Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау -

Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1481 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды

Жаңа сабақ
Дыбыспен жұмыс.
Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады.
Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы МРЗ пішімі қолдану ұсынылады. Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Встака – Фильмы и звук – Звук из файла менюі пунктін тандаңыз.
2. Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлерінде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.
Слайдтарды демонстрациялау.
Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет:
1. Показ слайдов – Настройка анимации командасын орындау.
2. Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с. анықтау керек.
3. Берілген процедураны слайдтағы әрбір объекті үшін кезекпен қайталау.
Анимация эффектілерін беруде тиісті құралдар панелін пайдалануға болады:
Слайдтар алмасуын басқару және демонстрация кезінде арнайы эффектілердің тандалуы Показ слайдов – Смена слайдов командасының көмегімен орындалады. Презентацияның әрбір слайдты экранда белгілі бір уақыт бойы болады, оның ұзақтығын басқа слайдқа өткенде қолмен реттеуге болады немесе белгілі бір уақыт аралығында слайд алмасуын беріп алдын ала жасауға болады(Показ слайдов – Настройка времени командасы). Уақыт интервалдары жайлы ақпаратты алу үшін презентацияны слайдтарды сорттаушы режимінде ашу керек, ол жерде әрбір слайд астында оның экранда болу ұзақтылығы көрсетіледі. Слайдтарды көрсетудің үш әдісі бар:
1. Слайдтар толық экранды режимде бейнеленетін, баяндамашымен басқарылатын көрсетуді өткізудің әдеттегі әдісі. Жетекші презентацияны қолмен немесе автоматты режимде өткізе алады, оны ескертулер немесе әрекеттер жазу үшін тоқтата және тіпті презентация кезінде сөздік сүйемелдеуді жаза алады. Бұл режим презентацияны үлкен экранда көрсету, желі арқылы жиналыс өткізу немесе презентацияны трансляциялау үшін ыңғайлы.
2. Пайдаланушымен басқарылатын презентация кішкентай терезеде бейнеленеді (желі бойынша немесе Интернет арқылы бір пайдаланушы көру кезінде ), слайдтарды ауыстыру, редакциялау, көшіру және басу командалары бар. Бұл режимде басқа слайдқа өту айналдыру жолының немесе және батырмалары көмегімен жасалынады. Жұмыстың ыңғайлылығы үшін Web құралдар панелін шығаруға болады.
3. Автоматты – презентация толығымен автоматты түрде толық экранда өтеді. Бұл режимді көрмелік стендте немесе жиналыста пайдалануға болады. Сонымен қатар көптеген меню мен командаларға тыйым салуға және циклдық көрсету режимін қосуға болады.
Әдісті таңдау үшін, Настройка презентации (Показ слайдов менюі) диалогтық терезесінде ауыстырып қосқышты тиісті күйге орнату керек. Слайдтартды көрсету процесін басқару үшін басқару батырмаларын да пайдалануға болады. Егер әрбір слайдқа бірдей батырмаларды орналастыру керек болса, оларды слайд үлгісінде орналастыру ұсынылады.


ІХ. Үйге тапсырма
Дыбысты қосу. Слайдтарды демонстрациялау.

Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.