Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сабақтың тақырыбы: Алтын қақпа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушылардың білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Астрономия, қазақ тілі
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың жоспары:
1. Кіріспе
2. Таныстыру
3. Ойын кезеңдері
• Ағаш қақпа «Сауал бізден жауап сізден»
• Темір қақпа «синонимін тап»
• Күміс қақпа «Тапқыр болсаң шешіп көр»
• Алтын қақпа «Ойна ойла»
• Білім кілті «Кім жылдам?»
4. Марапаттау
Сабақтың барысы:
Кіріспе. Құрметті оқушылар, ұстаздар, «Алтын қақпа» сайысына қош келдіңіздер! 7 – 8 класс оқушыларынан құралған оқушылар екі топқа бөлініп отыр. Бірінші топ « », екінші топ « » деп аталған олай болса, ойынымызды бастайық.
Ағаш қақпа «Сауал бізден жауап сізден»
І топ
• Windows – тың негізгі объектілерін ата
• Қуат деген не, өлшем бірлігі
• Ақпаратты зерттейтін ғылым
• Қысым, оның формуласы
• Позициялық емес санау жүйесі деген не?
• U, I деп нені белгілейміз, анықтамасы
• Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
• Тең әсерлі күш деген не?
• Ақпарат деген не?
• Орын ауыстыру деген не?
ІІ топ
• Ақпарат алатын көздерді ата
• Күш, оның формуласы
• Позициялы санау жүйесі деген не?
• R, U деп нені белгілейді, анықтамасы
• Функционалды пернелерге қандай пернелерді жатқызады?
• Тығыздық, оның формуласы
• Санау жүйелерін ата
• Серпімді деформация деген не?
• Операциялық жүйе не үшін керек?
• Жұмыс, оның формуласы
ІІ. Темір қақпа «Синонимін тап»
І топ
Бастапқы сөз Термин сөз
• Сегіз бит - Байт
• Қапшық - Бума
• Мінез құлық - Қасиет
• Шаруа - Жұмыс
• Жеңіл - Салмақсыздық
• Сапар - Жол

ІІ топ
Бастапқы сөз Термин сөз
• Қанаушылық - Қысым
• Зорлық көрсету - Күш
• Қайрат - Қуат
• Құлып - Пароль
• Желдеткіш - Терезе
• Дұшпан - Вирус
Күміс қақпа «Тапқыр болсаң шешіп көр»
«Бұл қай планета?»
І топ
Массасы 20 кг денеге 76 Н ауырлық күші әрекет ететін болса,осы кезде тұрақты шама неге тең болады? (3.8 Н/кг , марс )
ІІ топ
Массасы 26 кг денеге 624 Н ауырлық күші әрекет ететін болса,осы кезде тұрақты шама неге тең болады? (24 Н/кг, сатурн)
«Ол кім, бұл не?»
І топ
• Ол - физикалық өлшемді анықтайды, әрі программалау тілі ретінде таныс. Ол кім?
• Есептеу машинасына қажетті, физикада зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. Ол не?
ІІ топ
• Есептеу машинасын алғаш ойлап табушы, физикада өлшем бірліктің атын иемденген. Ол кім?
• Есептеу машинасынан бөлініп шығатын жағымсыз әсер немесе физикалық шама. Ол не?
Алтын қақпа «Ойна да ойла» Практикалық жұмыс Есептің берілгенін компьютерге теріп, Times New Roman қарпіне келтіріп, түсі - қызыл, қисайтылған, 24 өлшемде пішімдеңіз. Есепті шешіңіз.
I топ
Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып келеді. Ол 6 сағат ішінде қандай аралықты өтеді? (125 км)
II топ
Күннен жерге дейін 150 млн км. Жарық жылдамдығы 300000 км/с болса, жерге қанша уақытта жетеді? (500 сек немесе 8 мин 20 сек )
Білім кілті “Кім жылдам?” (топ басшылар сайысы)
Формуланы шешкенде информатикалық термин шығады

- Белгілі бір бағыт
- тибеттегі түйе

Марапаттау. Қорытынды сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Жанаева Ж.Қ Информатика пәні мұғалімі
Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.