Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арнаулы ЭЕМ-ның қызметiн ұйымдастыру. Жады ұяшығы, адрес принциптерi және ЭЕМ-да ақпараттарды өңдеу түсiнiгi. -

Арнаулы ЭЕМ-ның қызметiн ұйымдастыру. Жады ұяшығы, адрес принциптерi және ЭЕМ-да ақпараттарды өңдеу түсiнiгi.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1724 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Арнаулы ЭЕМ-ның қызметiн ұйымдастыру. Жады ұяшығы, адрес принциптерi және ЭЕМ-да ақпараттарды өңдеу түсiнiгi.
Мақсат: Оқушылардың ЭЕМ-нің қызметін ұйымдастыру және ақпараттарды өңдеу түсінігі туралы білімдерін қалыптастыру. Арнаулы ЭЕМ-дердің құрылысымен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың ЭЕМ түрлерімен, оның құрылысымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлерді пайдалану білімдерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Компьютердің логикалық элементі дегеніміз не?
2) ЖӘНЕ, НЕМЕС, ЕМЕС схемалары деген не?
3) Триггер деген не?
4) Қосындылауыш деген не?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Ғылыми – техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды. Олар өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини ЭЕМ-дерге, микро ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге бөлінеді.

Үлкен ЭЕМ-дер – бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады.
Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процесстерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады.
Микро ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды.
Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар «пайдаланушы» деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білуі қажет емес.
Есептеуіш машина түрлерінің көптігіне қарамастан, олардың ең маңызды сипаттамалары:
- машинаның уақыт бірлігінде орындайтын опеарцияларының орташа мөлшерімен өлшенетін шапшаңдығы;
- ЭЕМ операция орындайтын сандардың берілу түрі мен разрядтылығы;
- жадтайтын құрылғылардың сыйымдылығы.
ДК-нің негізі - микропроцессор. Техника мен микропроцессорлар технологиясының дамуы ДЭЕМ буындарының ауысуын анықтайды.
Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Есептеуіш машиналардың түрлерін атап шығыңдар?
2. Есептеуіш машиналардың жалпы сипаттамаларын атаңдар?
3. ДК-дің қандай модельдері әлемде жетекші орын алады?
4. ДК-нің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар?

6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға арнаулы ЭЕМ қызметтерін ұйымдастыру және компьютерде ақпарат өңдеу туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 4.1, бет. 41-44
Дербес компьютерлер туралы жалпы түсінік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.