Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кесте және оларды қою. -

Кесте және оларды қою.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1483 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Кесте және оларды қою.
Мақсат: Оқушылардың WORD редакторында кесте құру тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. WORD редакторында жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды WORD редакторында кесте құру жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) MS Word процессорын қалай іске қосуға болады?
2) Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады?
3) Форматтау тақтасына қандай операциялар жатады?
4) Жаңа MS Word құжатты қалай ашады:
5) MS Word құжатын қалай сақтауға болады?
3)Жаңа сабаққа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Кестелерді жасау әдістері. «Кесте» түсінігімен барлығымыз таныспыз. Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте бағанмен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін. Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады:
1-әдіс
Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте менюіндегі Қою – Кесте командасын таңдаңдар. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қойыңыз.
Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автоформат батырмасын басу арқылы автоматты түрде форматтауға болады. Терезенің төменгі жағындағы қосымша батырмалар таңдалған стандартты типтегі кестеге қосымша рәсімдер жасауға мүмкіндік береді.
2-әдіс
Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу батырмасын шерту арқылы құруға болады. Ашылған терезеде керекті ұяшық сандардан тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қоюға болады.
Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегімен жүзеге асырылады.
Жаңа жолды қосу үшін Кесте менюіндегі командаларды орындау арқылы және курсорды оң жақ бұрыштағы төменгі ұяшыққа орналастырып, Tab пернесін басу арқылы жеңіл орындауға болады. Сондықтан алдын ала керек жолдар санын ойластырып жатпай, қажет болғанда жаңа жолды қоса аласыз.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. WORD –да кесте құру әдістері?
2. Кестедегі қозғалыс қандай перенелер көмегімен жүзеге асырылады?
3. Кесте дегеніміз не?
Тапсырма.
Кесте құру.
1. WORD мәтіндік процессорды қосыңыз.
2. Төменде берілген бос кестені құрыңыз.
3. Әр түрлі әдісті қолданып, кестені қойыңыз.

Фамилия Аты Әкесінің аты Туған жылы Сыныбы




6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға WORD редакторында кесте құру және олармен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 7.7, бет. 85-89
Кестелермен жұмыс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.