Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Компьютер - әмбебап ақпараттық машина. Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпартты өңдеу құралы -

Компьютер - әмбебап ақпараттық машина. Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпартты өңдеу құралы

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5007 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Компьютер - әмбебап ақпараттық машина. Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпартты өңдеу құралы.
Мақсат: 1)Оқушылардың компьютер жайлы білімін қалыптастыру; 2) Оқушылардың информатика ғылымы жайлы білімін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды компьютер есептеуіш құрылғысымен таныстыру.
Дамытушылық – Оқушылардың ақпараттық білімін дамыту. Компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Тест алу
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Ақпарат өзімен-өзі болмайды.Ол іздестірудің ,жинаудың, сақтаудың, жеткізу мен өң-деудің және пайдаланудың барысында, басқаша айтқанда, ақпараттық процестерде айқындалады.
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер. Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды.
Ақпаратты автоматты түрде өңдеу-адамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде компью-тер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді
Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін ;

Мәтіндік ақпарат : Оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар т.б.

Сандық ақпарат; көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хокей ойынындағы есеп т.б.
Графикалық ақпарат : Суреттер,схемалар, сызбалар, фотосуреттер т.б
Музыкалық (дыбыстық) ақпарат : дыбыстар, музыка, сөз.

Бейне ақпарат түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы объектілер.

Компьютердің аппараттық құралдары:
- кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсеті-луде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;
- ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды, аралық есеп-теулердің нәтижелерін сақтауға арналған компьютер жадынан;
- мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы- процессордан;
- өңдеу нәтижелерін кері кодтауда және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;
- бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпарат-тық кеңарнадан тұрады.
Мәліметтерді бағдарламалармен өңдейді. Бағдарлама-нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.
Бағдарламалық құралдар- әр түрлі мақсатттарға арналған бағдарламалар жиынты-ғы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.
Олар:
- жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өң-деуді
- қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
- бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
Мәтіндік, графикалық, дыбыстық , сандық, ибейнелік мәліметтерді өңдеуге ар-налған, редакторлар мен бағдарламалар бар.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Компьютер дегеніміз не?
2. Информатика ғылымы нені зерттейді?
3. Мәліметтер дегеніміз не?
4. Компьютерде мәліметтердің қандай түрлері өңделеді?
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға компьютер құрылғысы туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 1.3, бет. 18-20
Компьютер деген не.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.