Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Информатикадан сыныптан тыс сабақ "Компьютерді озат меңгерген сынып" -

Информатикадан сыныптан тыс сабақ "Компьютерді озат меңгерген сынып"

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 423 | Просмотров: 2932 | Размер: 125.5 Kb | Автор:
. «Компьютерді озат меңгерген сынып» сайысы
"Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе - білім"
М.Әуезов
Ойын мақсаты:
• Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
• Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;
• Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

Жүргізуші: Армысыңдар, бүгінгі «Компьютерді озат меңгерген сынып» атты сайысқа жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер! Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік.
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ бағасын беретін әділ-қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.

Жүргізуші:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып – дей келе ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушылардан құралған 5 «А» «Принтер» тобы және 5»Ә» «Модем» топтарын қошеметпен ортаға шақырайық.
Ойын 6 турдан тұрады:
Жоспары:
1-тур «Түсті қарындаш»
2-тур «Аквариум»
3-тур «Адасқан сөз»
4-тур «Сиқырлы сурет»
5-тур «Үздік көшбасшы»
6-тур «Тосын сый»
1-тур. «Түсті қарындаш»
Үлестірме қағаздағы әрекеттердің дұрысын жасыл қарындашпен, дұрыс емесін қызыл қарындашпен бояңыздар. Әрбір дұрыс жауапқа - l ұпай. Жоғарғы ұпай 14 ұпай

Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі - байт Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі.
Себет жойылған құжаттарды уақытша сақтайды Дыбыс колонкасы дыбыс енгізуге арналған
WordPad сурет салуға арналған редактор Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы
1 Кбайт 1024 Мбайтқа тең Пернетақтаның пернелерін жеңіл, тоқпақтамай басу керек
Монитор ақпаратты экран бетіне шығаруға арналған құрылғы. Адам мен монитор арақашықтығы 80-90 сантиметр болу керек.
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болады 1 байт 8 битке тең
Монитор компьютердің миы. Информатика ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым.
Жүргізуші:
Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысымыздың 2-турына кезек берейік.

2-тур «Аквариум»
Экранға әр түрлі балықтар және Paint графикалық редакторы терезесінің элементтері бейнеленген сурет шығарылады. Оқушылардың берілген сурет бойынша балықтардың санын, экрандағы элементтер атауларын дәптерлеріне жазып шығуына 2 минут уақыт беріледі. Уақыт біткен соң оқушылардың дәптеріне жазылған дұрыс жауаптар анықталады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. Жоғарғы ұпай 10 ұпай.

Жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
3-тур. «Адасқан сөз»
Шарты: орыны ауысқан әріптерден сөз құрастыру және артық сөзді тауып, неге артық екенін түсіндіру. Әр сөзге 1 ұпайдан, артықс сөзді тапқанына 2 ұпай.
1. терчесвин – винчестер, такедис – дискета, акткомпксди – компакт – диск, ссорецпро – процессор («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)
2. рептьюком – компьютер, тамикатема – математика, изакиф – физика, лиягоибо – биология («компьютер» артық. Ол пәнге жатпайды.)
3. марамгроп – программа, кышма – мышка, дакротре – редактор,енюм – меню («мышка» артық. Ол құрылғы.)
4. резете – терезе, инрпрет - принтер, оритном– монитор,репнетақат – пернетақта («терезе» артық. Ол құрылғы емес.)
Жүргізуші: 1 ,2 және 3 -турдың қорытындысын әділ-қазы мүшелерінен сұрайық.
Енді, «Білекке сенген заманда- ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», -деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

Жүргізуші: «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, ойынымыздың 4-турын бастайық.
4-тур. «Сиқырлы сурет»
Ойын шарты: Ұяшықтар таңдау арқылы астында жасырылған сұрақтарға жауап беру.
1. Бұтақ орнына мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)
2. Терезе дегеніміз не және терезенің қанша түрі бар? (жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. Терезенің 4 түрі бар: Қапшық, Қолданбалы, Сұхбат, Анықтамалық терезесі)
3. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск-Все программы-Стандартные - Paint)
4. Ақпараттың өлшем бірлігін өсу реті бойынша айтыңыз? (бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт)
5. Windows-тың негізгі және арнайы объектілеріне нелер жатады? (негізгі:қапшық, файл, жарлық, таңбаша, программа, құжат. Арнайы: Менің компьютерім, Менің құжатттарым, Себет, басқару панелі, басты мәзір)
6. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
Жүргізуші :
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен-дей отырып, «Үздік көшбасшы» турын бастаймыз.
5-тур. «Үздік көшбасшы». Әр топтың көшбасшысы электрондық оқулықта берілген тапсырманы орындайды. Уақыт 1-минут. Жоғарғы ұпай 5 ұпай.

Жүргізуші: 4 жән 5-турдың қорытындысын әділ-қазы мүшелерінен сұрайық.
Өмірге өзек болған нақты ғылым,
Халқымның жүрегіне шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын- дей келе «Тосын сый» турын бастайық.

Әр топтан 1 оқушы шығып, тосын сый таңдайды. Уақыт 3 минут. Жоғарғы ұпай 10 ұпай.

1 – тосын сый. «Электорвоз» тақырыбына сурет салу
2 – тосын сый. «Шыршалар» тақырыбына сурет салу
3 – тосын сый. «Құрақ көрпе» тақырыбына сурет салу
4 – тосын сый. «Аққалалар» тақырыба сурет салу

Жүргізуші:
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек әділ-қазыларда. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).
Теректей тамырыңды жайып терең,
Жете бер жақсы күнге халықпенен.
Тулаған толқындардан тайсалмасын,
Ақпарат мұхитында алып кемең
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Компьютерді озат меңгерген сынып» сайысын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.