Меню
Назад » » »
Діни экстремизм – тұрақтылық пен бейбітшілікке төнген қауіп
загрузка...

загрузка...
Информатика пән оқытушылары
Ж.М.Бекеева, Ж.С.Тұрсынбаев
Түркістан медицина колледжі,
ОҚО, Түркістан қаласы, С.Қожанов №42

Тақырыбы: «Діни экстремизм – тұрақтылық пен бейбітшілікке төнген қауіп»

«Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы:
діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады»
Н.Ә.Назарбаев

Іс-шара: дискуссия
Көрнекілігі: Бейнеролик, интерактивті тақта

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар және болашақ еліміздің жастары. «Діни экстремизм – тұрақтылық пен бейбітшілікке төнген қауіп» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі кешімізді бастамас бұрын әлемді дүрсілкіндірген Франциядағы террорлық оқиғадан құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алсақ. \бір минут үнсіздік\

Біздің іс-шарамыз колледж жастарымен дискуссия түрінде өтпек. Ал енді кешімізді бастамас бұрын біздің кешімізге келіп отырған қонақтарымызбен (сарапшыларымызбен) таныс болыңыздар
1. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы,
2. Қаламыздың бас имамы Көбеков Омар Елеуұлы,
3. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің дінтану кафедрасының аға оқытушысы Оразбай Сержан Қарсыбайұлы.

Жүргізуші: Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты студенттерге экстремизм, терроризм терминдері жайлы түсінік беру, келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу. Студенттерді діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы жастарды тазалыққа, имандылыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке және жас ұрпаққа рухани тәрбие беру. Ендеше тақырыбымызға тұздық болу үшін арнайы дайындалған бейне сюжетке назар салсақ.

Діннен адастырар теріс ағымдар \жайында бейне сюжет көрсетіледі\

\Қаламыздың бас имам Омар Елеуұлына сұрақ қойылады\
1. Діни экстремизмнің алдын алу үшін қандай бағытта жұмыс жасалуы керек?
2. Дін атын жамылып террорлық әрекеттерге барып жатқан адамдарға шариғат үкімі нендей жаза белгілейді?

Жүргізуші: ««ЖИҺАД» сөзін естіген заматта көз алдымызға соғыс, қан төгіс елестейді. Ал, жиһад сөзінің түпкі мағынасы мүлдем бөлек. Осы орайда дәл осы қағиданы ұстанып жүрген»» алғашқы кейіпкерімізді ортаға шақырсақ.
\Кейіпкер Абсаттар Жайна\
\Кейіпкер Абсаттар Жайнаның ойы, және көрсетілген бейне сюжетті қонақтармен талқылау\

Жүргізуші: Осы көріністен соң, жастар біздің болашағымыз емеспе, жастардың, яғни залда отырған студенттердің осы бейне сюжет жайлы ойларын білсек.
\залда отырған көрермендер өз ойларын айтады\
\қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Букебаев Бақытжан мырзаға сұрақ қойылады\

Сұрақ: Қаламызда жат пиғылды ағымдар тіркелген бе, егер тіркелген болса атап өтсеңіз?

Жүргізуші: «Қазіргі таңда діни экстремизммен бүкіл әлем жұмыла күресіп жатыр, өйткені діни экстремизм қоғамға төнген басты қауіптің бірі болып отыр. Осы орайда келесі кейіпкерімізді ортамызға шақырсақ, оның ойынша дін атын жамылып арам пиғылдарын іске асырмақ болып жатқан экстремисттер мен лаңкестерге қарсы тұру баршамыздың ортақ міндетіміз, әрі мүддеміз»
деп санайды.
\Кейіпкер Сапарәлі Нұрлан\
\Сапарәлі Нұрланның ойын бағдарлама қонақтарымен талқылау\
\Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Букебаев Бақытжан мырзаға сұрақ қойылады\

Сұрақ: Қаламызда діни экстремизмге қарсы қандай шаралар атқарып жатырсыздар?

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Астана қалалық сотының шешімімен Қазақстанда 15-тен аса жат пиғылды ағымдарға қатаң тиым салынған. Біз бұлар туралы қаншалықты білеміз. Осы сұраққа жауап іздеп жүрген кейіпкерімізді ортамызға шақырсақ. Оның ойынша: «біз қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдар туралы біз ақпаратқа қанық болуымыз керек»-деп ойлайды.
\Кейіпкер Абдівали Сағи\
\ Кейіпкер Абдівали Сағидың ойын бағдарлама қонақтарымен талқылау\
\Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің дінтану кафедрасының аға оқытушысы Оразбай Сержан Қарсыбайұлына сұрақ қойылады\

Сұрақ: Қоғамдағы жастардың ислам дініне деген көзқарасы қандай?

Жүргізуші: Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүннеттеріміз. Бабаларымыз ұстанған ұлы жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтаған ұлтпыз», - деп айтқандай басқа діннің жетегінде кетіп отбасы, жанұямызды талан-таражға түсірмейік ағайын! Ендеше осы ойды жан тәнімен қолдайтын отбасылық өмірге жаңадан қадам басып отырған кейіпкеріміз- Құдайберген Құралайды ортаға шақырамыз.
\Кейіпкер Құдайберген Құралай\
\Құдайберген Құралайдың ойын бағдарлама қонақтарымен талқылау барысында отбасы туралы бейне сюжет көрсетіледі\

- «Жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы соқыр сенімге алып келеді» деген ұстанымдағы кейіпкеріміз Батырхан Нұрсәулені ортаға шақырамыз.
\Кейіпкер Батырхан Нұрсауле\
\Батырхан Нұрсәуленің ойы және осы бейне сюжетті қонақтармен талқылау\

\Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің дінтану кафедрасының аға оқытушысы Оразбай Сержан Қарсыбайұлына сұрақ қойылады\

Сұрақ: Дінтану пәнін оқу орындарына оқытуды міндеттеу, діни экстремизмнің алдын ала ма?

Жүргізуші: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, бүгінгі іс-шарамыздың діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамыз. Өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек. Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.
Бүгінгі іс-шараның түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осы дін жайында Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай:

Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа! – деп айтқандай, өз Ислам дінімізден адаспайық ағайын!

Жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Діни экстремизм – тұрақтылық пен бейбітшілікке төнген қауіп можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 409 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar