Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЭЕМ-нің  логикалық негіздері. Электронды құралдар арқылы логикалық амалдарды iске асыру. -

ЭЕМ-нің логикалық негіздері. Электронды құралдар арқылы логикалық амалдарды iске асыру.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5793 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: ЭЕМ-нің логикалық негіздері. Электронды құралдар арқылы логикалық амалдарды iске асыру.
Мақсат: Оқушылардың компьютердің логикалық элементтері және осы элементтер арқылы логикалық амалдардың орындалуы туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік –Оқушыларды компьютердің логикалық негіздерімен таныстыру
Дамытушылық –Оқушылардың логикалық ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Логикалық көбейту деп нені айтады?
2) Дизъюнкция деген не?
3) Логикалық терістеу деп нені айтады?
4) Ақиқат кестесі деген не?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютердің логикалық элементі – элементар логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі.
Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз - ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемалары және басқалары, сондай-ақ триггер.
Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген логикалық функцияны жүзеге асыруға болады.
Әрбір логикалық элементтің өзінің логикалық функциясын көрсететін шартты белгісі болады, бірақ ол ондағы нақты қандай электрондық схеманың жүзеге асырылғанын көрсетпейді. Бұл күрделі логикалық схемаларды жазуды және түсінуді жеңілдетеді.
Логикалық элементтердің жұмысын ақиқаттық кестелердің көмегімен сипаттайды.
Триггер – бұл компьютердің регистрлерінде екілік кодтың бір разрядын жадыда сенімді сақтау үшін кеңінен қолданылатын электрондық схема. Триггердің орнықты екі жағдайы бар, оның бірі – екілік санау жүйесінің бірлігіне, екіншісі екілік санау жүйесінің нөліне сәйкес болады.
Триггер термині ағылшынның – ілгешек, төмен түсетін ілгешек деген сөзінен шыққан.
Жадының қазіргі кездегі росхемаларында миллиондаған триггерлер бар.
Қосындылауыш дегеніміз – екілік сандарды қосуды орындайтын электрондық логикалық схема.
Қосындылауыш, ең алдымен компьютердің арифметикалы-логикалық құрылғысының орталық торабы қызметін атқарады, сонымен қатар ол машинаның басқа құрылғыларында да қолданылады.
Көпразрядты екіліксандарды қосуға арналған көпразрядты екілік қосындылауыш – бірразрядты қосындылауыштың комбинациясы.
Сонымен, бірразрядты екілік қосындылауыш – үш кірісі мен екі шығуы бар құрылғы.
Егер ұзындығы екі және одан да көп бит екілік сөздерді қосу қажет болса, онда мұндай қосындылауыштардың тізбектеліп жалғасуын қолдануға болады және екі көршілес қосындылауыш үшін бір қосындылауыштың тасымалдауының шығуы басқасының кірісі болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Компьютердің логикалық элементі дегеніміз не?
2. ЖӘНЕ, НЕМЕС, ЕМЕС схемалары деген не?
3. Триггер деген не?
4. Қосындылауыш деген не?

6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға компьютердің логикалық элементтері туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 3.2, бет. 34-38
Компьютердің логикалық элементтері.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.