Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Озық ойлы озаттар -

Озық ойлы озаттар

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2758 | Размер: | Автор: munira
. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Жалпақтал ауылы К.Мендалиев атындағы
орта жалпы білім беретін мектебінің
география пәні мұғалімі,
Сағынғалиева Жайнагүл Ғибратқызы
Тақырыбы: Озық ойлы озаттар
Мақсаты:
а) Қайталау – білім анасы демекші оқушылардың «Материктер мен мұхиттар» географиясы бойынша жыл бойы алған білімдерін саралау;
ә) География пәнінің жан-жақты байланыстылығын түсіндіру, тез ойлау және ұтқырлық қабілеттерін шыңдау;
б) Оқушыларды топпен жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа, бір-біріне көмектесе білуге баулу;
Түрі:Сайыс сабақ
Ойын шарты
І Таныстыру
ІІ Блиц турнир
ІІІ Сен білесің бе?
ІV Ол кім? Бұл не?
V Сегіз қырлы....
VI. Ерекше атаулар
ІБөлім
Таныстыру ( Әр топ географиялық атауға сәйкес өз атын және ол туралы мәліметтерін презентациялайды)Үй тапсырмасы
ІІ Бөлім
Тау, дала, өзен, теңіз, бүкіл әлем
Жаралған құдіреттің күшіменен.
Сіздер ғой соның бәрін оятатын,
Түрткілеп таяқшаның ұшыменен демекші ІІ бөлімде аталған географиялық атауды сипаттап, екіншісі оны картадан көрсетеді.(5 секунд ішінде жауап беруі тиіс)
1.Араб - теңіз, түбек
2.Қара, қызыл, сары, ақ – теңіз
3. Хамада –тасты шөл
4. Такла-макан-шөл
5. Карпентария-шығанақ
6. Гиндукуш- тау
7.Калифорния-шығанақ, түбек
8.Гурон-көл
9. Аляска-түбек, шығанақ
10.Ла-Плата-жазық
11.Өлі теңіз-ойыс
12. Меконг-өзен
13. Вили-вили-жел
14. Суматра-арал
15. Айдаһар-тау
ІІ топ
1.Куросио-ағыс
2.Бәдәуи – көшпелі арабтар.
3. Малакка – түбек, бұғаз.
4. Бенгал-шығанақ
5.Крик-кеуіп қалған арна
6.Тигр-өзен
7. Рока-мүйіс
8.Кума-маныч-ойыс
9.Ориноко-өзен, ойпат
10.Сомали-түбек
11.Казуар-құс
12.Эвкалипт -ағаш
13. Гибсон-шөл
14. Лабрадор-түбек
15.Хонсю-арал

ІІІ Бөлім Капитандар сайысы
Ағыстай мұхиттардың астындағы,
Тым тылсым ғылым-өзен тасқындары
Отанын сүйіп өсер қашандағы,
Жер суын біліп өссе жастың бәрі. Бұл бөлімде материктің ең негізгі табиғат ерекшеліктерінен топ басшысына сұрақ қойылады.
1. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)
2. Ең терең көл?(Байкал-1620м)
3. Ең үлкен көл? (Каспий-390 мың км2)
4. Ең биік сарқырама(Анхель-1054м)
5. Әлемдегі ең ауыр жыртқыш-Касатка (салмағы 9000 кг, ұзындығы 9 м)
6. Ең ұзын өзен?(Ніл-6671км)
7. Әлемдегі ең ауыр жәндік–Голиаф-қоңыз (70-100 г)
8. Жауын шашые ең көп түсетін жер(Черапунджи-12000мм)
9. Әлемдегі ең биік сүтқоректі-Керік (6 м)
10. Ең үлкен арал (Гренландия 2,6млнкм2)
1. Әлемдегі ең құрғақ жер-Атакама шөлі (жылына 1 тамшы жаңбыр жаумайды).
250мың)
2. Ең алғашқы ұлттық парк (Йеллоустон 1872 АҚШ)
3. Жер шарныдағы ең жоғары температура (+58Әл-Азизия)
4.Ең үлкен шөл (Сахара 7 млн)
5. Ең ұзын ел (Чили)
6. Әлемдегі ең биік шөп-Бамбук (25 м)
7. Әлемдегі ең ұзын бұғаз-Мозамбик (1670 км)
8. Әлемдегі ең ұзын тұщы көл-Танганьика (1470 м)
9.Ең төменгі температура (-89 Антарктида)
10.Африкадағы ең аласа халық (пигмейлер 150см төмен)



ІV Бөлім Ол кім? Бұл не? (Бейне сұрақтар)
Терезеден сұрақтар таңдалады.Сұрақ деңгейіне байланысты ұпай беріледі.
1.Әлемді алғаш айналып,
Жерді шар деп жар салып
Кім еді тұңғыш жиһанкез,
Ойын тапқан аңғарып (Фернан Магеллан) (10 ұпай)
2.Оның «Географика» деп аталатын еңбегінде жер туралы мәлімет жинақталып, «география» сөзін ғылымға алғаш енгізілген. Сондықтан оны «Географияның атасы» деп атайды?(Эратосфен) (20)
3.Еуразия жағалауына бірнеше саяхат жасалғанымен оның ішкі аудандарына аяқ басу көп жылдарға дейін мүмкін болмады.Оған Орта Азияның биік таулы өлкелері кедергі болған еді. Осындай қиындықтарға қарамастан алғаш болып Орта Азияға сапар шегіп, 15 жыл бойы 33 мың км жер жүріп, жабайы жылқы жабайы түйені тапқан саяхатшы ғалым кім?(Н.Пржевальский) (20)
4. Алғаш қырғыз «Манасын» жазып алған,
Қашқарияға өзгеден бұрын барған
Кім еді орыстың география қоғамына,
Қазақтан тұңғыш рет мүше болған (Ш.Уәлиханов) (10)
5.Бұл шың «Таудың ана құдайы» деген мағына береді. Алғаш адам баласы мұнда 1953 жылы аяқ басқан болатын. Ал Қ.Уәлиев бастаған қаза альпинисттері мұны 1982 жылы бағындырды.Бұл қай шың?
(Джомолунгма 8848м)(10)
6. Анд тауының бұл эндемик жануары түйе тұқымдасына жатады.Оның викунья, гуанако деген жабайы түріде бар, ал оның кейбір түрлерін адамдар қолға да ұстайды?Бұл не? (лама)(20)
7.Африканың ылғалды экваторлық зонасында мекендейтін бұл жәндіктер қауіпті болып саналады. Оль жолындағы көпірлер мен үйлерді бұзып зор шығынға ұшаратып, залал әкеледі.Бұл не? (термит)(20)
8. Бұл ағаш Ніл өзені жағалауында өседі.Оның жапырақтарымен тоқылған бойрамен жергілікті халықтар үйлерінің төбесін жабады.Оны шарасыздық жағдайда ғана кесіп, аза тұтады.Бұл қандай пальма? (Құрма ағашы)(10) Сергіту сәті (Көрермендерге жұмбақтар қою)
V Бөлім
География пәнінің жан-жақты байланыстылығын ашуға негізделген.
1. (математика) Эхолот арқылы теңіз тереңдігін өлшеу дыбыстың суда таралу жылдамдығына негізделген.Кемедегі құралдан мұхит түбіне дыбыс жіберіледі. Дыбыс теңіз түбіне жеткен соң одан жаңғырығы құрылғыға қайтадан естіледі. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1 секундта – 1500 метр.Дыбыс жаңғырығы құрылғыға 8 секундта естілді делік, сонда мұхиттың тереңдігі қанша?
2. (қазақ тілі) Жер шарының аса ірі дүние бөлігін ежелгі гректер екіге бөлген.Месопотамияны мекендеген ежелгі финикиялықтар бұл дүние бөліктерін «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деп атаған. Нәтижесінде Еуропа, Азия атаулары пайда болды. Тіл ғылымында жер су атауларының шығу тарихын зерттейтін саланы қалай атайды?
3. (тарих) Ежелгі дәуірде тарихтың атасы – Геродот өзінің «Тарих» еңбегінде география туралы алғаш түсінік берді.Орта ғасырдың өзінде география ғылымы араб саяхатшыларының зерттеуімен дами бастады. Ал география ғылымының тарихында үлкен бетбұрыс жасаған Ұлы географиялық ашылулар кезеңі қай ғасырда болған еді?
4. (әдебиет) Шеті бойлап, арктика ішіне,
Үш мұхитқа еркін жүрген көсіле,
Ағашы мол қай ел еді дамыған,
Жапырақты салған жалау төқсіне
5. (геометрия) Жер шар тәрізді болғандықтан голбустағы жер бетін жазық картаға көшіргенде бұрмалануға ұшырайды. Сондықтан оны азайту үшін проекциялар қолданады.Белгілі бір нүктеден жан-жаққа таралған кеңістікті бейнелеу үшін , мысалы полюстерде проекцияның қандай түрін пайдаланады?
6. (химия) Ауа дегеніміз әр түрлі газдардың қосындысы.Оның ішінде нігізгі бөлігін азот пен оттегі алады.Құрғақ ауа көлемінің 78% азот, 21 % оттегі.Көмір қышқыл газы небары 0,03%.Оның қызметі қандай?
7. (физика) Толысу мен қайту теңізде байқалатын құбылыс.Ол тәулігіне 2 реттен қайталанады.Оны ағылшын ғалымы И.Ньютон ашқан болатын.Толысу мен қайту ненің әсерінен болады деп айтты?
8. (биология)Мұхиттағы тіршілік дүниесі жүзу деңгейіне байланысты 3-ке бөлінеді. Ең жоғары қабатында планктон(кезеген), одан төменгі қабаты – нектон (қалқыма),ал ең тереңде мекендейтін тіршілік иелерін қалай атайды?
VI Бөлім Ерекше атаулар
1.Қандай екі елдің атында бір әріптен айырмашылық бар?
2.Қандай екі елдің атында бір әріптен айырмашылық бар?
3. Токио қаласының атын ауыстырып оқысақ Жапонияның тағы бір қаласы шығады.
4. АҚШ-тың бір қаласы ең үлкен жыланның атымен аталған.
5. Кетчуп аттас ел.
6. Ең ұзын сөзді қала
7. Орыс қызының есімі берілген астана.
8. 2 буын 2 рет қайталанатын көл.
9. Ол аттас арал, көл әрі сарқырама бар.
10. «П» әріпін қойсақ – Америка елі, «М» әріпін қойсақ араб елінің астанасы шығады.
Марапаттау
Қорытынды.

(Сабақ жоспарындағы өлең шумақтары журналдан алынды)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.