Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Форма, форма конструкторы және макеті -

Форма, форма конструкторы және макеті

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2370 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Форма, форма конструкторы және макеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Білімділікке, сауаттылыыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.
Тәрбиелігі :Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы:Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілеттін біріктіріп, пәнге
деген қызығушылығын арттыру .
Сабaқтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақ ты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.
1. Бас мәір дегеніміз не?
2. Бас мәзірдің қатарын айт
3. Проектілер терезесі дегеніміз не?
4. Visual Basic ортасының бөлктерін түсіндір?
5. New парағын түсіндір?
4. Existing парағын түсіндір?
5. Recent парағын түсіндір?
6. Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
7. Visual Basic қосымшасын қалай сақтаймыз?
8. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
9. Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?
Осы жауаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын.
Жaңа сабақ:
Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнын жасау үшін қызмет атқаратын басты терезені Форма деп атайды. Ол орындалған кезеңде көзге көрінбейтін нүктелі тордан тұрады. Тор пайдаланушының формадағы объектілердің дұрыс орналасуы үшін қызмет атқарады. Форма форма конструкторы терезесінде орналасады. Форма макеті терезесі қосымша орындалғанда программалаушыға форманың экранның қай жеріне шығатынын көрсетіп тұрады. Форманың экранға шығатын орнын өзгерту үшін программалаушы макеттегі форманың бейнесін курсормен шертіп қалаған жеріне сүйреп апарып қоюына болады.
Пайдаланушы Форма мен оның конструкторы терезелерінің өлшемдерін кәдімгі Windows терезелеріндегі әдістерді қолдану арқылы, өзінің қалауы бойынша өзгертіп алуына болады.
Егер экранда Форма көрінбесе, онда оны келесі командаларды орындап шығаруға болады:
1. Бас менюден View-Object командасын орындау арқылы;
2. Shift+F7 функциональды клавишаларын басу арқылы;
3. Project терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы
Жаңа сабақты бекіту : Ол үшін балаларға жаңа сабақтаң бірнеше сұрақтар қоя отыры сабақты аяқтаймын .
Үйге тапсырма : Форма, форма конструкторы және макеті
Сабақты қортындылау : Жаңа материалды пысықтау, Оқушылардың менгерген білімдерін талдау , бағалау .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.