Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақпаратты жеткізудің, өңдеудің және сақтаудың техникалық құрылғылары. -

Ақпаратты жеткізудің, өңдеудің және сақтаудың техникалық құрылғылары.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4565 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Ақпаратты жеткізудің, өңдеудің және сақтаудың техникалық құрылғылары.
Мақсат: Оқушыларды ақпаратты жеткізудің, өңдеудің және сақтаудың техникалық құрылғыларымен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың ақпаратты жеткізу, өңдеу және сақтаудың техникалық құралдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық – Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету; ақпаратты классификациялауды үйрету. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)
1) Кодтау мен кері кодтау деген не?
2) Бит, байт деген не?
3) Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Адам өзін қоршаған ортадан қарым-қатынас жасау және өз бетімен іздеу нәти-жесінде алған барлық ақпаратты өзінің бар білімімен үнемі салыстырып,оны рет-тейді әрі талдайды.
Сонымен адам ақпаратты сақтай алады,өңдейді және(шығарып бере) жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс дейді. Ақпараттық процесті оның өзі жасай алады немесе әр түрлі құралдар мен құрылғыларды пайдалана отырып ұйымдастыра алады. Оларға қағаз,магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер т.б. жатады.
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
• Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
• Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,
қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
• Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
• Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық
процестер деп атайды.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері: арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады себебі әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақапаратты қалай сақтайды?
4. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер?
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға ақпарат және оны сақтау, жеткізу және ұсыну құрылғылары туралы жалпы мағлұмат беру.
7)Үйге тапсырма § 1.1, бет. 5-8,
Адам ақпаратпен не істейді? Адам ақпаратты қалай қабылдайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.