Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кесте элементтерi: жол, бағана, ұяшық. -

Кесте элементтерi: жол, бағана, ұяшық.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2305 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Кесте элементтерi: жол, бағана, ұяшық.
Мақсат: Оқушылардың кестелік процессорлардағы кестелердің элементтерін қолдану туралы білімдерін қалыптастыру. Кестелік процессорда жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды электронды кесте элементтерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
MS Excel қалай қосамыз?
MS Excel-дің жұмыс парағы дегеніміз не?
MS Excel жұмыс кітабы дегенді қалай түнесіңдер?
MS Excel-де құжатты қалай сақтаймыз??
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Берілгендерді ұяшыққа енгізу.
Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп аламыз. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің бірімен тиянақтау керек:
енгізу пернесін басу
формула жолындағы символмен берілген батырманы басу
басқа ұяшықтағы курсорды шерту
жұмыс ұяшығының бағыттауышы пернелер көмегімен шығу.
Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі. Кері жағдайда мәтін келесі бағанның шекарасында үзіледі.
Кестенің элементтерін белгілеу.
Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істеу үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту керек. Формужолының сол жағындағы, аспаптар тақтасының астында жұмыс ұяшығының мекені көрініп тұрады. Мысалы, А1.
Белгілеу кестелермен жұмыс істеуді жылдам және жеңіл орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер бірнеше ұяшықта қарайтылған қаріп болу керек болса, онда оны әрбір ұяшықта жасап жатпай, қажет аумақты белгілеген соң керекті атрибуттар қойылады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Берілгендерді ұяшыққа енгізу ережелері?
2. Кестенің элементтерін белгілеу қалай жүзеге асырылады?
Тапсырма.
Берілгендерді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.
Парақты келесі мазмұнда рәсімдеңдер.
1. Кестелік процессорды іске қосыңдар.
2. Үлгі ретінде ұсынылған кестені құрыңыз.

1 Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге)
2 Аты-жөні Қазан Қараша Желтоқсан Барлығы
3 Салимжанов 5300 4500 6000
4 Михайлов 2500 3600 5000
5 Аубакиров 800 1630 4500
6 Садыкова 1000 1500 2000

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға кестенің элементтері туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 8.2, бет. 98-102
Excel –ге берілгендерді енгізу және редакциялау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.