Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көпөлшемді  жиымдар. Екіөлшемді  жиым элементтерімен жұмыс. -

Көпөлшемді жиымдар. Екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2726 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Көпөлшемді жиымдар. Екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға көпөлшемді жиымдар туралы толық мағұлмат беру.
Бірөлшемді және көпөлшемді жиым арасындағы айырмашылықты түсіндіру , программа
құру барысында көпөлшемді жиымдарды қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Көп өлшемді жиымдар туралы толық мағұлмат бере отырып,
оқушыларды программа құруға дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,жинақылыққа және жауакершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
1.Жиым дегеніміз не?
2.Қарапайым және күрделі типтерді қалай ажыратамыз?
3.Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
4.Индекс дегеніміз не, оларға қандай талап қойылады?
5.Жиым элементтерімен индекстерінің типтері қандай болуы мүмкін?
6.Жиымды қалай сипаттаймыз?
Жаңа сабақты түсіндіру
Паскальда жиым өлшеміне шек қойылмаған,іс жүзінде бір және екі өлшемді жиымдар жиі қолданылады. Жалпы бірөлшемді жиым математикада вектор, ал екіөлшемді жиым матрица ұғымдарымен сәйкес келеді.Егер жиым атауында бір ғана индекс болса,онда ол жиым да бірөлшемді,ал екі индекс болса,екіөлшемді n индексі болса, n өлшемді жиым дейді. Мысалы:
A[i]- бір,D,j]-екі,C[l,j,k]- көпөлшемді жиым болып табылады.
Информатикада жиі қолданылатын екіөлшемді жиымдар матрица деп те аталады.Екіөлшемді жиым жол және бағаннан тұрады.Жолды і индексімен,бағаннан j индексімен белгілесек,онда екіөлшемді жиым A[i,j] деп жазылады.
Мысалы 10 7 15
2 10 25
2 жол,3 бағаннан тұратын екіөлшемді жиым, A[2.3] деп белгіленеді.
Бұл мысалдағы екіөлшемнің программада жазылуы:
A[1..2,1..3] integer
Компьютермен жұмыс
№1. Екіөлшемді А (3,3) жиым элементтерін енгізу және шығару программасын құру керек.
program esep mas;
uses crt;
var i,j:integer;
A: array [l..3,1..3] of integer;
Begin clrscr;
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
begin
writeln(`engiz a[`,i,`,`,j,`]`);
readln(a[i,j]);
end;
for i:=1 to 3 do
begin
for j:=1to 3 do
write (a[i,j]:3);
Writeln; end;
R
.eadln; end.
2. Екіөлшемді жиым элементтерінің қосындысын және көбейтіндісін табу.
program esep 1;
uses crt;
var i,j,s,k:integer;
A: array [l..3,1..3] of integer;
Begin clrscr;
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
begin
writeln(`engiz a[`,i,`,`,j,`]`);
readln(a[i,j]);
end;
for i:=1 to 3 do
begin
for j:=1to 3 do
write (a[i,j]:3);
writeln; end;
k:=1; s:=0;
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
s:=s+a[i,j];
for i:=1to 3 do
for j:=1to 3 do
k;=k*a[i,j];
writeln(`s=`,s): writeln(`k=`,k);
readln; end.
Сабақты бекіту сұрақтары

• Бірөлшемді және екіөлшемді жиым математика тілінде қалай аталады?
• А[i,j] жиым элементтері қалай сипатталады?
• Жиымды қалай сипаттаймыз?

Үйге тапсырма: 5,5 тақырыпты оқу , 139 бет , 1-2 жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.