Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпаратты іздеу әрекеттері. -

Ақпаратты іздеу әрекеттері.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2160 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Ақпаратты іздеу әрекеттері.
Мақсат: Оқушылардың мәліметтер қорындағы ақпаратты іздеу операциясы туралы білімдерін қалыптастыру. Кестелік процессорда МБ-мен жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды ақпаратты іздестіру операцияларымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. Мәліметтер базасы дегеніміз не?
2. Мәліметтер базасының өрісі және мәліметтер базасын жасау дегенімі не?
3. МБ құруда қандай шектеулер бар?
4. МБ қандай жаңа терминдер қолданылады?
3)Жаңа тақырыпқы кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
МБ құрылғаннан кейін жазбалармен келесі: жазбаларды қосу, және өшіру, түзету, ақпарат іздеуді жүзеге асыру, сұрыптау, сұрау бойынша есеп беру операцияларын орындауға болады. Ақпарат іздеу іздеу шарты бойынша жүзеге асырылады. Іздеу шарты логикалық өрнек түрінде жазылады.
Ақпаратты жылдам табу үшін деректер базасындағы жазбаларды сұрыптап алған жөн. Жазбаларды өрістері бойынша өсу немесе кему ретінде немесе алфавиттік ретте сұрыптап, тек содан ғана өздеріңе қажет категориялар бойынша ақпарат алуларыңа болады.
Деректер базасын құрастырғанда оған қандай деректер енгізілетіні, қалай сақталатынын, қандай өрістер түйінді болатынын, оларға қалай шығуға болатынын және өрістердің типін айқындау керек. Бұл процесс деректер базасын жобалау деп аталады. Жобалау компьютердің көмегінсіз жасалады.
Жобалау – деректер базасын теориялық түрде құру.
Ақпараттың өте үлкен көлемін өңдеу және іздеуге арналған ДББЖ деп аталатын арнайы программалар болады.
Мәтіндік редакторда жұмыс істегендегідей деректер базасымен жұмыс істегенде, операциялардың барлығын құжат дайындаудың нақты кезеңінде жатқызуға болмайды. Әр түрлі кезеңдердің операцияларын көп қайтара кездестіруге болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. МБ жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?
2. МБ –сын жобалаудың міндеттері қандай?
3. МБ-да ақпараттарды іздеу қалай жүзеге асырылады?
Тапсырма.
Дәптерлеріңе әркім өздігімен «Оқушылардың жылдық үлгірімінің жиынтық тізімдемесі» деректер базасын жобалаңдар.
1. Деректер базасын құруға қажет ақпарат жинаңдар.
2. Өріс санын және олардың атын, жазбалар санын анықтаңдар. Әрбір оқушы үлгірімінің орта балын есептеу үшін бір өріс қосыңдар.
3. Әрбір өріс үшін өз типін орнатыңдар.
4. Ойластырып жасалған дерек базасына дерек енгізіңдер.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға мәліметтер базасындағы мәліметтерді іздеу және реттеу операциялары туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 9.2, бет. 116-117
Мәліметтерді реттеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.