Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Excel кестелік процесорында дерек базасымен жұмыс істеу  EXCEL-дегі дерек базасы  EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері. Дерек базасын -

Excel кестелік процесорында дерек базасымен жұмыс істеу EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері. Дерек базасын

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2302 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: 13-бөлім. Excel кестелік процесорында дерек базасымен жұмыс істеу. 13.1-тақырып. EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері. Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.
Сабақтың мақсаты: EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі дерек базасы. EXCEL-дің дерек базасын жазбалармен орындалатын жұмыс туралы түсінік қалыптастыру;
Білімділік: EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері, дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау
баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, тақта.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. ДБ –сын жобалудың міндеттері неден тұрады?
2. ДБ жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?
3. Қазіргі кезде компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ қандай түрлерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
13-бөлім. EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу.
13-1 –тақырып. EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері.
Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:
1. Дерек базаларын құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауға;
2. сақталған дерек базаларын ашуға және оларды түзетуге;
3. Дерек базаларын жазбаларды, өрістерді қосуға;
4. дерек базасындағы жазбаларды, өрістерді өшіруге;
5. жазбалардың, өрістердің мазмұнын көшірмелеуге және ауыстыруға;
6. дерек базасындағы жазбаларды қарауға және іздеуге;
7. жазбалардың мазмұнын өсу немесе кему реті бойынша сұрыптауға;
8. берілген параметрі бойынша деректерді сұрыптауға;
9. есеп беруде басуға, яғни принтерге шығаруға.
EXCEL- де деректер базасы жол және бағандармен ұқсас құрылады, мұнда кестенің бағаны -өріс, ал әрбір жолы – жеке жазба болып табылады. Әрбір өріс бойынша ақпарат кестенің жеке ұяшықтарына енгізіледі, мысалы, біздің кестеде Фамилиясы, аты деген тақырыбы бар, туған жылы деген тақырыбы бар және т.б. бағандарға енгізілген. Егер дерек базасын жеке бетке орналастырсақ, онда онымен жұмыс істеу едәуір жеңіл болады.
Егер бірнеше дерек базасын бір ретте орналастыратын болсақ, онда бұдан былай бұл деректер базасымен жұмыс істеу өте күрделі болады. Өйткені нақты деректер базасы үшін ұяшықтар ауқымын әрқашан көрсетіп отыруға тура келеді.

Өрістердің аты бар жол мен нақты деректердің арасында бос жол қалдыруға болмайды.
Өріс атауы 255 символдан аспауы қажет, бірақ жұмысқа ыңғайлы болу үшін өріс атауларының қысқа болғаны жөн.
Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.
Деректер жазбасын экранда көру үшін меңзерді деректер базасының кез келген ұяшығына орналстырыңдар да Данные –форма командасын орындаңдар.
Деректер базасында жазба іздеу үшін Айналдыру батырмасын немесе Назад және Далее батырмаларын қолдануға болады. Жазба табылғаннан кейін өзгерістер енгізуге болады. Егер дерек базасы өте үлкен болса критерий батырмасын қолдануға болады.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Оқулық: 208, 209, 210 беттегі тапсырмалар. Практикум: 13.1, 13.2 тапсырмалар.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?
2. Данные- форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?
V. Үйге тапсырма беру. Оқулық : 205 беттегі тапсырма.
Excel кестелік процесорында дерек базасымен жұмыс істеу. 13.1-тақырып. EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері. Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.
VI. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.