Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Компьютер бөліктерінің негізгі қызметтері. Программалық басқару принципі. Программалық қамсыздандырудың құрамы мен құрылымы. -

Компьютер бөліктерінің негізгі қызметтері. Программалық басқару принципі. Программалық қамсыздандырудың құрамы мен құрылымы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3002 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Компьютер бөліктерінің негізгі қызметтері. Программалық басқару принципі. Программалық қамсыздандырудың құрамы мен құрылымы.
Мақсат: Оқушылардың компьютер бөліктерінің қызметтері және оның бағдарламалық қамсыздандыруы туралы білімдерін қалыптастыру. Программалық басқару принципін жүзеге асыруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды компьютердың негізгі бөліктерінің қызметтерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютер құрылысы ажырата білу дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Талапқа сай таланты да, білімді оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. Жаңа типті компьютердің негізгі құрауыштарын атап шығыңдар?
2. Аналық тақша құрауыштарын атап шық?
3. Монитор неге арналған?
4. Мақсатына қарай ДК-лер қандай топтарға бөлінеді?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Микропроцессор (МП) – бұл ДК-нің орталық блогы, ол машинаның барлық блоктарының жұмыс басқаруға және ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындауға арнлған.
Микропроцессор немесе, әдетте оны процессор деп атайды, компьютердің миы болып табылады. Процессордың негізгі бөліктері – арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері.
Арифметикалық-логикалық құрылғыда сандық және символдық ақпараттармен арифметикалық және логикалық операциялар орындалады.
Басқару құрылғысы компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын үйлестіреді, яғни белгілі бір басқару сигналдарын қалыптастырып, қажетті уақыт кезеңдерінде оларды жіберіп тұрады, операцияларды орындау үшін жад ұяшықтарының адрестерін пішімдейді де, бұл адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес блоктарына жібереді.
Процессордың сипаттамасын тактілік жиілігі мен разрядтылығы айқындайды. Процессордың тактілік жиілігі мегагерцпен өлшенеді. 1 МГц тактілік жиілік процессордың секундына бір миллион қарапайым операция орындауына парапар. Компьютердің өнімділігі ішкі жад көлеміне, процессордың тактілік жиілігіне, процессордың разрядтығына, кеңарна разрядтығына байланысты.
Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етіп, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды.
Компьютердің ішкі жады реттелген электрондық элементтердің жиынтығынан тұрады. Әрбір элемент екі тұрақты қалыптың бірінде ғана болады. Яғни, ол екілік разряд болып табылады немесе бір бит ақпарат сақтайды.
Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады және қашан болса да, қандай да болса міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.
Процессор мен жадты ақпараттық кеңарна немесе ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасымен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады.
Деректер шинасы мен адрестер шинасынан басқа жүйелік шинаға машинаның барлық блоктарына нұсқаулар беруге арналған командалар шинасы мен электрқоректену жүйесіне ДК блоктарын қосуға арналған қоректендіру шинасы кіреді
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Ішкі жадта ақпарат қалай сақталады?
2. Ақпараттық кеңарна деген не?
3. Процессор қандай қызмет атқарады?
4. Тактілік жиілік деген не?
5. Басқару құрылғысы не істейді?
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға компьютердің бөліктерінің қызметтері және компьютерді программалық басқару принципі туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 5.1, бет. 51-60
Дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеуі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.