Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасаудың негізгі командалары. Қолданбалы программаларды жіберу. -

Каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасаудың негізгі командалары. Қолданбалы программаларды жіберу.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4379 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасаудың негізгі командалары. Қолданбалы программаларды жіберу.
Мақсат: Оқушылардың каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасаудың негізгі командалары туралы білімдерін қалыптастыру. Қолданбалы программалармен жұмыс істеуге үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Операциялық жүйе дегеніміз не?
2) Операциялық жүйе не үшін қажет?
3) Интерфейс деген не?
4) Операциялық жүйе қалай жіктеледі?
5) Тұйық жұмыс ортасы деген не?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютерде файл және қапшық аттарын және қай жерде олардың орналасқанын біле отырып жұмыс істесеңдер, оларды қапшықтар терезесінің немесе Проводник көмегімен іздеу қолайлы. Бірақ бұл жағдайда іздеп жатқан файлдарынңның қай жерде орналасқанынн білу қажет. Мұндай жағдайда Windows ОЖ-де Найти деп Windows командалары көмекке келеді.
Бұл команда компьютерлеріңнің қандай жерінде болса да орналасқан құжаттардың файлдарын, программаларды, қапшықтарды және тіпті желіден тұтас компьютерді жылдам іздеп табуға мүмкіндік береді. Объектіні оның аты, жасалған күні, өлшемі, типі, мазмұны немесе бұл параметрлердің жеке комбинациялары бойынша табуға болады. Мысалы, Найти командасынан өткен айда Word мәтіндік редакторы жасаған «информатика» сөзі бар барлық файлдарды көрсетуді немесе өлшемі 100 килобайттан кем барлық файлдарды және т.б. табуды сұрауға болады.
Объектіні немесе объектілер тобын тауып, олармен әдеттегі қапшық терезедегідей Найти командасының терезесінде тікелей жұмыс істеуге немесе ол сақталған қапшыққа өтуге болады.
Комнаданы шақыру үшін мына әрекеттер тізбегін орындаймыз:
Пуск – Главное меню – Найти – Файлы и папки
Экранда үнсіз келісім бойынша активті жағдайға келтірілген, онда нені іздеу керек екенін көрсетуге болатын Имя и Местонахождение қосымшасы бар Найти комнадасының диалогтік терезесі пайда болады.
Тапсырма №1. Найти комнадасының көмегімен Ученик ФИО қапшықтарыңды табыңдар.
1. Пуск-Найти-Файлы и папки әрекеттер тізбегін орындаңдар
2. Найти командасының диалогтік терезесінде Имя и местонахождение қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.
3. Имя өрісіне Ученик ФИО -өз қапшықтарыңның атын енгізіңдер.
4. Найти батырмасын шертіңдер.
5. Егер қапшық табылса, онда терезенің төменгі бөлігінде қапшықтарыңның орналасқан жерін табу жолы көрсетіледі, сендер оны осы терезеде ашуларыңа болады.
6. Егер қапшық табылмаса, онда терезенің төменгі бөлігінде «бұл түрде бейнеленетін объектілер жоқ» деген хабарлама шығады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Файл, қапшықтарды іздеуді қалай жүзеге асырамыз?
2. Компьютердің уақыты мен күнін қалай өзгертуге болады?
3. Жұмыс үстелі реңінің өрнегін баптау қалай жүзеге асырылады?
4. Экран заставкасын орнатуды қалай жүзеге асырамыз?.
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға файлдар, дискілер және каталогтармен жұмыс жасау командалары туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 6.4, 6.5, бет. 65-80
Файлдар мен қапшықтар іздеу. WINDOWS –ты баптау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.