Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне сандарды аудару. Екілік арифметика -

Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне сандарды аудару. Екілік арифметика

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3230 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне сандарды аудару. Екілік арифметика
Мақсат: Оқушыларды сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару туралы білімдерін қалыптастыру. Сандарды санау жүйелеріне аудару тәсілдерімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың санау жүйелерімен жұмыс жасай білуге үйрету
Дамытушылық –Оқушылардың санау жүйелерімен жұмыс жасау білімдері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінің айырмашылығы неде?
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
4. Ондық санау жүйесі деген не?
5. Екілік санау жүйесі деген не?
6. Сегіздік санау жүйесі деген не?
7. Оналтылық санай жүйесі деген не?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру қажеттілігі жиі кездеседі.
Ондық санды екілікке ауыстырғанда, бұл санды екіге бөлу керек. Мысал, 891 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне ауыстыру керек:
891 2 .
1 445 2 .
1 222 2
0 111 2
1 55 2
1 27 2
1 13 2
1 6 2
0 3 2
11
Соңғы бөліндіні және соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазамыз. Жауабы: 89110=11011110112
Ауыстыру ережесі: Бүтін оң ондықсанды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін осы санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөліндіні қайтадан екіге бөліп және т.с.с. алынған бөлінді 2-ден кіші болғанша бөле беру керек. Нәтижесіне соңғы бөлінді мен соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазу керек.
Ондық оң бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан екіге көбейту керек. Енді бұл көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің келесі цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін тағы 2-ге көбейту керек және т.с.с.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Бүтін ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
2. Бөлшек ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
3. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне аудару ережелері?
4. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
6. Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
Тапсырма№1. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
А) 32210; Ә) 15010; Б) 28310;
Г) 31510; Д) 18110; Ж)17610;
Тапсырма№2. Ондық бөлшек сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
А) 0.32210; Ә) 150.700610; Б) 283.24510;
Г) 315.07510; Д) 181.36910; Ж)37.2510;

6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларды санау жүйелерімен жұмыс жасауды үйрету.

7) Үйге тапсырма § 2.2, бет. 18-23
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.