Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазіргі заман ЭЕМ-нің рөлі: Интернет-бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік білім ортасы; бүкіләлемдік дүкен. Әлемдік ақпараттандыру қоғамы. -

Қазіргі заман ЭЕМ-нің рөлі: Интернет-бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік білім ортасы; бүкіләлемдік дүкен. Әлемдік ақпараттандыру қоғамы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1902 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Қазіргі заман ЭЕМ-нің рөлі: Интернет-бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік білім ортасы; бүкіләлемдік дүкен. Әлемдік ақпараттандыру қоғамы.
Мақсат: Оқушыларды ЭЕМ-нің жаңа рөлі – Интернет жүйесімен таныстыру. Интернеттің қазіргі кездегі маңызы туралы білімді ұғындыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Интернет желісімен таныстыру және оны пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың Интернетті пайдаланы білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Желілік адаптердің қызметі қандай?
2) Компьютерлік желі дегеніміз не?
3) Жергілікті желі дегеніміз не?
4) Желілік құрылғыға не жатады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Интернет желісі – бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қаматамасыз ететін желілер жиынтығы. Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Интернет – компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Интернеттің физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компьютерлер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Барлық серверлердің программалық жабдықтары бір-біріне сәйке келмегенімен олардың барлығы TCP/IP стандартты хаттамасын қолданады. TCP/IP хаттамасы шын мәнінде бір емес екі хаттама. Біріншісі TCP хаттамасы ақпараттың дестелерге бөлініп, қайтадан толық құжат болып жинақталуын қамтамасыз етеді. Екінші IP хаттама – осы дестелердің желі арқылы берілуі мен олардың адресатқа жетуін басқарады. Сервер қай компьютердің жақын немесе қашық екендігін адрестің төрт байты бойынша анықтайды, мысалы 198.137.240.100. Адрестің мұндай түрде жазылуы IP – адрес деп аталады. Мұндай адрес компьютерге ыңғайлы болғанмен, адам үшін есте сақтауға қиын. Сондықтан, домендер атауы жүйесін (DNS) қолданатын адрес пішінінің басқа түрі бар:
www.microsoft.com
1 2 3
1 – тіркеу кезінде алынған сервердің домендік аты; 2 – осы доменге тиесілі компьютердің аты; 3 – доменнің тиесілілігін анықтайтын жұрнақ.
Жұрнақтардың кең тараған:
com – сервердің коммерциялық мекеменікі екенін білдіреді; gov – сервер үкіметтік ұжымға тиесілі; edu – сервердің оқу орныныкі екенін білдіреді. АҚШ – та осындай жүйе қалыптасқан. Басқа елдерде сервердің орнына елдің коды көрсетіледі. Мысалы, fr - Франция; ru - Ресей; kz - Қазақстан.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Интернет дегеніміз не?
2. TCP/IP хаттамасы деген не?
3. IP-адрес нені көрсетеді?
4. Домендер атауы жүйесі?
Тапсырма №1.
www.rambler.ru,
www.mail.ru,
www.yahoo.ru,
www.gogle.ru
сайттарына кіріп, web-парақтарын қарап шығу.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға Интернет жайлы жалпы мағлұмат беру және Интернетте жұмыс істеу жолдарымен таныстыру.

7) Үйге тапсырма
Интернет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.