Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Информатика білгірлері мен тапқырлары -

Информатика білгірлері мен тапқырлары

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1745 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Бекітемін»
______________________ Оқу ісінің меңгерушісі
«_____»________ 2013 ж

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: Информатика білгірлері мен тапқырлары
Мақсаты:
1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін
нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті
ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық,
ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге
қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, логикалық тапсырмалар.
Қатысатындар: 8-10 сынып оқушылары (әр сыныптан 6 оқушыдан)
Өтілетін орны: АКТ залы

Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ-қазылар алқасы. «Информатика білгірлері мен тапқырлары» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 8-10 сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туды адамға
Сайыс кезеңдері: Бұл сайыс 7 кезеңнен тұрады:
І кезең. «Таныстыру» (командалар өз атын, ұранын және жасаған эмблемаларын таныстырады).
ІІ кезең. «Кім епті?» (команданың бір мүшесі шығып, өзгелерге заттық сипаттаманы айтады, команда мүшелері сипаттама бойынша зат атауын табу керек)
ІІІ кезең. «Кім жүйрік?» (алдарыңызға берілген құралдар мен жабдықтарды дербес компьютерге жалғау керек. Жалғанған компьютер дыбыстық, жеке фалдармен жұмысты қамтамасыз ете алуы тиіс. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі).

IV кезең. Үй тапсырмасы. Компьютерге байланысты таныстырылым құру.
Шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында анимацияларды пайдалана отырып, эффект беру. 1 бет болатын презентация. 5 минут уақыт беріледі.
V кезең. «Ойлы болсаң озып көр». Интернетпен жұмыс істеу қабілеттерін анықтау мақсатында әр команда сайтта электронды почта ашу, пароль өзгерту, файл жіберу керек.
VI кезең. «Тапқырлық» сұрақ - жауап
ҮІІ кезең. «Ширату» Компьютердің айналасындағы әзіл-қалжыңдар.
VІIІ кезең. Қорытынды, марапаттау.

Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін береді деген үмітпен шақырылған әділ-қазыларды таныстырайын.
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мамбетиярова Жадыра апай, Ахметова Мира апай.
2. Директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Еркінбекова Ардақ апай.
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Төлежанова Меруерт апай
4. Мектебіміздің бағдарламашысы Мұхтар ағай.
Бізде баллдық жүйе 5,10 деп алынып отыр. 5-бұл жерде төменгі ұпайды білдіреді, 10-ең жоғарғы ұпайды білдіреді. Сайыстың әр кезеңінен кейін ұпай саны бірден беріліп отырады.
Өмірге өзек болған нақты ғылым
Әлемге ақпараттың шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің,
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын
Бүгінгі кеште өз білімдерімен сайысқа түскелі келіп отырған сайыскерлерімізді таныстырып өтелік. 8-10 сынып оқушыларынан құрылған «Google» тобы, «Интерфейс» тобы, «Эврика» тобы
І кезеңі. Таныстыру (командалар өз атын, ұранын және жасаған эмблемаларын таныстырады).
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып.
О толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Т.Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Ендеше сайысымыздың келесі кезеңіне кезек берейік.

ІІ кезеңіміз «Кім епті?». Сайыстың шарты бойынша әрбір командаға 6 сурет көрсетіледі. Команданың әрбір мүшесі шығып, өзгелерге заттық сипаттаманы айтады, команда мүшелері сипаттама бойынша зат атауын табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз, - деп, сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
ІІІ кезең. «Кім жүйрік?». Алдарыңызға берілген құралдар мен жабдықтарды дербес компьютерге жалғау керек. Жалғанған компьютер дыбыстық, жеке фалдармен жұмысты қамтамасыз ете алуы тиіс. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі.
IV кезең. «Үй тапсырмасы». Компьютерге байланысты таныстырылым құру.
Сайыстың шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында анимация, эффект беру отырып, 1 бет болатын презентация құру. Қорғауға 5 минут уақыт беріледі.
V кезең. «Ойлы болсаң озып көр». Интернетпен жұмыс істеу қабілеттерін анықтау мақсатында әр команда сайтта электронды почта ашу, пароль өзгерту, файл жіберу керек.

VI кезең. «Тапқырлық»
Келесі кезеңді бастайық
Ұяшықтарды ашайық.
Асығыстық қылмаймыз,
Ұпайларды жинаймыз –
Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
І топ
1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)
3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)
4. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)
6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм)
7. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауда қолданылмайтын ұғым (ұяшық)
8. Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт)
9. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл)
10. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

ІІ топ
1. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж)
2. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD-ROM)
3. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )
4. Компьютерде орындаатын программалар қандай топтарға жіктеледі? (Жүйелік, қолданбалы, программалау).
5. Дүние жүзіндегі ең бай адам? (Билл Гейтс)
6. Аталған байттар тізбегі (файл)
7. Адам мен компьютер арасындағы қарым –қатынас (Интерфейс)
8. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус )
9. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)
10. Стандартты программалар (Блокнот, Word Pad, Paint, Калькулятор)
ІІІ топ
1. Дискілерді оқу құрылғысы (диск енгізгіш)
2. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
4. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60-70 см)
5. 1 Кбайт қанша байтқа тең (1024 байт)
6. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (Backspase)
7. Компьютермен жұымс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан)
8. Сандардың аталу және жазылу тәсілі (санау жүйесі)
9. Ең алғашқы программа жазған ғалым (Ада Лавлейс)
10. Принтер түрлері (Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш)
***************************
ҮІІ кезең. «Ширату». Бұл кезеңде әр команданың бір мүшесі шығып, компьютерге байланысты 3 әзілін ортаға салады. Әзілдері ұнамаған топтар шығып отырады.
***************************
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма,
Туыс, досқа, сыныптас таныс емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос, соға берме,
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ- жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың, бар жеңіске.

VІIІ кезең. Қорытынды, марапаттау.
Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға директордың оқу–ісі жөніндегі орынбасары Мамбетиярова Жадыра апайды шақырамыз.
Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.
Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды! Баршаңызға көп-көп рахмет!

№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі

Сыныптан тыс жұмыс

«Информатика білгірлері мен тапқырлары»
топтық сайыс
Сыныптары: 8-10 сынып оқушылары

Информатика пән мұғалімдері: Омарбекова С.К.
Калиева Э.Ж.


Қызылорда қаласы, 2013 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.