Меню
Назад » » »
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері
загрузка...

загрузка...
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретінinformatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.
Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Үйге тапсырма: 1.1 тақырып. Ақпарат. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 447 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar