Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Деректер базасы Деректер базасын басқару жүйесі. Деректер базаасы түсінігі.  Деректер базасын жіктеу. Реляциялық деректер базасының құрылымы -

Деректер базасы Деректер базасын басқару жүйесі. Деректер базаасы түсінігі. Деректер базасын жіктеу. Реляциялық деректер базасының құрылымы

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7644 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: 12-бөлім. Деректер базасы. 12.1-тақырып. Деректер базасын басқару жүйесі. Деректер базаасы түсінігі. Деректер базасын жіктеу. Реляциялық деректер базасының құрылымы. Өрістер типтері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Деректер базасы, деректер базасын басқару жүйесі, деректер базасы түсінігі, деректер базасын жіктеу, реляциялық деректер базасының құрылымы, өрістер типтері туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушлығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интераткивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Диаграмма деген не?
2. Диаграмманың қандай түрлері бар?
3. Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?
4. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
5. Аңыз деген не?
6. Диаграмма тұрғызу қандай жолдармен жүзеге асырылады?
7. Кестелік процессорға графиктік обьектілер қою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
12-бөлім. Деректер базасы. 12.1- тақырып. Деректер базасын басқару жүйесі.
Деректер базасы түсінігі.
Компьютерде мәтін, графикалық кескін жасауға, есептеу жүргізуге мүмкіндік беретін программалардан басқа, көлемі үлкен ақпаратты сақтауға, өңдеуге және іздеуге арналған арнайы программалар да бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады.
Мынадай мысалды алайық, сендердің мектептерінде 1000- ға жуық оқушы оқиды делік . (мүмкін көбірек шығар). Әр мектепте медициналық кабинет болады, онда оқушының аты-жөні, туған жылы, ұлты, жынысы, бойы, салмағы, мекен-жайы, телефон номері, дәрігерлік екпелері туралы тіркелген медициналық карталар (кітапшалар) бар. Барлық карта шкафта ретсіз араласып жатыр делік.
Қандай да болсын бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталатын, арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығы деректер базасы деп түсіну керек.
Бір базадағы деректер өзара қисынды байланысты болуы тиіс.Бұл деректерді белгілі параметрлері, қасиеттері,яғни бір біріне қатысты белгілері бойынша топтастыру арқылы жүзеге асырылады.
ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖІКТЕУ
Деректер базасы, негізінен, үш белгісі бойынша жіктеледі.
Бірінші белгісі - сақтаулы ақпараттың сипатына қарай деректер базасы:
фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық деректер базасынды сипатталатын обьектілер туралы қысқаша мәліметтер нақты белгіленген пішімде беріледі, құжаттық деректер базасы ір түрлі типтегі мәтіндік графикалық дыбыстық мультимедиялық кең көлемді ақпараттардың тарады.
Екінші белгісі -ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер базасы
орталықтандырылған және үлестірілген болып бөлінеді. Орталықтандырылған
деректер базасында бар ақпарат бір кампьютерде сақталады. Үлестірілгенде ректер базасы жергілікті және ауқымды кампьютерлік желілерде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бқлек кампьютерлерде сақталуы мүмкін.
Үшінші белгісі- ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер
реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Біз сендермен фактографиялық және реляциялық деректер базасын ғана қарастырамыз.

РЕЛЯЦИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Реляциялық ДБ деп оны құрайтын бөліктерінің өзара байланысымен құрастырылған деректер базасын атайтын. Қарапайым жағдайда ол бір тіктөртбұрышты кесте болып табылады. Күрделі реляциялық деректер
базасы көптеген тіктөртбұрыштарды кестеден тұрады.
Деректер өзара әртүрлі қатынастармен байланысқан бірнеше кесте құрайық. Кестелердегі деректердің арасында қатынастың өте кең тарағаны және әсіресе жие қолданылатыны «обьект –қасиет» типті болып табылады. Мысалы: «Сыныптағы оқушылар тізімі» деректер базасы кесте түрінде көрсетілген болады.
Сыныптағы оқушылар тізімі

Фамилиясы Туған жылы жынысы ұлты Көзінің түсі Шашының түсі
1 Айқын Бағыт 1992 ер қазақ Қой көзді Қара қоңыр
2 Шварц Ира 1993 қыз неміс сұр Ақ сары
3 Иванов Алеша 1991 ер орыс Көк Ақ сары
4 Оразова Сауле 1993 қыз қазақ Қой көзді қара

Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған кестелерден айырмашылығы – кестені деректер базасы немесе деректер базасының обьектісі ретінде қарастырғанда жазба және өріс түсініктері енгізіледі. Реляциялық деректер базасындағы жолдар – жазбалар деп, ал бағандар -өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты болады, мысалы, тегі (Фамилиясы), аты, туған жылы; жынысы; ұлты; көзінің түсі; шашының түсі.
Өрістер типтері
Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық символдық, даталық, логикалық.
Сандық типі мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны, арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады.
Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады (сендердің кестелеріндегі барлық өрістердің типі-символдық).
Даталық тип өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/ жжжж орысша дд/мм/гггг) болады.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум : 12.1, 12.2, 12.3 тапсырмалар.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Деректер базасы дегеніміз не?
2. Деректер базасының сипатталуы бойынша белгілерін атаңдар.
3. Фактографиялық және құжаттық деректер базаларының айырмашылығы неде?
4. Реляциялық деректер базасы деген не?
5. Кестедегі обьектілердің арасындағы қатынастардың қандай типтерін білесіңдер? Қандай матрица екілік деп аталады?
6. Жазба, жазба өрісі, дегеніміз не?
7. Реляциялық деректер базасында өрістердің қандай типтері пайдаланылады?
V. Үйге тапсырма беру. Практикум: 12.4 тапсырма.
Оқулық: 194 беттегі тапсырма.
12-бөлім. Деректер базасы. 12.1- тақырып. Деректер базасын басқару жүйесі. Деректер базасы түсінігі. Деректер базасын жіктеу. Реляциялық деректер базасының құрылымы. Өрістер типтері. (мазмұндау).
VI. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.