Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Теңіздер мен көлдер -

Теңіздер мен көлдер

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3199 | Размер: | Автор: Нартай4540

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Теңіздер мен көлдер

Панель 1
Панель 2
Бекітемін:
Р.Шүкірбаева
Оқу ісі жөніндегі орынбасар
« » « » 2011ж
Пәні:Жаратылыстану
Сыныбы: 5 «а»
Сабақтың тақырыбы: 22. Теңіздер мен көлдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Теңіздер мен көлдер жайлы түсінік бере отырып ,оның географиялық орнына және олардың пайда болу ерекшеліктеріне, шаруашылық маңызына тусінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Әр оқушыны өз қабілетін ашуға ұмтылдыру.Картамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өзара ынтымақтастыққа, жауапкершілікке және экологиялық тәрбие беруге оқыту.
Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, Баяндау,түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта,кескін карта ,кесте.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушыларды сабаққа икемдеу
II.Үй тапсырмасын сұрау. / Ойын түрінде/

“Ең ерекше” кестесін толтыру

Өзіндік ерекшелігі Мұхиттың аты
1. Ең үлкен
2. Ең суық
3. Ең жылы
4. Ең ұзын
5. Ең кіші
6. Ең тұзды
7. Ең оңтүстікте
8. Ең солтүстікте
9. Ең терең
10.Ең енді
11.Жануарлар дүниесіне ең бай
12.Ең мұздысы
13.Ең аралы көп
14.Балық аулау кәсіпшілігі ең жоғары Тынық мұхиты
Солтүстік Мұзды мұхиты
Тынық мұхиты
Атлант мұхиты
Солтүстік Мұзды мұхиты
Үнді мұхиты
Үнді мұхиты
Солтүстік Мұзды мұхиты
Тынық мұхиты
Тынық мұхиты
Тынық мұхиты

Солтүстік Мұзды мұхиты
Тынық мұхиты
Атлант мұхиты

“Кім жылдам” ойыны

Мұхиттар
аты Көлемі
(млн.квкм) Ең терең
жері Орташа
тереңдігі (м) Температурасы
Тынық мұхиты
178620 Мариан
шұңғымасы

11022 +26С
-0,5С
Атлант
мұхиты
91350 Пуэрто-Рико

8742 +21С

Үнді
мұхиты
75870 Зонд

7209 +20С
Солтүстік Мұзды мұхиты
14750


5527

III. Ұй тапсырмасын қорыту. / сұрақ-жауап/

1.Мұхит дегеніміз не?
Жауабы:Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқап

2.Тынық мұхитын ең алғаш жүзіп өткен саяахатшы?
Жауабы:Ф.Магеллан /1520-1521ж/

3.Балық ресурсы мол материк?
Жауабы:Атлант мұхиты

4.Атлант мұхитының тұздылығы?
Жауабы: 36,5

5. Атлант мұхитында қанша мемлекет балық аулау кәсібімен айналысады?
Жауабы: 115


IV.Жаңа сабақты меңгерту /Сызба/
22. Теңіздер мен көлдер
1)Теңіздер- материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі.Құрлықтар мен аралдарға жақын және алыста орналасуына байланысты ішкі,шеткі және арал аралық деп үшке бөлінеді.





2. Көлдер. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.
Көлдің теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысының жоқтығы. Көлдер тауда да жазықта да кездесе береді.Табиғатта ауданы бірнеше метр ғана болатын кішкентай көлдерде кездеседі. Көлдер тереңдігі жағынан да әр түрлі болады.

Қазақстан көлдерінің ішіндегі ең ірілері: Каспий, Арал, және Балқаш.
• Каспий – дүние жүзіндегі ең ірі теңіз. Ол солтүстікпен оңтүстікке қарай 1000 км қашықтыққа созылып жатыр. Біздің елімізге бұл көлдің солтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Оның ең терең жері 1025 метрден асады.

• Арал аумағы жөнінен екінші орын алады. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суы жер суаруға көп жұмсалуына байланысты Арал теңізі тартылып бара жатыр. Оның жағасы 100-200 км дейін шегініп босаған жерлерін тұз бен құм басуда. Қазіргі кезде көл Үлкен және Кіші Аралға бөлінген.

Қазақстанда көлемі жағынан үшінші орында – Балқаш көлі. Бұл көлдің басты ерекшелігі – оның батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы.

Кескін картамен жұмыс

V.Жаңа сабақты бекіту. /кесте түрінде/

1.Төмендегі көлдердің ерекшелігін кестеге сәйкестендіріп
анықтау.

Көлдің аты Ерекшелігі
Каспий теңізі Ауданы жағынан ең үлкен
Жоғарғы көл(Солтүстік Америка) Тұщы су қорына мол көл
Байкал Ең тереңі
Титикака(Оңтүстік Америка Анды тауы) Ең тұздысы
Өлі теңіз(Израиль) Ең төменде орналасқан
Балқаш Жартылай тұзды,жартылай тұщы көл.Климаттың әсерінен ауданын үш есеге дейін өзгертетін көл.
Чад(Африка) Ең тұщысы


2.Кластерлік ассоциация әдісі арқылы сабақты бекіту


Жауабы: Араб ,Жерорта , Қара , Балтық ,Охот,Кариб,Жапон,Фиджи,
Қызыл , Баренц және т.б теңіздер

VI.Қорытындылау. /Сұрақ –жауап/

1. Теңіз дегеніміз не?
Жауабы:Материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі.
2. Көл дегеніміз не?
Жауабы: Материктердің ішіндегі тұйық сулы өлкені айтамыз.
3. Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?
Жауабы:Ішкі теңіздер,Шеткі теңіздер, Арал аралық теңіздер.
4..Ішкі теңіздер дегеніміз не ?
Жауабы:Құрлықтың ішіне қарай тереңірек еніп мұхитпен
немесе жақын теңіздермен бұғаз арқылы жалғасып жатқан теңіздер.
5.Шығанақ дегеніміз не?
Жауабы:Мұхит,теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігі.
5.Бұғаз дегеніміз не ?
Жауабы:Құрлықтарды бір-бірінен бөліп тұрған және теңіз,көл,мұхит суларын бір-бірімен жалғастырып тұрған жіңішке сулы өткел .

VII.Үйге тапсырма.
1.§22Теңіздер мен көлдер
1.Каспий теңізі, Арал теңізі,
Балқаш көліне реферат жазу.
2.Кескін картаға Дүниежүзінің
ірі теңіз,шығанақ,бұғаздарды және көлдерді түсіру

VIII. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.