Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Графикалық  редакторының сурет салу құралдары. -

Графикалық редакторының сурет салу құралдары.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1474 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ашық сабақ
Пәні: Информатика
Күні: 19.12.2014 ж.
Сыныбы: 5 “А”
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторының сурет салу құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Paint графикалық редакторының сурет салу құралдарымен және олардың мүмкіндіктерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой – өрісін дамыту, компьютерде Paint редакторының құрал – саймандарымен сурет салуды үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, суретті кестелер, бағалау парағы.

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру

Өткен материялды қайталау сұрақтары:
• Графикалық редактор дегеніміз не?
• “Paint ” сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
• Графикалық редактор бізге не үшін қажет?
• Расторлық бейнелер неден тұрады?
• Paint редакторын қалай іске қосамыз?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Оқушылар екі топқа бөлініп түстер бойынша тақырыптар таңдайды.





Таңдалған түстер бойынша сәйкестендіру кестесін толтырып, оны қорғайды (7 минутта аяқтаулары қажет).

Әр топқа техникалық диктант таратылады, оны орындап, талдайды.
Сергіту сәті: Бауырсақ
Тапсырмалармен жұмыс
1 - тапсырма
Оқушылар өз қалауы бойынша суреттердін біреуін, Paint редакторында салады және салынған сурет ішіне текст енгізеді.



2 – тапсырма
Шыршаның суретін салып, оның бірнеше көшірмесін шығарады.


Сабақты бекіту сұрақтары:
• Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
• Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
• Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
• Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
• Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

Үйге тапсырма: Paint графиктік редакторының құралдарын жаттау.
Рефлексия (Флешка, диск, дискета суреттерін қолдану арқылы өз ойларын білдіреді).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.