Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Солтүстік Америка материгіне саяхат. -

Солтүстік Америка материгіне саяхат.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 286 | Просмотров: 2065 | Размер: 51.4 Kb | Автор: munira
. Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат

Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу.
Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Саяхат сабақ арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Өздік ізденіс жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Материкке шолу
IV. Бекіту
V. Қорытындылау. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Солтүстік Америка)
-Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды)

Ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт
Ұзын тау – Кордильера Ең биік ағаш – секвоя

Ең үлкен арал – Грнеландия Ең үлкен каньон – Колорадо


Ең үлкен тау мұздығы – Аляска
ІІІ. Материкке шолу.
-Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып төрт топқа бөлініп жұмыс жасайды)

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.
1-тапсырма
Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу. (әр топтан бір оқушы шығып орындайды)
1 топ – Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)
2 топ – Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)
3 топ – Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі)
4 топ – Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі)

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
2-тапсырма
Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандарда зерттеушінің суреті тұрады атын және ашқан жерлерін табуы тиіс)
Жылдар және ғасырлар Зерттеушілердің
аты-жөні мен суреттері Ашқан және зерттеген жерлері
1492 жылы Хростофор Колумб

Материктің оңтүстік жағалауын ашты
ХV ғасырда Джон Кабот Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты
ХVІІ ғасырда Генри Гудзон
Александр Макензи Материктің солтүстік және шығыс жағалауында жаңа жерлерді ашты
1741 жылы Витус Беринг
Алексей Чириков
Аляска жағалауын зерттеді

ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ
3-тапсырма
Кескін картада белгіленген сандарда қай объектілер орналасқан және пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру. (1-топ мұнай, 2- топ тас көмір, 3-топ темір, 4-топ табиғи газды түсіреді)
1-топ мұнай
2- топ тас көмір
3-топ темір
4-топ табиғи газ

№1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)
№2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)
№3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Орталық жазық)
№4- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Ұлы жазық)

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР.
4-тапсырма
-Солтүстік Америка материгінің климаты қай материкпен ұқсас? (Еуразия)
-Неше кламматтық белдрек кесіп өтеді? (6 белдеу)
Климаттық белдеулерге байланысты сұрақтарға жауап беру.
№1- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)
№2- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)
№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)
№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)

ІШКІ СУЛАРЫ
5-тапсырма
Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу.
Өзендерінің ерекшеліктері Себептері Жауаптары
Миссисипидің күрделі режимін а) сең жүру көктемнің аяғында жоғары ағыстан басталады 1-ә
Жаз айынның басында Макензи өзенінің төменгі ағысында мұз кептеулері жиі пайда болып тұрады ә) бірнеше климаттық белдеулер арқылы ағып өтеді 2-а
Колораданың саласы жоққа тән б) жауын-шашын көп болады 3-в
Колумбияның жыл бойына суы мол в) жауын-шашын аз түседі 4-б

ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ
6-тапсырма
Сандық диктант: Төменде берілген зоналарға сәйкес келетін белгілерді санмен көрсету.
№1 топ. Арктикалық шөл – 6, 2
№2 топ. Тундра және тайга – 1,7
№3 топ. Аралас жалпақ жапырақты орман және шөлейт – 4, 5
№3топ. Орманды дала – 3, 8
1. Бұл зонада карибу бұғысы тіршілік етеді.
2. Өсімдігі мүк пен қына.
3. Зонада биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, боз, шалғын т.б. өсімдіктері өседі.
4. Мұнда тікенекті бұталар, жусан өседі.
5. Климаты ылғалды, жұмсақ болып келеді.
6. Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа еңген қойөгіз тіршілік етеді.
7. Жануарлардан қара аю, гризли аюы, сілеусін т.б. бар.
8. Ылғал мен жылу жеткілікті болғандықтан топырағы қара және күрең болып келеді.

ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ
7-тапсырма
Солтүстік Америка материгінің төрт мемлекеті карточкада берілген қай топқа қай ел келеді сол елдің астанасын жазу және картадан көрсету.
Мемлекеттер Астанасы
АҚШ Вашингтон
Канада Оттава
Мексика Мехико
Панама Панама

ІV. Бекіту тапсырмалары. Т Е С Т

І нұсқа

1. Солтүстік Америка материгінің экваторға қатысты орны.
а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр
ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда
б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді
в) тек солтүстік жарты шарда жатыр

2. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.
а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары
б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі

3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.
а) Куба ә) Гаити
б) Баффин жері в) Гренландия

4. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?
а) экваторлық ә) арктикалық
б) қоңыржай в) тропиктік

5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.
а) Калифорния ә) Лабрадор
б) Гольфстрим в) Батыс желдер

ІІ нұсқа
1. Солтүстік Америка материгінің бастапқы меридианға қатысты орны.
а) түгелдей шығыс жарты шарда жатыр
ә) көпшілік бөлігі батыс жарты шарда
б) түгелдей батыс жарты шарда жатыр
в) көпшілік бөлігі шығыс жарты шарда

2. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.
а) -150 м ә) -132 м б) -86 м в) -403 м

3. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.
а) Миссисипи ә) Ниагара
б) Макензи в) Колумбия

4. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?
а) арктикалық ә) қоңыржай
б) тропиктік в) экваторлық

5. «Прерий» деп нені айтады?
а) шөлді ә) саваннаны
б) орманды в) даланы

Жауаптары:
І нұсқа 1 2 3 4 5
в ә в а б
ІІ нұсқа 1 2 3 4 5
б б а ә в
Әр топ бір-бірлерін тексереді. Дұрыс жауабы тақтада жазылып тұрады.

V. Қорытындылау. Бағалау.
-Бүгінгі саяхат-сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? (биік таудың суретінде Қазақстанның туы тұрады ). Әр топ тапсырмаларды жақсы орындады. Өмір де, білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер.

VІ. Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.