Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпаратты жазу және оны есептеу. Ақпаратты тасымалдаушы. -

Ақпаратты жазу және оны есептеу. Ақпаратты тасымалдаушы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1388 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Ақпаратты жазу және оны есептеу. Ақпаратты тасымалдаушы.
Мақсат: Оқушылардың ақпаратты тасымалдаушы туралы және ақпаратты жазу тәсілдері туралы білімін қалыптастыру. Олармен жұмыс жасауды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды ақпаратты тасымалдау және оны жазу жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылар пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Объектілерді іздеу қалай жүзеге асырылады?
2) Сілтеуіш деген не?
3) Анықтамалық жүйені қалай шақырамыз?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Файлдар мен қапшықтарды жинақы-дискіге көшірмелеу үшін:
1. Жинақы-дискілер жазбасы құрылғысына жазылатын бос жинақы-дискіні кірістіріңдер.
2. Менің компьютерім (Мой компьютер) қаншығын ашыңдар.
3. Жинақы-дискіге көшірмелеу қажет етілетін файлдарды немесе қапшықтарды таңдаңдар. Бірнеше файлды ерекшелеу үшін басылған CTRL пернесін ұстай отырып, олардың әрқайсысын шертіңдер. Содан кейін Қапшықтар мен файлдарға арналған міндеттер (Задачи для папок и файлов) тобындағы Осы файлды көшірмелеу (Копировать этот файл), Осы қапшықты көшірмелеп алу (Скопировать эту папку) немесе Ерекшеленген элементтерді көшірмелеп алу командасын таңдаңдар.
Егерде файлдар Менің суреттерім «Мои рисунки» қапшығында оргаласқан болса, онда Кескіндерге арналған міндеттер (Задачи для изображений) тобындағы Жинақы-дискіге көшірмелеу (Копирование на компакт-диск) немесе Барлық объектіні жинақы-дискіге көшірмелеп алу (Копировать все объекты на компакт-диск) командасын таңдаңдар да 5-қадамға өтіңдер.
4. Элементтерді көшірмелеу (Копирование элементов) сұқбаттық терезесінде жинақы-дискілер жазбасы құрылғысын таңдаңдар да Көшірмелеу (Копирование) батырмасын таңдаңдар.
5. «Менің компьютерім» терезесінде жинақы-дискілер жазбасы құрылғысын екі рет шертіңдер. Windows жинақы-дискілерге оларды көшірмелегенге дейін файлдар тұратын уақытша аймақты бейнелейді. CD-ге жазу үшін дайындалынған файлдар өрісінде жинақы-дискіге көшірмелеу ұйғарылған сол файлдар мен қапшықтар бейнеленетініне көз жеткізіңдер.
6. CD-дегі жазбалардың міндеттері (Задачи записи на CD) тобындағы Файлдарды жинақы-дискіге жазу (Запись файлов на компакт-диск) сілтемесін таңдаңдар. Жинақы-дискі жазбасының шебері іске қосылатын болады. Экранда пайда болған нұсқауды орындаңдар.
• «Менің компьютерім» терезесін ашу үшін жұмыс үстеліндегі Менің компьютерім (Мой компьютер) таңбашасын екі рет шертіңдер.
• Көшірілетін файлдардың көлемі жинақы-дискінің сыйымдылығынан артпауы тиіс. Стандарттық жинақы-дискіге 650 мегабайтқа (Мбайт) дейін сыяды, ал сыйымдылығы үлкен жинақы-дискіге — 850 Мбайт.
• Жинақы-дискі жазбасы процесі барысында туындайтын уақытша файлдарды сақтауға арналған бос орын қатқыл дискіде жеткілікті екендігіне көз жеткізіңдер. Стандарттық жинақы-дискі жазбасы үшін Windows 700 Мбайт-қа дейінгі бос дискілік кеңістікті резервке сақтап қояды, ал сыйымдылығы үлкен жинақы-дискі жазбасы үшін — 1 гигабайтқа (Гбайт) дейін.
• Жинақы-дискіге файлдарды немесе қапшықтарды көшірмелегеннен кейін олардың көшірмеленгеніне көз жеткізу үшін оны қарап шығу пайдалы.
Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Ақпаратты дискетке көшіру жолдары?
2. Дискілерді пішімдеу қалай жүзеге асырылады?
3. Ақпарат тасымалдаушы деген не?
4. Дискетке қанша ақпарат сияды?

6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға объектілерді дискетке көшіру және оларды пішімдеу туралы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 3.5, бет. 104-105
Дискілерді пішімдеу. Объектіні дискетке көшіру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.