Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бiр өлшемдi массивтермен жұмыс. -

Бiр өлшемдi массивтермен жұмыс.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2337 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Бiр өлшемдi массивтермен жұмыс.
Мақсат: Оқушыларды Паскаль тіліндегі бірөлшемді массивтермен программа құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды массивтермен есеп шығаруды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пәнаралық байланыс математика
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Индекс дегеніміз не?
2) Жиым элементтері мен индекстренінің типтері қандай болуы тиіс?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді, ал екі индекс болса – екіөлшемді және т.с.с n индекс болса, n - өлшемді жиым дейді. Бірөлшемді жиым вектор элементтері, ал екіөлшемді жиым матрица болып табылады.
Типтер бөлігінде екіөлшемді жиым былай есептеледі:
Type atau = array [1..n, 1..m] of <элементтер типі>;
Var a,b: atau;
Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттау жиі қолданылады:
Var
B: array [1..n, 1..m] of <элементтер типі>;
Екіөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бір цикл операторлары болуы мүмкін. Демек, жиым элементтерін енгізу немесе экранға шығару үшін цикл операторларын мынадай түрде пайдалануға болады:
For i:=1 to n do
For j:=1 to m do
Read(b[I,j]);
немесе экранға шығару үшін:
For i:=1 to n do
begin
writeln;
For j:=1 to m do
write(b[i,j]);
end;

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1) Екіөлшемді жиым қалай сипатталадады?
2) Екіөлшемді массивтің ерекшелігі?
3) Жиым дегеніміз не?
Тапсырма №1.
Нақты n элементтен тұратын жиымның ең үлкен және ең кіші элементтерін табу программасын құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №2.
Екіөлшемді а және b матрицаларының қосындысы болып табылатын s матрицасын табу керек.
Program kosu;
Var
A,b,s:array[1..3, 1..3] of real;
i,j:integer;
begin
writeln(‘а жиымы элементтерін босорын арқылы енгізіңдер:’);
for i:=1 to 3 do
for j:=1 to 3 do read(a[i,j]);
writeln;
writeln(‘b жиымы элементтерін босорын арқылы енгізіңдер:’);
for i:=1 to 3 do
for j:=1 to 3 do begin
read(b[i,j]);
s[I,j]:=a[I,j] + b[I,j];
end;
writeln(‘қосынды жиымның элементтері:’);
for i:=1 to 3 do begin
for j:=1 to 3 do write(s[I,j]);
writeln;
end;
end.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды массивпен жұмыс жасауды үйрету.

7) Үйге тапсырма
Массивтер (жиымдар). Бір өлшемді массивтер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.