Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы. -

Ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1451 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы
туралы толық түсінік беру;
2. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру;
3. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау.
Көрнекілігі: оқулық, компьютер, интербелсенді тақта, кесте.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жалпылай тексеру
1. Терезе дегеніміз не?
2. Операциялық жүйе дегеніміз не?
3. Интерфейс дегеніміз не?
4. Windows ОЖ-нің құрамына қандай стандартты программалар кіреді?
5. Стандартты программаларға қатынау үшін қандай әрекеттерді орындау керек?
ІІІ. Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі
1. Ақпараттық технология дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ақпараттық технологиялардың құралдарына қандай құралдар жатады деп ойлайсыңдар?
3. Ақпараттық төңкерістер дегенді қалай түсінесіңдер?
IV. Жаңа сабақ
Жаңа сабақты теория түрінде түсіндіру
1. Ақпараттық технология түсінігі
Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технология-есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті.
2. Ақпараттық технология құралдары
Ақпараттық технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік құралдар жатады.
3. Ақпараттық технология жабдықтары
Ақпараттық технологиялардың жабдықтары ретінде программалық өнімдердің кең тараған түрлері пайдаланылады. Оларға, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, графикалық редакторлар жатады.
4. Ақпараттық технологиялардың түрлері



5.Ақпараттық төңкерістер:
Бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты.
Екінші ақпараттық төңкеріс XVI ғасырдың ортасында кітап басып шығарудың, баспа станогының пайда болуымен байланысты.
Үшінші ақпараттық төңкеріс ХІХ ғасырдың соңына қарай өріс алды. Бұл кезде электр қуаты өндірілді.
Төртінші ақпараттық төңкеріс ХХ ғасырдың 70-жылдары басталды. Бұл кезде дербес компьютер, компьютерлік желілер, мәліметтерді жіберудің спутниктік жүйелері, ақпараттық телекоммуникациялар пайда болды.
6.Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері:
Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға бағытталған.
Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген (механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді.
Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды.
Төртінші кезең (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдаланушылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу.
Технологиялар пайдаланушылардың қажеттіліктерін ең жоғарғы дәрежеде қанағаттандыруға және компьютерлік ортада жұмыс істеудің сәйкес интерфейсін құруға бағытталған.

V. Бекіту
Кестені толтыр
Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдеріне сипаттама бер.

VІ. Қорытынды

Оқушыларға қысқаша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау
1. Технология сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2. Ақпараттық технология құралдарын атаңдар.
3.Ақпараттық технологияның қандай түрлерін білесіңдер?
4. Ақпараттық төңкеріс кезеңдерін атаңдар.
5. Ақпараттық технологияның даму эволюциясының кезеңдерін сипаттаңдар.

VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: §21 оқуға.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.