Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Электронды кестені құру және толтыру. -

Электронды кестені құру және толтыру.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2855 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Электронды кестені құру және толтыру.
Мақсат: Оқушылардың кестелік процессорлардағы кестелерді құру және оны толтыру туралы білімдерін қалыптастыру. Кестелік процессорда жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды электронды кесте құру және толтыру жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. Электронды кестеде берілгендердің қандай типі болуы мүмкін?
2. Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?
3. Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:
1) ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау
2) ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және Ғ5 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.
Ұяшықтағы редакциялауды аяқталғасын, Enter пернесін басу керек.
Электронды кестені құру үшін жаңа жұмыс кітабын құру командасын орындаймыз:
Файл – Создать – Рабочая книга
Жұмыс парағына енгізу пернетақта көмегімен жүзеге асырылады. Ұяшыққа ақпарат енгізу үшін оны белгілеп аламыз.
Электрондық кестелерде кейде бірдей сандармен толтыру қажет болады. Мұндай жағдайда көшірме жасауды қолданамыз. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.
Ұяшықтағы мәліметтерді көшіру үшін:
- мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу
- Түзету менюіндегі Көшіру командасын шақыру
- Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу
- Түзету менюіндегі Вставить командасын шақыру керек.
- Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Жаңа кесте құру кезеңдері?
2. Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?
3. Excel қызметінің негізгі категорияларын айтып беріңіз?
Тапсырма.
Келесі кестені толтырып, түсіндіріп беріңдер.
Шығын ведомості
Тауар Саны Бағасы Соммасы ҚҚС Квадраттық түбірі
Парта 15 2500 37500 5625 193,6491673
Орындық 32 1500
Диван 2 32000
Жалюзи 9 21500
Компьютер 16 80000
Диск 53 35
Стенд 24 3210
Барлығы:
Орташа саны: 21,57142857

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға электрондық кестені құру және оны толтыру жолдары туралы жалпы мағлұмат беру.
7)Үйге тапсырма § 8.4, бет. 103-106
Берілгендерді форматтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.