Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Файлдар, бумалар, жарлықтар. Бумалар мен жарлықтарды құру және олардың атын өзгерту. Бумалар иерархиясы. -

Файлдар, бумалар, жарлықтар. Бумалар мен жарлықтарды құру және олардың атын өзгерту. Бумалар иерархиясы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2162 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Файлдар, бумалар, жарлықтар. Бумалар мен жарлықтарды құру және олардың атын өзгерту. Бумалар иерархиясы.
Мақсат: Оқушылардың файлдар, бумалар және жарлықтар ұғымдары туралы білімін қалыптастыру және оларды пайдалана білуді үйрету .
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды файлдар, бумалар, жарлықтар ұғымымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Терезе және түрлері?
2) Терезе элементтері?
3) Терезені қолдану тәртібі?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Дискілердегі (қатқыл дискілердегі, дискеттердегі, магниттік оптикалық дискілердегі, компьютерлік жинақы дискілердегі және т.б.) ақпарат файлдарда сақталады. Файл – бұл дискідегі немесе басқа ақпарат тасуыштағы атау берілген аймақ. Файлдарда бағдарламалардың мәтіні, бағдарламаны орындауға дайын құжаттар және кез келген басқа мәліметтер сақталады.
Windows-та тапсырмалардың көпшілігін орындауда файлдармен және қапшықтармен жұмыс істеуді қамтиды. Компьютерде файлдарды сақтау жүйесі ретінде Windows, картотеканың мазмұны сақталынатын қағаз қапшыққа ұқсас, қапшықтың құрылымын пайдаланады.
Файл. Бағдарлама сияқты сондай атау берілген мәліметтер жинағы, бағдарлама пайдаланатын мәліметтер жинағы немесе пайдаланушы дайындаған құжат. Файл мәліметтердің бір жинағын екіншісінен ажыратуға компьютерге мүмкіндік беретін сақтаудың негізгі бірлігі болып саналады. Файлға жинақталған мәліметтерді пайдаланушы шығарып оқиды, өзгертеді, жояды, сақтайды немесе принтер, электрондық пошта бағдарламалары сияқты шығару құрылғыларына жөнелте алады.
Қапшық. Пайдаланушының графикалық интерфейстеріндегі бағдарламалар мен файлдарға арналған, кеңсе қапшығының түріндей таңбаша көмегімен экранда бейнеленетін, контейнер. Қапшықтар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды ретке келтіру үшін пайдаланылады және файлды да, сондай ақ басқа қапшықтарды да қамти алады.
Қапшықтарда типтері әр түрлі файлдар – құжаттар, музыкалық клиптер, кескіндер, бейнелер, бағдарламалар және б. болады. Жаңа қапшықтар дайындауға және оларға басқа орындардан – басқа қапшықтардан, басқа компьютерлерден немесе Интернеттен файлдарды көшірмелеуге немесе орын ауыстыруға болады. Қапшықтардың ішінде қапшықтар дайындауға болады.
Мысалы, егерде файлдарды дайындау мен сақтау үшін «Менің құжаттарым» қапшығы пайдаланылса, онда осы файлдарды орналастыру үшін осы қапшықтың ішінде жаңа қапшық дайындауға болады. Егерде жаңа қапшықты басқа орынға ауыстыру қажет болса, онда оны еш қиындықсыз ішіндегілермен бірге мауспен жаңа орынға тасымалдауға болады.
Жарлық. Компьютерде немесе желіде қатынауға болатын бағдарлама, файл, қапшық, диск, веб-бет, принтер немесе басқа компьютер сияқты кез келген элементке сілтеме. Жарлықты жұмыс үстелі, Іске қосу менюі сияқты әр түрлі аймақтарға немесе нақты қапшықтарға орналастыруға болады.
Операциялық жүйе немесе басқа бағдарламалар файлға қатынай алу үшін файлдардардың белгілері бар болуы тиіс. Бұл белгіні әдетте файлдың атауы деп атайды.
Windows XP операциялық жұйесінде файлдарды белгілеу екі бөліктен тұрады: атау мен кеңеюден. Жиірек атауы мен кеңеюді бірге файлдың атауы деп атайды. Бұл ешқандай шатастыруды тудырмайды. Файлдың атауында 1-ден 254-ке дейін символдар бола алады.
Файлдардың атауларында келесі символдарды пайдалануға болады:
1. Атау мен кеңею бас және жолдық латын әріптерінен, цифр мн символдардан тұра алады - _ $ # & @ ! % ( ) { } ' ' ~ - тіптен файлдың атауы бірден артық нүктелерден тұра алады.
2. Бос аралықтар
3. Символдар +,; = []
4. 127-ден аса кодтары бар белгілері, жекелей алғанда, орысша әріптері.
Сонымен, файлдардың ұзын атауларында басқарушылар деп аталатындардан (31-ге дейінгі коды (тамғасы)бар) және \ / : * ? " < > ! символдардан басқа барлық символдарды пайдалануға болады.
Бұл файлдар мен каталогтарға көрнекті жіне түсінікті атауларды теруге мүмкіндік береді. Мысалы, өнімдердің бағалары туралы Астанаға жіберілетін хаттың файлын былай атауға балады: Өнімдердің бағалары туралы Астанаға хат. Осы атауға файлды дайындаған бағдарламаға сәйкес келетін кеңеюді үстемелеу тілегі болады, мысалы Microsoft Word үшін .DOC — бұл файлмен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Сонымен, файлдың атауы: Өнімдердің бағалары туралы Астанаға хат.doc.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Файл деген не?
2 Бумалар дегне не?
3 Жарлық деген не?
4 Жарлықты құру тәсілдері?
5 Бумалар не үшін қажет?

6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға файлдар, бумалар және жарлықтар туралы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 3.4, бет. 89-93
Файлдар мен қапшықтар. Жаңа қапшықтар құру. Таңбашалар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.