосин.
Тыңайтқыштар-ауыл шаруашылығында пайдаланады.
Ас тұзы
Құрылыс заттары-цемент ,әктас.
6. Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай?
Мұхитта 150 мың жануар түрі мен 10 000 балдыр кездеседі.
Мұхиттағы зерттеулерді ЮНЕСКО бақылайды.
Балықтар (теңіз мысығы,минтай, кашалот).
Өсімдіктер (теңіз капустасы,балдырлар).
7. Мұхиттағы құбылыстар.
Қайту
Тайфун-қытайша үлкен жел
Толысу
Цунами-жапонша қойнаудағы үлкен су.
Судың көтерілуі мен қайтуы қалай пайда болады?
Судың көтерілуі мен қайтуы тәулігіне екі рет болады, өйткені Күн мен Ай гравитациясы есебінен Жердегі мұхит суын өзіне тартады. Ағыстар, яғни жылы және суық су ағындары,кейде желдің, ал кейде судың көтерілуі мен қайтуының есебінен түзіледі. Құрлықта да тартылыс болады, бірақ су жер шарының айналасында қорғалатын және судың көтерілуі мен қайтуын түзейтін алып толқынды құра отырып, неғұрлым жеңіл қозғалыспен жылжиды.
Мұхиттың түбі қандай болады?
Мұхит түбі- таулардан, таулы қыраттардан және шатқалдардан түзілген әр түрлі бедер. Мұхит жағасы біртіндеп шамамен 180 метр тереңдікке судың астына кетеді.-бұл құрлықтың қайраны. Қайранның шетіне мұхит түбі құрлықтың еңіс бойынша төмен суық қараңғы тұңғиыққа күрт кетеді. Мұхит түбіндегі ыстық көздерінің кейбір жерлерінде қайнау нүктесі (100 С) жоғары температураға жетеді.
Енді балалар, оқулықтың және атластың көмегімен кестені толтыру. Оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасайды. Глобустан мұхитты табады, оқулықтан тақырыпты оқиды, жұмыс барысында талдауға салып, салыстырады, сараптама береді және олардан қорытынды шығарады.
(кесте толтыру)
Мұхиттар.
№ Мұхиттың аты Қандай жарты шарда орналасқан Мұхиттың ең терең жері Қандай құрлықтардың жағалауын шайып жатыр. Ауданы Мұхиттың ерекшеліктері
1 Тынық Батыс жарты шар 11022м Мариен шұңғымасы Еуразия, Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка 178,6 Ауданы жағынан ең үлкені
2 Атлант Батыс, шығыс жарты шар 8742м Пуэрто-Рико шұңғымасы Еуразия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка 91,7 Балыққа ең бай мұхит
3 Үнді Шығыс жарты шар 7209м Зонд аралдары Еуразия, Африка,Аустралия, Антарктида 76,2 Ең жылы және тұзы жоғары мұхит
4 Солтүстік мұзды мұхиты Солүстік жарты шар 5527 м Гренландия теңізі Еуразия мен Солтүстік Америка 14,8 Ауданы жағынан ең кішісі және ең суық мұхит
Оқушылар тақтаға шығып тірек сызбаны қолдану арқылы тобын қорғайды.
1-топ: Тынық мұхиты
2-топ:Атлант мұхиты
3-топ:Үнді мұхиты
4-топ:Солтүстік мұзды мұхиты
(Кітаппен жұмыс.)

Бекіту кезеңі:
1. Мұхит дегеніміз не?
2. Мұхиттар жер бетінің неше пайызын құрайды?
3. Көлемі жағынан ең үлкен мұхитты ата?
4. Қай мұхит суының температурасы жылы?
5. Ең балыққа бай мұхитты ата?
6. Көлемі жағынан екінші мұхитты ата?
7. Тұздылығы жоғары теңізді ата?
8. Ең ауданы жағынан кіші мұхитты ата?
9. Ең тұздылығы төмен мұхитты ата?
10. Мұхитта қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
11. Мұхиттағы құбылыстарды ата?
12. Ағыстар неше түрге бөлінеді?
13. Мұхитта қандай жануарлар кездеседі?
Қорытындылау кезеңі:
Мұғалім: Сонымен, балалар бүгінгі тақырыбымызда мұхиттың түрлерімен, олардың тереңдігімен, қандай құрлық жағалауларын шайып жатқанын, мұхиттың түбімен, мұхиттағы кездесетін өсімдіктермен, жануарлармен, мұхиттағы болатын құбылыстармен таныстық
Үйге тапсырма беру:
Оқуға: & 21 Мұхиттар , кескін картаға мұхиттарды түсіру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.