Меню
Назад » » »
Білім кілті
загрузка...

загрузка...
Армысыздар, құрметті оқушылар! Бүгінгі «Білім кілті»атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Ойынымыздың барысында «Компландия» еліне саяхат жасаймыз. Саяхат барысында сіздерге қызықты конкурстар ұсынылады.
Олай болса, ең бірінші Біз «Процессор» айлағына келеміз, әрі қарай «Жоғалған компьютерлер» алқабына кетеміз, сосын «Вирустар» тауына шығамыз, одан әрі «Терминдер» болотосынан өтеміз, «Жады» орманында боламыз. Жеңімпаз команда «Білім кілтін»алып, ортада тұрған сандықшаны ашады.

Бүгінгі ойынымызға қатысатын ойыншыларымызбен танысып өтсек. Олар:
5 «б»,5 «ә » ,5 «г» сыныптары.

Әділқазылар алқасы:
1.
2.
3.

Ұзақ әрі қызықты саяхатымызға шықпас бұрын қай команданың бірінші болып жолға шығатынын анықтау үшін жеребе тастайық.
Ендеше, бірінші болып ойынымызды бастайтын __________ командасы.

І. «Процессор» айлағына келу үшін әр команда өздерін таныстырады. Әділқазылар алқасы бұл конкурсты 3 балдық жүйемен бағалайды.

ІІ. Әрі қарай «Жоғалған компьютерлер» алқабына жолға шығамыз. «Жоғалған компьютерлер» алқабында әр командаға жеке-жеке түбір сөздер қасына адасқан жалғаулар беріледі, сол жалғауларды түбір сөздерге дұрыс жалғау керек. Ойыншыларға сөздерді құрау үшін 2 мин уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 3 баллмен есептеледі.

ІІІ. «Вирустар» тауына шығамыз. Бұл кезеңде әр командадан 1 оқушыдан шығып, уақытқа мәтін тереді. Берілетін уақыт 3 минут. Сайыскерлер жазу жазып болғанша команданың қалған мүшелері кестелерде берілген әріптерден информатикаға байланысты сөз құрауы керек. Әріптерді тігінен, көлденеңінен қосуға болады. Тек қиғашынан қосуға болмайды. Жеңімпаздар 5 баллмен бағаланады.

IV.Олай болса, саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі «Терминдер» болотосы. «Терминдер» болотосынан өту үшін әр командадан 1 оқушы шығып информатикаға байланысты терминдерді айтып шығады. Әр термин айтқанда бір қадам жасап отыру қажет. Сайыскер кідіргенше ойынды жалғастырады. Берілетін ұпай саны айтқан терминдер санымен беріледі.

V. Келесі бізде«Жады» орманы. «Жады» орманында экранда берілген гүл күлтелерінде берілген мәтіндік редактордың командалары жасырылған. Гүлдің күлтесін сағат тілімен таңдау арқылы командалардың қызметін айтулары шарт. Әр команда 2 күлтеден таңдайды. Әр дұрыс жауап 5 баллмен есептеледі.

VІ. Десекте, балалар саяхат барысында біз біраз кедергілерден өттік. Енді біз «Процессор» айлағына жетіп «Білім кілтін» алу үшін экранда берілген «ИНФОРМАТИКА» сөзінен бірнеше сөздер шығаруымыз керек. Берілетін ұпай саны командалардың айтқан сөздерінің санымен беріледі.

Қорытынды. Осымен балалар «Компландия» еліне саяхатымыз аяқталды. Келесі кезекте әділқазылар алқасына сөз беріледі. Командаларды марапаттайды. Жеңімпаз командаға «Білім кілті» тапсырылады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Білім кілті можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 329 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar