Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Білімділер сайысы. -

Білімділер сайысы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1496 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Білімділер сайысы.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
- Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту.
- Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
- Өз білімдерін шыңдап, қарсыласын бағалай білуге және танымдық өрелерін дамыту.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы: Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Әр топтың аты мен ұрандары болады. Топ басшыларын белгілеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайд, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ.
Cабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру(3 мин).
Сайысқа екі топ қатысады.
2. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріледі(3 мин).
Сайыс шарты мен өтуі:
Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
Ардымен әр топ өздерін таныстырады.
1-кезең. Бәйге. Мұнда сұрақ беріледі. Қай топ бірінші қолын көтерсе сол жауап береді. Жауабы дұрыс болмаса екінші топ жауап бере алады. Әр сұраққа 5 ұпайдан беріледі.
1. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші құрал? (сканер)
2. Ақпараттарды сақтауға арналған құрылғылар (диск, қатты диск, флеш-жады)
3. Дүниежүзілік желі? (интернет)
4. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
5. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
6. Келесі жолға өту пернесі? (enter)
7. Компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)
8. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
10. Компьютердің негізгі құрылғылары?
2-кезең. «Ғажайып ұяшық» әр топ тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдайды, егер де жауап берген жағдайда тор көзде көрсетілген ұпай беріледі.

ҒАЛЫМДАР ТАРИХ АҚПАРАТ ӘР ТҮРЛІ
10 10 10 10
20 20 20 20
30 30 30 30

Компьютер құрылғылары
10 – Ақпарат енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта)
20 – Қағазға басып шығару құрылғысы (Принтер)
30 – Компьютер миы (Процессор)
АҚПАРАТ
10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).
20 –Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).
30 – Ақпараттардың өлшем бірліктері. (бит, байт,Кбайт,Мбайт,Гбайт).
ӘР ТҮРЛІ
10 – Ең алғагш компьютер қай жылы, қай елде шықты (1946, АҚШ)
20 – Видео сұрақ : Компьютер дамуының неше буыны бар? / бір/
30 – 10 саны екілік жүйеде (1010).
3-кезең. Топ басшыларының сайысы. Әр топ басшыларына сұрақтар қойылады. Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептеледі.
1. Компьтердің экранына ақпарат жүйелік блоктың көмегімен шығады? (Жоқ. Монитор)
2. Принтердің 3 түрі бар? (иә)
3. Сканер кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (иә)
4. Word әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (жоқ, Paint)
5. Модем баспа құралы. (Жоқ, Принтер)
6. Интернет бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Иә)
7. Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Иә).
8. Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (Жоқ)
9. Монитор компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Жоқ)
10. Модем интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Иә).

4-кезең. “Сен маған, мен саған» сайысы. Екі топ дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

5-кезең. Тест. Интерактивті тақтада тест сұрақтары шығады. Әр топқа бір-бірден пульт беріледі. Тест сұрақтарына топ мүшелерімен біріге отырып жауап береді. Сұрақ қорытындысына қарай ұпай беріледі.

Қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.