Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Гамма, октава, бемоль және сақтау. -

Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Гамма, октава, бемоль және сақтау.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2676 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Гамма, октава, бемоль және сақтау.
Мақсат: Оқушылардың дыбыстық ақпараттарды өңдеу жолдары туралы білімдерін қалыптастыру. Дыбыстық ақпараттармен жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды дыбыстық ақпараттарды өңдеу әдістерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Талапқа сай таланты да, білімді оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Әмбебап ойнатық программасы не үшін қолданылады?
2) Фонограф көмегімен дыбыс жазу реті қандай?
3) Дыбыс қаттылығын қалай реттейміз?
4) Мультимедиа дегеніміз не?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Дыбыс өз табиғатында ауа тербелісі болып табылатын үздіксіз игнал.
Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны көлдер мен бірліктердің жиыны түрінде ұсыну керек. Бұл мына жолмен жасалады: микрофонның көмегімен дыбыс электр тоғының тербелісіне айналады. Бірдей, өте аз уақыт аралығы сайын электр тоғының шамасын белгілейміз. Жоғарырақ мәнін – бірлік, төмен мәнін нөл деп есептейміз. Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз, оны компьютерге енгізуге, сақтауға және өңдеуге болады.
Компьютерден дыбыстық ақпаратты шығарғанда кері процесс жүреді, екілік кодтар жиыны электр импульстеріне айналдырылады да, динамик арқылы өткізіледі, сонда біз дыбысты естиміз.
Қазіркезде компьютерден мәтіндік ақпаратты сөз сөйлеу түрінде шығару мүмкіндігі бар, яғни компьютер мәтінді «оқи алады».
Адамның сөзін қарапайым дыбыстар «фонемалар» тізбегі және олардың арасындағы паузалар түрінде ұсынуға болады. Мысалы, қазақ тілінде 42, орыс тілінде 40-45 фонеманы ерекшелеуге болады.
Әрбір фонеманы кодтауға, компьютердің жадына енгізуге және сақтауға болады. Енді комтер енгізілген мәтінді фонема түрінде ұсынуға түрлендіре алады. Оны адам сөзінің фонемалық түрде ұсынылған үлгісімен салыстыра отырып, компьютер синтезатор арқылы оқиды.
Ақпаратты компьютерге дауыс арқылы енгізу – компьютердің жадына алдын ала енгізілген, сөздіктерден алынған жеке сөздер деңгейінде кодталған адам сөзін ажырата білудің қиындығымен ерекшеленеді.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Дыбыстық ақпарат дегеніміз не?
2. Компьютерде дыбыс қалай ұсынылады?
3. Дыбыстық ақпаратты өңдеу қалай жүзеге асырылады?
Тапсырма.
Фонограф программасының көмегімен дыбыстық ақпарат жазу.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға дыбыстық ақпаратты өңдеу жолдары туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Гамма, октава, бемоль және сақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.