Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы. -

Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 373 | Просмотров: 3760 | Размер: 133.5 Kb | Автор: munira
. Сабақтың тақырыбы: Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі – Африка материгінің физикалық - географиялық орнын, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерін, зерттелу тарихын білу. Әр түрлі білім көздерімен оқушылардың білімдерін тереңдету;
Дамытушылығы - оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту;
Тәрбиелігі - логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, даралық қабілетін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың түрі: Іздену сабағы.
Сабақтың әдістері: дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ойын элементтері, шығармашылық әдіс, талдау.
Пән аралық байланыс: тарих, биология, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, Африка материгінің физикалық картасы, глобус, оқулық, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, бағалау қағазы, бейнематериал.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үйтапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
IV. Жаңа білімді бекіту
V.Сергіту кезеңі
VI. Сабақты қорытындылау
VII. Үйге тапсырма
VIII. Бағалау
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үйтапсырмасын сұрау
1. Біліміңді тексер / тест алу/
2. Таным -таразысы
1.Оңтүстік Американың елдері қалай топалған?
2.Анд елдерін ата?
3.Бұл елдің Боливия аталуының себебі не?
4. Осы аймақтағы ең ұзын ел
5.Шығыстағы жазық елдерін ата?
6.Оңтүстік Америкадағы ең үлкен мемлекет./Бразилия/
7.Материктің көрікті қалалары
8.Материк халқының саны қанша?
9.Материктің байырғы халқы кімдер?
10.Колумбияның астанасы? Кито

III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1. Материктің географиялық орнын анықтау.
2. Африкаға ұласатын мұхиттар мен теңіздер.
3. Зерттелу тарихы.
4.Ішкі сулары
5.Халқы

III. Жаңа сабақ.
Африка — көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк. Африка континенті солтүстік жарты шарда да, сондай-ақ оңтүстік жарты шарда да бірдей дерлік үлес алады, әрі оның көп бөлігі тропиктік белдеуде жатыр. Африканы солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант Мұхиты, шығысында Үнді мұхиты шайып жатыр. Африканың жағалау сызығьі нашар дамыған: ең ірі түбегі — Африка Мүйісі; теңіз акваториясы материкке онша терең сұғынбаған континент-тің көптеген ішкі аймақтары Дүние жүзілік мұхиттан 1000-нан 1500 километрге дейін қа-шықта жатыр. Ең үлкен аралы — Африка континентіне оңтүстік-шығыстан жанасып жатқан Мадагаскар.
Неғұрлым ірі өзендері бесеу — Ніл, Конго, Нигер, Замбези және Оранжевая; олардың бассейндері Африканын, бүкіл территориясының үштен бір бөлігінен астамын алады. Ірі көлдері— Виктория, Танганьика, Ньяса және басқалары Орталық және Шығыс Африканың аралығындағы табиғи мөже болып табылады. Қалған территориясында Чад пен Нгами көлдері өз көлемдерінің таяз сулығымен, деңгейлерінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Бірқатар Африка өзендерінің (Ніл, ішінара Нигер және басқалары) суы жер суландыру үшін пайдаланылады. Кейбір өзендер (мәселен, Ніл, Нигер, Конго, Гамбия және басқалары) өздерінің едәуір ұзын жерлерінде транспорт жолдары ретінде қызмет етеді.
Африка ең ыстық материк болып саналады, өйткені оның территориясының үлкен бөлігі тропиктік ендіктерде жатыр және орташа жылдық температурасы 25°С-тан асады. Солтүстік жарты шардағы тропиктік климат зонасының шегінде:
Африканың өсімдіктер дүниесі бай және әр алуан. Африканың жалпы жер келемінің шамамен 16%-ін орман, 37%-ін шөп жамылғылы дала алады; шөл бүкіл территориясының 39%-ін құрайды.
Африканың жер бедерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Материктің экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік-шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200 ден 1000 м-ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.
Материктің шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Кайназой эрасында Африка-Арабия біртұтас литосфералық плитасының Еуразия плитасымен ығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан Қызыл теңіз арқылы бөлінген. Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарылыстары немесе қыраты деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай, Замбези өзенінің сағасына дейін 6500 км-ге созылған. Жер бедерінің келесі бір ерекшелігі материктегі ірі шөлдердің орналасуы. Оларға Сахара, Намиб, Калахари, Ливия шөлдері. Материктің ең ауқымды жерін алып жатқан Сахара шөлі. Материктің солтүстігінен орталық бөлігіне дейін созылып жатқан шөлдегі жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз, ішкі бөліктерінде кейде бірнеше жылдар бойы жаңбыр жаумайды. Бұлт болмайтындықтан күн сәулесі жер бетін қатты қыздырады. Тау жыныстары күндізгі ыстық пен түнгі суық әсерінен шатынап, сынып, қиыршық тасқа айналады. Сол себепті Сахарада тасты шөлдер кең тараған. Оларды жергілікті халық Хамада деп атаған екен.
Жануарлар дүниесіне келсек шөл климатына бейімделген. Көптеген жануарлар су іздеп алысқа бара алады, кей-біреулері ұзақ уақыт бойы сусыз тіршілік етуге бейімделген. Сахарада бір өркешті жабайы түйелер, бөкендер, қорқау қасқырлар мен шибөрілер мекендейді.
Өсімдіктерден тамыры күшті дамыған, ылғалды өте тереңнен алатын өсімдіктер кездеседі.
Африка пайдалы қазбаларға аса бай материк. Пайдалы қазбалардың көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы және орналасуы жер қыртысының құрылымы мен даму тарихына байланысты. Фосфориттің дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік Африкада көмірдің мол қоры бар.
Африканың қазба байлықтарынан АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойы өз қажеттеріне пайдаланды.

V. Жаңа білімді бекіту.
«Жүз рет естігенше, бір рет көр» карта мен жұмыс
Африканың шеткі нүктелерінің координатасын анықтату
1. Солтүстік шеткі нүктесі: Эль-Абьяд
Оңтүстік шеткі нүктесі: М.Игольный
Батыс шеткі нүктесі : М.Альмади
Шығыс шеткі нүктесі: М.Рас-Хафун
2. «Мылқау карта» ойыны.
Оқушыларға сандар мен белгіленген контур тарта таратылып беріледі.

3. «Қызықтар әлемі»
1.Африка материгі ежелгі қандай материктің құрамында болған? \Гондвана\
Африкада тіршілік үшін ең қажетті ағаш баобаб өседі.Оның жемісі өте дәмді,әрі С дәрумені мен кальцийге бай. Оның жемісінің сыртқы қабығы ыдыс ретінде пайдаланылады.Жапырағы мен тамырынан сорпа қайнатылады. Оның қабығы мен сүрегінен арқан есіледі.Олардың жауы пілдер. баобабтың құрамында 120 литрдей су болады. Баобаб Африканың киелі рәміздерінің бірі. Ғалымдардың есебі бойынша баобаб ағашы 4-5 мың жылға дейін өсіп тұрады екен.
2 . Жерорта теңізі мен Қызыл теңіздің аралығындағы Африка мен Еуразияны жалғастырып тұрған мойнақ. \ Суэц мойнағы\
«Қазан» көл .Шығыс Африкада орналасқан Киву көлі кей кезде «балық сорпасы» қайнап жатқан алып қазанға ұқсайды.Бұл көл Кутуро жанартауына жақын жатқан лықсымалы ойпаңда орналасқан.Жанартау атқылаған кезде лава ағып келіп көлге қосылып, қайнай бастайды да, көлдегі балықтар және балдырлар қоса қайнайды.Мұндай қайнаған балық сорпасы» кейде бірнеше аптаға созылады.Жанартау атқылауы тоқтаған кезде жергілікті тұрғындар көлге жұзіп келіп,онда қайнап піскен балықтарды жинап алып,оларды тағам үшін пайдаанады.
3.Ніл өзенін зерттеген ғалым \В.В.Юнкер\
Африка саванналарында Туркан тайпасы өмір сүреді. Олар шаштарын әшекейлеп жүреді. Ер адамдар бастарына балшықтан қалқан жасап алады. Оған түйеқұстың қауырсындарын қадайды. Туыстар немесе достар өзара бірігіп бір мезгілде шаштарын қырып алып түскен шаштарды бір ыдысқа салып балшықпен араластырып бастарындағы қалқанға апарып желімдейді. Әкесі өлген соң оның шашын үлкен ұлы өз басындағы қалқанына қосып алады. Кейбір басқа киетін қалқандарда үш, кейде төрт ұрпақтың шаштары жиналады. Туркандар жыландардың арасында жалаңаяқ жүре береді. Олардың өлімге душар ететін уларынан да қорықпайды. Өйткені олар жарақаттанған жерлеріне әр түрлі жыландардың кептірілген уын жағады. Осылайша оларды уға қарсы төзімділік қалыптасыды
4.Материктің жағалауын қай мұхиттың сулары шайып жатыр.\Атлант,Үнді\
Бушмендер әрі көңілді әрі қайсар, өте ерекше адамдар. Олар өте жылдам жүгіретін желаяқтар. Бушминдер шын мәнінде кәдімгі қалыпта оңтүстік Африканың киіктеріне ұқсап үнемі жеңіл жорға жүріспен жүреді.
5.Материктің солтүстік шеткі нүктесі
Африканың шөлдерінде кәдімгі құрма палмасы өседі.Оның бір түп ағашы 1 жылда 100-200 дейін жеміс береді және ол 100 жыл бойы жеміс беруін жалғастырады. Қазірдің өзінде кейбір алыс аудандарында тенгенің орнына құрма жүреді. Көптеген әулеттер сүйікті қыздарының аттарын «құрма» деп қойған .
6.Қай ғасырларда материктегі зерттеу жұмыстары тоқтап тұрды және неліктен? \Еуропа елдері жаңа дүниені игеру мақсатында Африкадан құлдардар көптеп әкеті , байлықтарын тонады, 18ғасырға дейін созылды.\
Құрлықтағы ең ірі жануар АФРИКА ПІЛІ, оның салмағы 7,5 тоннаға дейін тартады. Күрек тісінің ұзындығы 4 метрге жетеді. Піл 1 жыл ішінде 50 тоннаға дейін өсімдікпен қоректенеді Пілдердің тістері 60 жасқа толғанда мұқала бастайды .Пілдердің иіс сезуі иттермен салыстырғанды өте жақсы жетілген.Пілдердің тұмсығы өте күшті олар 200 келі жүкті қиналмай көтере алады.
7.Материктің атауы қалай шыққан?\ бер бер тайпаларының атауы Африги\
«Сиялы » көл. Алжирдің Сидильбель¬¬ Аббес қаласының тұрғындары үшін дүкендерден сия алу қажет емес.Сол қаланың маңында тұтас сиядан тұратын көл бар.Ол қайдан пайда болған ? Ол шағын екі өзеннің қосылуынан пайда болған. Оның біреуінің суы темір тұздарымен, ал екіншісі шымтезектен тұрады. Бұл көлдегі сия кәдімгі сия сауыттың ішіндегі сияға ұқсас.Бұл көлден сиядан басқа балықты немесе басқа да тіршілік иелерін көре алмайсын.Оның суы тек жазуға жарайды екен.
8.Материктің ауданы қанша? \
Африкадағы саванна тұрғындарының сүйікті тағам термиттер.Олар тропикалық тұрғындар үшін нәруыз көзі болып табылады.Таракандарға ұқсас бұл жәндіктердің өз шырындарына бұқтырылған немесе қуырылғаны жергілікті тұрғындардың сүйікті тағамы.
9.Материктегі аралдарды ата\ Мадагаскар,Занзибар,Сокотра Канар,Жасыл мүйіс, Мадейра\
Жер бетінде шоколад иісі шығатын гүл бар екен.
Ол "Қара космея" Африка материгінде өседі. Гүлдерінің диаметрі
4 сантиметрді құрайды. Қою қызыл түсті келетін және ванилиннің нәзік иісі мүңкіп тұратын гүл тәбетіңізді бірден ашады. Өкінішке орай, оның жеуге жарамды жері жоқ. Шоколад иісі гүлден шуақты, жылы күндері қатты шығып тұрады екен. Жақсы күтім жасалған жағдайда оның гүлі бірнеше ай бойы жайқалып тұра алады. Ал сабағы мен жапырақтарында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ.

10 .Африканың табиғатын зерттеуде үлкен үлес қосқан ғалым \Д.Ливингстон\
Бүгінде бананды білмейтін жан жоқ. Күнделікті болмаса да пайдаланамыз. Бұл жағымды , тәтті жеміс қана емес денсаулыққа пайдасы да зор. Енді құрамына, қуатына келейік. 100г. Жемістің қуаты 90 ккал-ны құрайдыекен. Құрамында 20% углевод, 16% қант, мұнан өзге Е, С, В6 сияқты дәрумендермен қатар как калий, магний, натрий сияқты микроэлементтер бар, майдық құрамн таба алмайсыз. Банан талшықтары ағзаға тез сіңіп, қорытылып кетеді.
Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, күнделікті дастархан мәзіріне осы тропикалық жемісті енгізіңіз.Дәрігерлер күніне екі рет банан жеген қан қысымын төмендетіп, инсульттің дамуына кедергі болады дегенді айтады. Сондай-ақ күніне тек банан ғана жесеңіз, артық салмақтан арылуға да болады.
IV. Сергіту кезеңі. Африканың тіршілік дүниесі туралы бейнематериал көрсету

VI. Қорытындылау кезеңі. Оқушылар «Африка материгінің құжаты», «ең, ең, ең...» тапсырмаларын орындау арқылы сабақты түйіндейді.
1. Африка материгіндегі ең үлкен шөл \Сахара\
2.Материктегі ең ұзын өзен \Ніл\
3.Материктегі ең ірі сарқырама \ Тугела\
4. Материктегі ең биік шыңы\ Калиманджаро\
5.Материктің ең төмен орналасқан жері \Ассаль көлінің деңгейі\
6.Материктегі ең үлкен көл \Виктория\
7.Материктің ең ірі аралы \ Мадагаскар\
8.Материктің жағалаулары қандай?\ Аз тілімделген, көбіне таулы,тік беткейлі,материктік қайраңы жіңішке.

VIII. Бағалау
VII. Үйге тапсырма:
- §44 оқу
- кескін картаға Африка материгін түсіру

Моя дружная команда
Отправляемся мы в путь
Много взять с собою надо…
Компас, карту не забудь!
К неизвестным берегам держим курс мы господа.
Там река глубокая есть на материке,
Самая широкая, из известных рек.
Там – стеною на пути –
Джунгли непролазные:
Ни индейцу не пройти,
Ни туристу праздному.
Там на водопой спешат
Звери утром ранним,
А в воде кишмя кишат
Страшные пираньи.
Там над Андами парит
Птица кондор,
В джунглях ползает змея –
Анаконда.

1.Жер шарындағы ең ыстық материк.
А) Австралия Ә) Еуропа Б)Африка В)Оңт. Америка
2. Африка материгінің жер көлемі.
А)30,3 млн.км2 Ә) 30,6 млн.км2 Б)24,2 млн.км2 В)18,6 млн.км2
3. Африканың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі.
А)Ассоль көлі Ә)Өлі теңіз Б)Өлім аңғары В)Эир көлі
4.Ассаль көлінің деңгейі.
А)-120м Ә)-140м Б)-86мВ)-153м
5.Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі.
А)Кения Ә)Келиманджаро Б)Камерун В)Аканкагуа
6.Ең биік нүктенің биіктігі.
А)5190м Ә)5895м Б)4620м В)4100м
7.Африканың оңтүстік шығысындағы ең ірі арал.
А)Комор Ә)Канар Б)Мадагаскар В)Сейшель аралы
8.Африканың ең ірі көлі.
А)Танганьика Ә)Ньяса Б)Виктория В)Чад
9.Материктегі ең үокен сарқырама?
А)Виктория Ә)Анхель Б)Тугелия В)Игуасу
10.Атлант мұхиты мен Жер орта теңізін жалғастыратын бұғаз.
А)Гибралтар Ә)Суэц Б)Мозамбик В)Ормуз

Шіркін-ай, жер бетінде гүлдің келбетінен сұлу, гүлдің иісінен тәтті не бар десеңізші! Әсіресе, осы бір нәзік жаратылыстан шоколад иісі мүңкіп тұрса, айтарыңыз бар ма? Жо-жоқ! Сіз жаңсақ түсінген жоқсыз. Жер бетінде шоколад иісі шығатын гүл бар екен.
Cosmos atrosanguineus деп аталатын гүл-өсімдік (қазақшасы "қара космея") климаты суықтау келетін елдерде өседі. Оның негізгі отаны - Мексика. Көпшілігінің биіктігі 60 сантиметрден асады. Өсімдік ғылымға 1902 жылдан бері белгілі.

Гүлдерінің диаметрі төрт сантиметрді құрайды. Қою қызыл түсті келетін және ванилиннің нәзік иісі мүңкіп тұратын гүл тәбетіңізді бірден ашады. Өкінішке орай, оның жеуге жарамды жері жоқ. Шоколад иісі гүлден шуақты, жылы күндері қатты шығып тұрады екен. Жақсы күтім жасалған жағдайда оның гүлі бірнеше ай бойы жайқалып тұра алады. Ал сабағы мен жапырақтарында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ.

Тілін тапсаңыз, гүлді бөлмеде өсіруіңізге де болады. Әлемдегі ең үздік деген бағбандар өз коллекцияларының қатарына "шоколад иісті гүлді" қосуды армандайды. Өйткені, гүл өте сирек кездесетіндіктен, оны қолға түсіру өте қиын.
Африканың табиғаты, елдері мен халықтары
Географиялық ортасы. Африканың географиялық жағдайлары Африканы қоныстанған халықтардың практикалық тіршілік әрекетіне қатысты қажетті экологиялық жағдайлар, азықтық және техникалық қорлар ретінде жұм-салатын табиғат элементтері мен олардың региондық жағынан ұштасып келуінің өзгеше әр алуан болуымен ерекшеленеді. Бұл табиғат жағдайлары және күштерімен меңгерілген мыңдаған жылдар тереңінен келе жатқан процестер Африка халықтарының бүкіл шаруашылық-мәдени тарихыкың материалдық негізін құрайды.
Африка — көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк — жер беті құрылығының шамамен бесінші бөлігін (жанасып жатқан аралдарымен бірге 30,3 млн. шаршы км) алып , жатыр. Африка континенті солтүстік жарты шарда да, сондай-ақ оңтүстік жарты шарда да бірдей дерлік үлес алады, әрі оның көп бөлігі тропиктік белдеуде жатыр. Континент солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 километрге, оныя, солтүстік бөлігі батыстан шығысқа қарай 7000 километрге, ал оңтүстік бөлігінде 3000 километрден астамға созылады. Африканы солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант Мұхиты, шығысында Үнді мұхиты шайып жатыр. Африканың жағалау сызығьі нашар дамыған: ең ірі түбегі — Африка Мүйісі; теңіз акваториясы материкке онша терең сұғынбаған континент-тің көптеген ішкі аймақтары Дүние жүзілік мұхиттан 1000-нан 1500 километрге дейін қа-шықта жатыр. Ең үлкен аралы — Африка континентіне оңтүстік-шығыстан жанасып жатқан Мадагаскар.
Неғұрлым ірі өзендері бесеу — Ніл, Конго, Нигер, Замбези және Оранжевая; олардың бассейндері Африканын, бүкіл территориясының үштен бір бөлігінен астамын алады. Ірі көлдері— Виктория, Танганьика, Ньяса және басқалары Орталық және Шығыс Африканың аралығындағы
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Пәні: География

Африка — көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк — жер беті құрылығының шамамен бесінші бөлігін (жанасып жатқан аралдарымен бірге 30,3 млн. шаршы км) алып , жатыр. Африка континенті солтүстік жарты шарда да, сондай-ақ оңтүстік жарты шарда да бірдей дерлік үлес алады, әрі оның көп бөлігі тропиктік белдеуде жатыр. Континент солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 километрге, оныя, солтүстік бөлігі батыстан шығысқа қарай 7000 километрге, ал оңтүстік бөлігінде 3000 километрден астамға созылады. Африканы солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант Мұхиты, шығысында Үнді мұхиты шайып жатыр. Африканың жағалау сызығьі нашар дамыған: ең ірі түбегі — Африка Мүйісі; теңіз акваториясы материкке онша терең сұғынбаған континент-тің көптеген ішкі аймақтары Дүние жүзілік мұхиттан 1000-нан 1500 километрге дейін қа-шықта жатыр. Ең үлкен аралы — Африка континентіне оңтүстік-шығыстан жанасып жатқан Мадагаскар.
Неғұрлым ірі өзендері бесеу — Ніл, Конго, Нигер, Замбези және Оранжевая; олардың бассейндері Африканын, бүкіл территориясының үштен бір бөлігінен астамын алады. Ірі көлдері— Виктория, Танганьика, Ньяса және басқалары Орталық және Шығыс Африканың аралығындағы табиғи мөже болып табылады. Қалған территориясында Чад пен Нгами көлдері өз көлемдерінің таяз сулығымен, деңгейлерінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Бірқатар Африка өзендерінің (Ніл, ішінара Нигер және басқалары) суы жер суландыру үшін пайдаланылады. Кейбір өзендер (мәселен, Ніл, Нигер, Конго, Гамбия және басқалары) өздерінің едәуір ұзын жерлерінде транспорт жолдары ретінде қызмет етеді.
Африка ең ыстық материк болып саналады, өйткені оның территориясының үлкен бөлігі тропиктік ендіктерде жатыр және орташа жылдық температурасы 25°С-тан асады. Солтүстік жарты шардағы тропиктік климат зонасының шегінде: Батыс Сахара, Марокконың орталық және оңтүстік бөліктері, Алжир Мен Тунис, Мавритания, Чад пен Нигер аймақтарының солтүстік бөліктері, Судан, Эфиопия мен Сомали жатыр. Бұл территорияда ете құрғақ континентті климат үстем. Кей жерлерде бірнеше жыл бойы жауыншашын жаумайды. Оңтүстік жарты шардың тропиктік зонасы — Ангола, Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, ЮАР, Мадагаскардың бір белігі Сахараға қарағанда температурасының неғұрлым төмендігімен және қуаңшылықтың аздығымен сипатталады. Намибия мен Ботсвананың кейбір аудандарын қоспағанда). Африканың солтүстігі мен оңтүстіпндегі енсіз алқаптар неғұрлым ылғал және бірдей субтропиктік климат зонасында жатыр.
Африканың өсімдіктер дүниесі бай және әр алуан. Африканың жалпы жер келемінің шамамен 16%-ін орман, 37%-ін шөп жамылғылы дала алады; шөл бүкіл территориясының 39%-ін құрайды.


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
а) білімділік: Африканың жер бедерінің басты ерекшеліктері мен жер бедерінің қалыптасуына әсер етуші күштер, пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары жөнінде білім беру;
ә) дамытушылық: оқушыларды өздігінен білім алуға, ізденімпаздыққа, картамен жұмыс жасай отырып, өз ойларына қорытынды жасай білуге, тірек –сызбаларды қолдана отырып білімдерін дамыту;
б) тәрбиелілік: оқушыларды біліктілікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап
(тірек-сызбалар)
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Дүниежүзінің физикалық картасы, схемалар, сөзжұмбақ, тесттер, атлас.
Сабақ өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Жаңа сабақ
IV.Жаңа білімді бекіту
V.Қорытынды. (үйге тапсырма, бағалау)
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, журнал бойынша оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Африканың географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.
Шығармашылық жұмыс.
1 қатар. Сөзжұмбақ
2 қатар. Жұмбақ
3 қатар. Ребус
Дүниежүзінің физикалық картасымен жұмыс істеу.
III. Жаңа сабақ.
Африка материгі-Жер планетасындағы үлкендігі және халқының саны бойынша екінші орынды алатын құрлық.
Африка материгі солтүстігінде Жерорта теңізімен, солтүстік-шығысында Үнді мұхитымен, ал батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Былай қарағанда, құрлықты барлық жағынан теңіздер мен мұхиттар шайып жатыр.
Африканың жер бедерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Материктің экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік-шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200 ден 1000 м-ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.
Африка платформасында ұзақ уақыт бойы бірде баяу көтерілу, бірде төмен қозғалыстары болып отырған.Соның нәтижесінде қалдық таулар мен Дарфур тәрізді үстірттер қалыптасты. Материктің шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Кайназой эрасында Африка-Арабия біртұтас литосфералық плитасының Еуразия плитасымен ығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан Қызыл теңіз арқылы бөлінген. Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарылыстары немесе қыраты деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай, Замбези өзенінің сағасына дейін 6500 км-ге созылған. Жер бедерінің келесі бір ерекшелігі материктегі ірі шөлдердің орналасуы. Оларға Сахара, Намиб, Калахари, Ливия шөлдері. Материктің ең ауқымды жерін алып жатқан Сахара шөлі. Материктің солтүстігінен орталық бөлігіне дейін созылып жатқан шөлдегі жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз, ішкі бөліктерінде кейде бірнеше жылдар бойы жаңбыр жаумайды. Бұлт болмайтындықтан күн сәулесі жер бетін қатты қыздырады. Тау жыныстары күндізгі ыстық пен түнгі суық әсерінен шатынап, сынып, қиыршық тасқа айналады. Сол себепті Сахарада тасты шөлдер кең тараған. Оларды жергілікті халық Хамада деп атаған екен.
Жануарлар дүниесіне келсек шөл климатына бейімделген. Көптеген жануарлар су іздеп алысқа бара алады, кей-біреулері ұзақ уақыт бойы сусыз тіршілік етуге бейімделген. Сахарада бір өркешті жабайы түйелер, бөкендер, қорқақ қасқырлар мен шибөрілер мекендейді.
Өсімдіктерден тамыры күшті дамыған, ылғалды өте тереңнен алатын өсімдіктер кездеседі.
Африка пайдалы қазбаларға аса бай материк. Пайдалы қазбалардың көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы және орналасуы жер қыртысының құрылымы мен даму тарихына байланысты. Фосфориттің дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік Африкада көмірдің мол қоры бар.
Африканың қазба байлықтарынан АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойы өз қажеттеріне пайдаланды.
IV. Жаңа білімді бекіту.
Сөзжұмбақ
Сұрақтары
1.Африка материгінің шығысыдағы ірі түбек қалай аталады?
2.Материктің батысында орналасқан арал.
3.Ертеректе жанартау атқылаудың ірі орталығы болған тау.
4.Шөгінді жыныстар қалың жиналған бөліктегі кен орны.
5.Материктегі 12 км-лік бұғаз қалай аталады?
6.Альпі және Гималай тауларымен бір мезгілде Африкада көтерілген тау жүйесі.
7.Материктегі үлкен шөл.
8.Африканың оңтүстігіндегі палеозой эрасында көтерілген тау жүйесі.
9.Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі.
10.Оңтүстік Африкада қандай пайдалы қазбаның мол қоры бар?
V. Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.