Меню
Назад » » »
Электрондық кестеде формулалар енгізу. Атқаратын қызметтері. Мақсаты: Оқушыларды Excel бағдарламасында жұмыс істеуге үйрету. Құралдарды пай
загрузка...

загрузка...
Құрастырған: ________________Э.Е. Бекбаулова
Мамандығы: «Көлікті қозғалысты басқару мен тасымалдауды ұйымдастыру (әр салалар бойынша)»
Пәні: Информатика
Мұғалімнің аты-жөні: Бекбаулова Эльвира Ермахановна

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестеде формулалар енгізу. Атқаратын қызметтері.
Мақсаты: Оқушыларды Excel бағдарламасында жұмыс істеуге үйрету. Құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру, жұмыс жасау технологиясын меңгерту. Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану дағдысы мен біліктілігін дамыту.
Міндеттері:
а) білімділік - сандық информацияны электрондық кесте көмегімен комьютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тәсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешу біліктілігін қалыптастыру.
ә) дамытушылық - программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын, объектінің компьютерлік моделін құру біліктілігін дамыту.
Ойлау қызметінің салыстыру, талдау тәсілдерін жетілдіру.
б) тәрбиелік - құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар тарату
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: көрнекілікті (демонстрациялық) баяндау

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі-2 мин
II. Үй тапсырмасын тексеру-15 мин
III. Жаңа материалды түсіндіру -25 мин
ІV. Түсінгенін тексеру-5мин
Практикалық жұмыс-25 мин
V. Сабақты бекіту-5 мин
VI. Бағалау-2 мин
VIІ. Үйге тапсырма-1мин

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабаққа қатысуын түгендеу.
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауын тексеру.
ІІ. Өткен материалдарды игеруін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қою:
1. Терезе құрылысының мінездемесін беріңіздер. (слайд)
2. EXCEL-ді не үшін, қайда, қандай мақсатпен қолданамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Электрондық кестеде формулалар енгізу. Атқаратын қызметтері.
EXCEL–ге келесі мәліметтер типін еңгізуге болады:
-Сандар;
-Мәтін;
-Функциялар;
-Формулалар
Microsoft Excel электрондық кестеде мынандай бағыттағы категориялар бар:
-математикалық;
-финанстық,
-жиым және сілтеме;
-ай, күн;
-статистикалық;
-мәтіндік;
-логикалық.
Формула – бұл кестеде есептеулер өткізілетін арифметикалық немесе логикалық өрнек. Формулалар ұяшықтарға сілтемелерден, амалдар белгілерінен және функциялардан тұрады. EXCEL-де көптеген құрастырылған функциялар бар.
Формулада есеп шығару кезінде жақша қолдануға болады.
Excel-де кез келген формуланы жазу үшін “=” белгісінен басталып жазылады. Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында  белгісінін басса жеткілікті. Мысалы, =В3+С3+D3 ұзын формуланың орнына Е3 ұяшығына =СУММ (В3:D3) формуласын енгізуге болады.
Салыстырмалы және абсолютті сілтемелер. Формулада қолданылатын салыстырмалы сілтемелер формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді. Мысалы, А3 ұяшығындағы =А1+А2 формуласын В3 ұяшығына көшіру барысында формула =В1+В2-ге өзгереді. Абсолют сілтеме ұяшық мекенжайын белгілеу үшін қолданылады.
Формуланы көшіргенде абсолют сілтемелер өзгермейді. Абсолют сілтемелерді көрсету үшін $ белгісі пайдаланылады, мысалы, $A$1, $C$3. Кейде формуланы ауыстырғанда немесе көшіргенде тек жол нөмірі мен қатардың атын сақтау қажет. Бұндай жағдайда аралас сілтемелер қызмет етеді. Мысалы, $А1 (көшіру кезінде қатар аты А өзгермейді) немесе С$3 (көшіру кезінде жол нөмірі 3 өзгермейді).
Формулаларды автолтыру. Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автоттолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші С Бағанында мәні А және В бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндерінің қосындысына тең формула есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формаланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барллық ұяшықтарына көшіреміз.

Бағана немесе жол бойынша бірнеше шамалардың қосындысын есептеу үшін «СУММ» функциясын пайдалануға болады.
Ол үшін:
-курсорды қосынды шығарылатын ұяшыққа қою,
-формула жолына «теңдік» таңбасын жазу,
-қосылғыштар орналасқан ұяшықтар адрестерін пайдаланып қосынды формуласын жазу, enter түймешігін басу.
«функцияны қою» - fx пиктограммасына шерту. Сонда «мастер функций» терезесі (менюі) пайда болады. Сондағы функциялар ішінен «СУММ» функциясын таңдаймыз да «ОК» батырмасына шертеміз.
Пайда болған «Аргументы функции» терезесінде, егер қажет болған жағдайда сілтемелерді өзгертеміз (ұяшық адрестерін), әйтпесе «Ок» батырмасына шертеміз.
Егер бірнеше қосындыны алу керек болған жағдайда, бірінші формуланы көшіріп, қажетті орынға қоюға болады. Сәйкесінше сілтемелерді өзгерте бересіңдерБір шамамен екінші шаманы салыстыру үшін «ЕСЛИ» логикалық функциясын пайдалануға тура келеді. Пайда болған терезеде «Логик. выражен.» атты өріске шартты жазамыз. Қажет болған жағдайда «Значение-если-истина» және «Значение-если-ложь» атты өрістерге мәндер жазамыз.
Бірнеше сандардың ішінен анықталған бір санның қанша рет кездесетінін анықтау үшін, мысалы оқушы бағаларында («2», «3», «4», «5») қай бағадан қанша бар екенін есептеу үшін «Статические» категориясындағы «СЧЕТЕСЛИ» функциясын пайдалану керек болады. Бағалар жазылған ұяшықтар «диапазон», ал саны анықталатын баға «критерий» ретінде пайдаланылады. Мысалы, бір бағанада жазылған бағалардың ішінен «2»-нің санын анықтау үшін «диапазон» өрісіне баға жазылған сілтемені, ал «критерий» өрісіне 2 санын жазамыз.
Бірнеше шаманың орташа мәнін анықтау үшін «Статические» категориясындағы «СРЗНАЧ» функциясын пайдаланамыз.

IV. Практикалық жұмыс:
Тапсырма №1
Автокөлік жасау зауытының жұмыскерлерінің жылдық сыйақысын есептеу.
Тапсырма№2
Автокөлік сату дүкеніндегі жылдық пайдасын есептеу
Тапсырма №3
Математикалық есептеу. МИН және МАКС табу

V. Сабақты бекіту
Келесі сөйлемдерді жалғастырыңыз:
1. Excel-де мәліметтердің келесі типтерін қолдануға болады: …
2. Сандық мәліметтердің форматын өзгерту үшін келесіні орындау керек:...
3. Кесте шекараларды белгілеу үшін келесіні жасау керек: …
4. Формула келсі белгіден басталады: …
5. Автотолтыру – бұл …
6. Электронды кесте бұл …..
7. Excel - дің қызметі қандай?
8. EXCEL. А1 ұяшығында 9 саны, ал В1 ұяшығында 2 саны жазылған болсын. Егер С1 ұяшығында = А1+В1 формуласы жазылған болса, оның мәні нешеге тең болады?
9. Excel-де кез келген формуланы енгізу қандай белгіден басталады.
10. =СУММ(В3:D3) формуласы нені білдіреді.

VI. Бағалау.
Рефлексия.
• Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
• Қиын және жеңіл жерлері болды ма?
• Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?
• Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
• Ұсыныстарыңыз бар ма?

Студенттерді бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма
Айлық ақшаны есептеу. Айлық ақша жұмыс істеу орнында әрқашанда маңызды көрсеткіш болып саналады. Егер қызметкер өзін жақсы жағынан көрсетсе, жаңа идеялар енгізсе, онда ол сыйлық ақы алуы мүмкін. «Ұстау» - бұл бір табыс салығы – 13%. Көп (үлкен), аз (кіші), орташа айлық ақыны есепте. 8-10 қызметкерге арнап. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Электрондық кестеде формулалар енгізу. Атқаратын қызметтері. Мақсаты: Оқушыларды Excel бағдарламасында жұмыс істеуге үйрету. Құралдарды пай можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 469 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar