Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы  Паскаль – программалау тілі бойынша өткенді қайталау.  Бақылау жұмысы -

Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы Паскаль – программалау тілі бойынша өткенді қайталау. Бақылау жұмысы

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2712 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы Паскаль – программалау тілі бойынша өткенді қайталау. Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы, Паскаль – программалау тілі бойынша алған білімдерін тексеру;
Дамытушылығы: Сынақ жұмысын алу барысында оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сынақ жұмысы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Бақылау жұмысын тапсыру
3. Бақылау жұмысын талдау
4. Үйге тапсырмасын беру

Бақылау жұмысы
1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан Б) Латынның algoritm сөзінен
Ә)Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан В)әл-Фараби атының латынша
айтылуынан
2. Алгоритм дегеніміз не?
А) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері
Ә) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым
В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау

3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет
А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі
Ә) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы
Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы
В) алгоритмнің айқындығы, мақсатталығы, тиістілігі, жалпыға бірдейлігі

1. Алгоритмнің жазылу түрлерін көрсет
А) алгоритмдік тілде, блок-схема түрінде, программалау тілінде
Ә) алгоритмдік тілде, программалау тілінде, Паскаль тілінде, математикалық тілде
Б) блок-схема түрінде, графикалық түрде, программалау тілінде
В) программалау тілінде, математика тілінде, графикалық түрде, блок-схема түрінде

2. Блок-схемада қандай геометириялық фигураларды қолданбайды?
А) тіл төртбқрыш, ромб Ә) стрелкалар, параллелограм
Б) ромб, параллелограм В) шеңбер, үшбұрыш
6. Алгоритмнің түрлерін көрсет
А) сызықтық, тармақталу, көрсеткіштік Ә) тармақталу, қайталану, шарттық
Б) сызықтық, тармақталу, циклдік В) циклдік, қайтьалану, шарттық, сызықтық

7. Паскаль программалау тілінің авторы кім?
А)Блез Паскаль Ә)Никлаус Вирт
Б) Н. Верджино В) Чарльз Беббидж

8. Паскаль тілі қай жылдары жасалды?
А) 1970 жылы пайда болып, 1979 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты
Ә) 1968-1971 жылдары
Б) 1980 жылдардың ортасында
В) 1963 жылы пайда болып, 1966 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты

9. Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?
A) INT (X) Ә) ABS (X) Б) ABC (X) В) TRUNC (X)

10. Паскальдағы дәрежелеу белгісін көрсет
А) ** Ә) ^ Б) & В) дұрыс жауабы жоқ

11. 14 DIV 5 – функциясының мәні неге тең?
А) 2,8 Ә) 2 Б) 5 В) 11

12. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?
А) SQR (X) Ә) SQRT (X) Б) ABS (X) В) MOD (X)

13. Паскаль тіліндегі нәтиже алу операторын көрсет
А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT cool READ

14. Паскаль тіліндегі енгізу операторын
А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT cool READ

15. Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын көрсет
А) VAR Ә) WRITE Б) CONST cool READ

16. Өрнек нәтижесі типтерін анықта
А) 1/(2+1/4) - Ә) x+5
Б) 1/(2*sqrt(x+1)) В) sqrt(x)+sqr(y)-

17. Қай өрнекте қате бар?
А) (х1/х2)*у Ә) b+(a-c/3) Б) (sqrt (p)*q)/r В) (a(b/(c*(d/(ef)))))

18. Sqr операторының қызметі
А) Санның квадраты Ә) Санның квадрат түбірі
Б) Х-тің 5 дәрежесі В) Санның абсолют шамасы

19. Паскаль тіліндегі айнымалыларды сипаттау операторын көрсет.
А) VAR Ә) WRITE Б) CONST В) READ

20. := қандай белгі?
А) теңдік Ә) айнымалыларды салыстыру Б) меншіктеу В) бөлу.
Тест жауаптары:
1 А 5 В 9 А 13 Ә 17 В
2 Б 6 Б 10 В 14 В 18 А
3 Ә 7 Ә 11 Ә 15 Б 19 А
4 А 8 Ә 12 Ә 16 А,Б-real
Ә, В integer 20 Б

Үйге тапсырма: І тоқсанда өтілген материалдарды қайталау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.